География
1. Ұсақ масштабты картаны ажыратыңыз: A) 1:2 000 000. B) 1:200 000. C) 1:2 000. D) 1:200. E) 1:20 000. |
2. Үгілу дегеніміз: A) жел жұмысы. B) қатты жыныстарды жел арқылы ауыстыруы. C) жыныстардың жиналуы барысында отыруы. D) тау жыныстарының күйреуі. E) циклонның әсері. |
3. Жердің су қабығы: A) Биосфера. B) Атмосфера. C) Литосфера. D) Гидросфера. E) Ионосфера. |
4. Бұл елдің халық саны 1990 ж.санақ бойынша 1 млрд. 134 млн. адам. A) Ресей. B) Үндістан. C) АҚШ D) Қытай. E) Бангладеш. |
5. Антарктида жағалауларында өмір сүретін жер шарындағы ең үлкен сүтқоректі: A) Көк кит. B) Кашалот. C) Дельфин. D) Касатка. E) Пингвин. |
6. Азиядағы ірі тау жүйесі. A) Орал. B) Карпат. C) Тянь-Шань. D) Альпі. E) Алтай. |
7. Бурабай курорты орналасқан тау. A) Қарқаралы. B) Баянауыл. C) Көкшетау. D) Мұғалжар. E) Маңғыстау. |
8. Қазақстандағы миллионер-қала. A) Қарағанды. B) Астана. C) Орал. D) Тараз. E) Алматы. |
9. Күнделікті тұрмысқа қажетті техника, теледидар, т.б. өнімдер шығарылады: A) Алматыда. B) Астанада. C) Семейде. D) Петропавлда. E) Аягөзде. |
10. Тауда табиғат зонасының алмасып келуі ... деп аталады. A) ендік зоналылық. B) биіктік белдеулілік. C) табиғат кешендері. D) таулы зона. E) зоналылық. |
11. Қазақстандағы негізгі алюминий кендерінің орналасқан жері. A) Бетпақдала. B) Үстірт. C) Алтай. D) Мұғалжар. E) Торғай үстірті. |
12. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел. A) Муссон. B) Арыстанды-Қарабас. C) Сайқан. D) Ебі. E) Бриз. |
13. Шығыс-Еуропа жазығының Қазақстан бөлігіндегі негізгі өзендерді атаңыз. A) Сырдария, Іле, Амудария. B) Сора, Торғай, Лепсі. C) Нұра, Шу, Ақсай. D) Жайық, Жем, Ойыл. E) Ертіс, Тобыл, Селеті. |
14. Өндірістің өнім шығаруға бөлетін шығыны (теңгемен есептегенде) ... деп аталады. A) мамандану B) ұлттық табыс C) кіріктіру (интеграция) D) өзіндік құн E) жеке бір салаға мамандану |
15. Қарағанды көмірін пайдаланатын негізгі өнеркәсіп салалары: A) Тамақ, түсті металлургия. B) Көлік, қара металлургия. C) Жеңіл, орман. D) Химия, машина жасау. E) Металлургия, химия. |
16. Шығыс Қазақстанның маманданған саласы A) түсті металлургия B) мақта өңдеу C) мұнай химия D) көмір өндіру E) қара металлургия |
17. Жаңа индустриалды елдер. A) Гонконг, Ветьнам. B) Қытай, Тайланд. C) Бразилия, Уругвай. D) Аргентина, Мексика. E) Корея, Сингапур. |
18. Батыс Еуропаның қара металлургия ауданы: A) Рур. B) Фин. C) Рейн. D) Ланкашир. E) Мидленд. |
19. Бразилияның астанасы. A) Форталеза. B) Бразилиа. C) Ресифи. D) Рио-де-Жанейро. E) Сан-Паулу. |
20. Ең ірі аралдық доғалар аймағы- A) Үнді мұхитында. B) Теңіздерде. C) Атлант мұхитында. D) Солтүстік Мұзды мұхитында. E) Тынық мұхитында. |
21. Географиялық қабықтағы ырғақтылық … A) табиғат кешендерінің қалыптасу тарихы. B) табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен әрекеттесуі. C) табиғат компоненттері мен кешендерінің өзгеруі. D) адамдардың шаруашылық іс-әрекеттері. E) белгілі бір құбылыстардың уақыт ішіндегі қайталануы. |
22. Арал теңізін зерттеген ғалымдар: A) Семенов, Мушкетов. B) Сәтбаев, әл-Фараби C) Глинка, Герасимов, Неуструев. D) Северцев, Берг. E) Уәлиханов, Борщов, Рубрук. |
23. ... негізгі дәнді-дақыл күріш болып есептеледі. A) Солтүстік Америкада B) Африкада C) Оңтүстік-шығыс Азияда D) Австралия және мұхиттық аралдарда. E) Оңтүстік-батыс Азияда |
24. БҰҰ-ның экологиялық конференциясы 1972 жылы ... өтті A) Берлинде B) Лондонда C) Хельсинкиде D) Стокгольмде E) Ослода |
25. Австралияда халықтың ... қалада тұрады. A) 74 % B) 54 % C) 86 % D) 44 % E) 70 %
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
