Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2029.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
758.27 Кб
Скачать

Биология

1. Ботаника ғылымы зерттейді

A) Балықтарды

B) Өсімдіктерді

C) Барлық тірі ағзаларды

D) Былқылдақденелілерді

E) Құстарды

2. Ақ зеңнің жіпшумақ жіпшелері ... тұрады.

A) көп жасушадан

B) үш жасушадан

C) төрт жасушадан

D) екі жасушадан

E) бір ғана жасушадан

3. Қорытылмаған қалдықтарды қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарады

A) лямблия.

B) вольвокстер.

C) кірпікшелі кебісше.

D) талшықтылар.

E) амебалар.

4. Жемін аулау үшін тор құратын буынаяқтылар:

A) Өрмекшілер.

B) Қоңыздар.

C) Жәндіктер.

D) Кенелер.

E) Шаянтәрізділер.

5. Ми сауытына жатпайтын сүйек:

A) жақ

B) маңдай

C) төбе

D) шүйде

E) самай

6. Өттің түзілуі:

A) Ұлтабарда.

B) Ұйқы безінде.

C) Бауырда.

D) Аш ішекте.

E) Қарында.

7. Шартсыз және шартты рефлекстер туралы ілімді ашқан ғалым-

A) В.В.Парин.

B) А.А.Ухтомский.

C) И.П.Павлов.

D) И.М.Сеченов.

E) И.И.Мечников.

8. АТФ синтезделетін өсімдік жасушаларының органоидтары:

A) Пластидтер.

B) Лизосомалар.

C) Эндоплазмалық тор.

D) Вакуольдер.

E) Жасуша мембранасы.

9. Жыныс жасушалары бөлінеді:

A) Митоз жолымен

B) Мейоз жолымен

C) Амитоз жолымен

D) Жынысты жолмен

E) Коньюгация жолымен

10. Қосалқы тамыр дамиды :

A) ұрық сабақшасынан.

B) негізгі тамырдан.

C) ұрық тамыршасынан.

D) сабақтан.

E) тұқым жарнағынан.

11. Тек жылы жақта өседі

A) Асқабақ

B) Мақта

C) Қияр

D) Картоп

E) Қызан

12. Күнбағыстың өсуіне қолайлы топырақ-

A) Құм.

B) Қара топырақ.

C) Саз.

D) Құнарсыз топырақ.

E) Сұр топырақ.

13. Үйректің аталығы:

A) Кежек.

B) Ұябасар.

C) Мекиен.

D) Атақаз.

E) Қораз.

14. Адамның тірек-қимыл жүйесін құрайтын

A) Шеміршекті ұлпа.

B) Жүйке ұлпасы.

C) Борпылдақ талшықты ұлпасы.

D) Қан.

E) Көп қабатты эпителий ұлпасы.

15. Ми бағанасына кіретін бөлігі

A) Үлкен ми сыңарлары.

B) Соматикалық жүйкелер.

C) Шеткі жүйке жүйесі.

D) Сопақша ми.

E) Мишық.

16. Көктамыр қаны деп аталатын қан

A) ішектерден ағып шыққан қан.

B) оттегіне қаныққан қан.

C) мочевинаға қаныққан қан.

D) глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан.

E) көмірқышқыл газына қаныққан қан.

17. Балаларда мешел ауруының дамуы мына витаминнің (дәруменнің) жетіспеуінен болады-

A) В12

B) А

C) Д

D) С

E) В1

18. Митохондрия қызметі:

A) Рибосома түзеді.

B) Фотосинтезге қатысады.

C) Бөлінуге қатысады.

D) Әр түрлі заттарды жинайды.

E) Жасушаның энергия орталығы қызметін атқарады.

19. Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық заттың алғашқы түзушісі болатын биогеоценоз:

A) Дала.

B) Шөл.

C) Су қоймасы.

D) Орман.

E) Батпақ.

20. Тостағанша және күлте ... құрайды:

A) гүлсерікті.

B) гүлтабанды.

C) аталықты (тычинка).

D) аналықты.

E) гүлсағақты.

21. Қағаз алуға қолданылады

A) Балқарағай

B) Самырсын

C) Шырша

D) Қайың

E) Терек

22. Зәйтүн ағашы, жоңышқа, гүлді жасымақшаның отаны:

A) Оңтүстік Батыс Aзия орталығы.

B) Орталық Aмерика орталығы.

C) Жерорта теңізі орталығы.

D) Оңтүстік Aзияның тропиктік орталығы.

E) Шығыс Aзия орталығы.

23. Адамдағы атавизм:

A) Шонданай сүйегі.

B) Құлақ қалқаны.

C) Соқырішегі.

D) Көп емшектілік.

E) Көздегі үшінші қабақ.

24. Кальцийдың жинақталуына әсер ететіндер -

A) тамыраяқтылар.

B) ұлулар.

C) бактериялар.

D) маржандар.

E) көк-жасыл және қызыл балдырлар.

25. Қалдықсыз технологияның қамтитыны-

A) жел энергиясын пайдалану.

B) термальдық жылу энергияны пайдалану.

C) күн энергиясын пайдалану.

D) мұхиттың кинетикалық энергиясын пайдалану.

E) атмосфераға зиянды заттар бөлмейтін тұйық жүйені пайдалану.

БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]