Қазақ әдебиеті
1. Толағайдың ата-анасының есімдерін көрсетіңіз. A) Ержан-Күнсұлу. B) Мержан-Майра. C) Мұрат-Айна. D) Нұржан-Сайра. E) Саржан-Айсұлу. |
2. Біржан салдың "Жанбота" өлеңінің шығуына себеп болған жайтты табыңыз. A) Ел жақсысын дәріптеу. B) Көп алдында көзге түсу ниеті. C) Жақсыдан шарапат. D) Өткір ыза. E) Үстемдерге бас ию. |
3. Үмбетей қай жылы қайтыс болғанын белгілеңіз. A) 1778 ж. B) 1806 ж. C) 1878 ж. D) 1706 ж. E) 1774 ж. |
4. Шоқанның шын атын табыңыз. A) Жақып. B) Ақжігіт. C) Сәдуақас. D) Мұхаммедқанафия. E) Ибраһим. |
5. С. Торайғыровтың туған жерін табыңыз. A) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы B) Қостанай облысы, Амангелді ауданы C) Көкшетау облысы, Қызылту ауданы D) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы E) Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы |
6. Камила, Балташ, Ескендір атты кейіпкерлердің қай шығармада кездесетіндігін табыңыз. A) «Қартқожа». B) «Ақбілек». C) «Рабиға». D) «Ел қорғаны». E) «Мансапқорлар». |
7. Б.Майлиннің өзі өмір сүріп отырған заман талабына жауап ретінде жасалған замандас бейнесін белгілеңіз. A) Күлпаш, Мәриям. B) Мырқымбай, Жындыбаев. C) Айранбай, Егеубай. D) Арыстанбайдың Мұқышы. E) Раушан, Азамат. |
8. Ж.Жабаевтың 1941 жылы жарық көрген атақты өлеңін табыңыз. A) «Майданға хат». B) «Сұраншы батыр». C) «Ленинградтық өренім». D) «Алынбас қамал». E) «Өтеген батыр». |
9. М.Мақатаевтың 1973 жылы «Жалын альманахында» жарияланған шығармасын табыңыз. A) «Аққулар ұйықтағанда». B) «Поэзия». C) «Райымбек, Райымбек». D) «Жан азасы». E) «Моцарт». |
10. ’’Қорқыт ата’’ кітабында нақыл, мақал-мәтелдер қалай кездесетінін белгілеңіз. A) Өте аз кездеседі. B) Жиі ұшырайды. C) Тек оқиғалы әңгімеге құрылған. D) Мүлде жоқ. E) Батырлық жырлар ғана бар. |
11. «Диуани лұғат ат-түрік» кітабының авторын табыңыз. A) М.Қашқари. B) С.Сараи. C) Әл-Фараби. D) Ж.Баласағұн. E) А.Яссауи. |
12. ’’Қобыланды батыр’’ жырында: Тоқтарбайдың жылқыда, Тоқсан құлы бар еді. Тоқсанының бастығы - кім екенін белгілеңіз. A) Қосдәулет. B) Қазан. C) Тоқтарбай. D) Естеміс. E) Қараман. |
13. А.С.Пушкин жазып алған қазақ жырын табыңыз. A) "Айман-Шолпан". B) "Қозы Көрпеш- Баян сұлу". C) "Алпамыс батыр". D) "Ер Тарғын". E) "Қобыланды батыр". |
14. Асан қайғы: ’’Шабылып жатқан халқың бар, аймағың көздеп көрмейсің!’’- деп кімге айтқанын анықтаңыз. A) Батырға. B) Ханға. C) Жастарға. D) Мұңсыздарға. E) Халыққа. |
15. «Зар заман ақындары» деген ақындарды анықтаңыз. A) Ақтамберді, Жиембет, Шалкиіз. B) Сәкен, Ілияс, Мағжан. C) Махамбет, Шернияз, Алмажан. D) Асан қайғы, Бұқар жырау. E) Дулат, Шортанбай, Мұрат. |
16. «Әттең, бір қапы дүние-ай» өлеңінің авторын көрсетіңіз. A) Мұрат Мөңкеұлы. B) Шортанбай Қанайұлы. C) Әбубәкір Шоқанұлы. D) Міржақып Дулатұлы. E) Мағжан Жұмабайұлы. |
17. С.Мұқановтың поэзиялық шығармасын табыңыз. A) “Ботагөз”. B) “Сырдария”. C) “Балуан Шолақ”. D) “Ш.Уәлиханов”. E) “Сұлушаш”. |
18. Солақай сыншылар «Абай жолына» көк сүңгі сілтеп, М.Әуезов басына әңгір таяқ ойнатқанда ара түсіп, мақала жазған жазушыны табыңыз. A) Ғ.Мұстафин. B) А.Тоқмағамбетов. C) Ғ.Мүсірепов. D) Т.Жароков. E) С.Мұқанов. |
19. Ш.Айтматовтың «Кездесу» әңгімесінде ұрыларды іздеу кезінде балаға кімнің кездескенін табыңыз. A) Жолаушы. B) Керуенші. C) Бейтаныс шал. D) Досы. E) Ана. |
20. Қазтуған өзі жайлы қай өлеңінде айтқанын белгілеңіз. A) Барлық өлеңдері. B) ’’Алаң да алаң, алаң жұрт’’. C) ’’Мадақ’’. D) ’’Белгілі биік көк сеңгір’’. E) ’’Әрайна, билер, әрайна’’. |
21. "Әй, Махамбет жолдасым" деген өлеңді шығарған кім екенін анықтаңыз. A) Исатай. B) Ығылман. C) Махамбет. D) Ақтамберді. E) Дулат. |
22. «Түйеде қом, атта жал, Қалмады елге тығындап» деген тармақтарының А. Құнанбаевтың қай өлеңінен алғандығын табыңыз. A) «Мәз болады болысың». B) «Сабырсыз, арсыз, еріншек». C) «Сегіз аяқ». D) «Болыс болдым мінеки». E) «Жаз». |
23. Көрінгенге көз сүзген көрсеқызар, Әдепсіз қыз дейсің ғой әлде қалай..,- деген қай кейіпкердің сөзі табыңыз. A) Баян сұлу. B) Еңлік. C) Жамал. D) Қамар сұлу. E) Айман. |
24. «Күн-күйеу, жер-қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сондай күшті»,- деген Абайдың өлең жолдарындағы бейнелеу құралын көрсетіңіз. A) Эпитет. B) Гипербола. C) Теңеу. D) Метафора. E) Аллегория. |
25. Т.Рысқұлов жайындағы романның авторы кім екенін табыңыз. A) С.Шаймерденов. B) Б.Қыдырбекұлы. C) Қ.Ысқақов. D) О.Бөкей. E) Ш.Мұртаза.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
