Биология
1. Ағаш сүрегін зақымдайтын паразит саңырауқұлақтар A) пеницилл. B) ағашқұлақ. C) мукор. D) қаракүйе. E) қастауыш. |
2. Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын бактериялар: A) Ауру туғызытан бактериялар. B) Түйнек бактериялары. C) Сүтқышқыл бактериялары. D) Топырақ бактериялары. E) Шіріту бактериялары. |
3. Қандай паразиттік құрттардың тіршілік циклі иесінің ауыстырылуымен жүреді? A) Бауырсорғыш. B) Ақ сулама. C) Аскарида. D) Жауын құрты. E) Острицалар. |
4. Аяқтары бірнеше бунақтардан құралатын жәндіктер: A) Бунақденелілер. B) Көп қылтанды құрттар. C) Буынаяқтылар. D) Буылтық құрттар. E) Былқылдақденелілер. |
5. Қимыл әрекетін реттейтін мидың бөлігі A) Сопақша ми. B) Көпір. C) Орталық ми. D) Мишық. E) Аралық ми. |
6. Сүтқоректілердің зәр шығару мүшесі: A) Бүйрек B) Өкпе C) Өңеш D) Кеңірдек E) Қарын |
7. Қасаң қабық пен көз бұршағының арасы ... толтырылған. A) ауамен B) лимфамен C) шыны тәрізді денемен D) жаспен E) сулы ылғалмен |
8. Автотрофты қоректенетін ағзалар: A) Адам. B) Саңырауқұлақтар. C) Вирустар. D) Жануарлар. E) Өсімдіктер. |
9. Гуанинге комплементарлы нуклеотид: A) Цитозин. B) Аденин. C) Гуанин. D) Урацил. E) Тимин. |
10. Тоз дегеніміз A) Тірі жасушалардың бір қабатынан тұратын жабын ұлпа. B) Құрамында пластидтері бар жасушалардан тұратын негізгі ұлпа. C) Механикалық ұлпа, өсімдікке мықты серпімділік береді. D) Өлі жасушалардың бірнеше қабаттарынан тұратын жабын ұлпасы. E) Бөліну жасушаларынан тұратын түзуші ұлпа. |
11. Раушангүлділер тұқымдасына жататын жабайы өсетін шөп: A) Шпинат. B) Ебелек. C) Сексеуіл. D) Көкнәр. E) Итмұрын. |
12. Алабұғаның көктамыр қаны ағатын қантамыры A) Құрсақ қолқасы. B) Арқа қолқасы. C) Желбезектен денеге баратын қан тамырлары. D) Жүректен шыққан қан тамырлары. E) Бас салатамыры. |
13. Тироксин гармонның жетіспеушілігінен үлкен адамдарда дамиды A) Микседема B) Кретинизм C) Базед ауруы D) Алып тұлға E) Қант диабеті |
14. Бұлшықет жұмысы оң әсерін тигізеді: A) Тек сүйекке. B) Тек жүрекке. C) Тек бұлшықетке. D) Тіршілік, іс әрекеттің біраз түріне. E) Түгел ағзаға. |
15. Эритроциттердің түзілуі: A) Өкпеде. B) Қарында. C) Миокардта. D) Сүйектің қызыл кемігінде. E) Бауырда. |
16. Қарында ақуыз ыдырататын фермент A) триопсин B) тирозин C) пепсин D) адреналин E) инсулин |
17. Сперматогенез нәтижесінде дамиды: A) жұмыртқа жасушасы B) сперматозоидтар C) зигота D) гамета E) І-ші реттік сперматозоид |
18. Табиғи экожүйелер - A) егістік. B) саябақ. C) дала. D) бақша. E) бау. |
19. Жер ғаламшасының пайда болу кезеңі A) - 3,8 млрд жыл бұрын B) - 2,5 млрд жыл бұрын C) - 2 млрд жыл бұрын D) - 4,55 млрд жыл бұрын E) - 3,5 млрд жыл бұрын |
20. Тіршілігінде тым болмаса бір рет гүлдейтін өсімдіктің аталуы: A) бір жылдық. B) екі жылдық. C) гүлді. D) шөптектес. E) көп жылдық. |
21. Бір гүлдің аталық тозаңы сол гүлдің аналық аузына түсуі: A) Бунақденелілермен тозандану B) Айқас тозандану C) Өздігінен тозандану D) Жасанды тозандану E) Жел арқылы тозандану |
22. Былқылдақденелілердің құрылысының құрттардан ерекшелігі A) Денесі кутикуламен қапталған. B) Денесі бақалшақпен қапталған, оның ішінде тері қатпаршақ-мантия орналасқан. C) Денесі бунақтардан тұрады. D) Денесі сегменттелген, басы болады. E) Денесі созылыңқы, кірпікшелермен қапталған. |
23. Комбинативтік өзгергіштік дегеніміз: A) митоз барысында генетикалық материал көшірмесі B) гаметалардың кездейсоқ қосылып, жаңа үйлесімдердің түзілуі C) сыртқы орта жағдайына әсері D) хромосома құрылысының өзгеруі E) хромосомалар санының өзгеруі |
24. Қорғаныш реңге жатады: A) Пішіні бұтаққа ұқсас жұлдызқұрт. B) Шағатын жабайы араның түсі. C) Зебрдің ашық өрнегі. D) Усыз жәндіктердің улы жәндіктерге ұқсауы. E) Ханқызының есте қалатын айқын түсі. |
25. Өсімдіктің құрлыққа бейімделе бастау дәуірі: A) Мезозой. B) Палеозой. C) Архей. D) Кайнозой. E) Протерозой.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
