ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2027 - НҰСҚА
2013
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Еріндік дауыстылар қатарын толықтырыңыз:Ұ, ү, у, о, ... A) Е. B) Ы. C) Ө. D) А. E) И. |
2. Бірыңғай үнді дауыссыздарды көрсетіңіз. A) Ф,к,қ. B) Х,һ,ц. C) М,н,ң. D) Т,с,ш. E) В,г,ғ. |
3. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз. A) -да, -де. B) -т. C) -қыз, -кіз. D) -ын, -ін. E) -ған, -ген. |
4. Қосарлану арқылы жасалған күрделі зат есімді анықтаңыз. A) Бала бақша. B) Ақшағала. C) Сантиметр. D) Ауыл-аймақ. E) Жауын. |
5. Өздік етісті табыңыз. A) Кидірді. B) Киісті. C) Кию. D) Киілді. E) Киінді. |
6. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеулік шылауларды табыңыз. A) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері. B) Ғана, -ды,-ді. C) Дейін, шейін, таман, қарай. D) Арқылы, жайында, жөнінде. E) Қатар, бірге, қабат. |
7. Еліктеу сөзден жасалған қос сөзді табыңыз. A) Жалт-жұлт. B) Әке-шеше. C) Қап-қара. D) Ат-мат. E) Бала-шаға. |
8. Есім сөз бен септеуліктен жасалған тіркесті табыңыз. A) Табыстан-табысқа. B) Жол жүру. C) Қарқыны үдей түседі. D) Бала сияқты. E) Бірін-бірі. |
9. Сөйлемдегі қойылмаған тыныс белгісін табыңыз. Біздің үйге келгендер Сәбира, Жекен, Ардақ әңгімелесіп ұзақ отырды. A) Сызықша. B) Нүкте. C) Дефис. D) Көп нүкте. E) Қос нүкте. |
10. «Ескі» деген ұғым тұлғасында айтылатын cөзді көрсетіңіз. A) Көне. B) Судай жаңа. C) Жаңа. D) Жауыр болған. E) Тың. |
11. Диалект сөзді табыңыз. A) Мұзжарғыш. B) Бәтеңке. C) Ғарыш. D) Шәугім. E) Жерұйық. |
12. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын әріптерді көрсетіңіз. A) о, у B) и, т C) б, д D) ф, в E) ы, і |
13. Қатыстық сын есімді ажыратыңыз. A) Мейірімді. B) Аласа. C) Биік. D) Көк. E) Ащы. |
14. Бастауыш қызметіндегі белгісіздік есімдігін табыңыз. A) Мен бақыттымын. B) Кейбіреудің көнгісі келмеді. C) Біреулер жайраңдап жүріп жатыр. D) Күн қабағы түйілді. E) Өз көзіммен көрдім. |
15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A) Поэзия алыбы. B) Түлен түрту. C) Аралас-құралас. D) Соқпақ жол. E) Көшеге шығу. |
16. Тура толықтауышқа лайықты қосымшаны көрсетіңіз. A) Сазды жер. B) Ақылды бала. C) Ол бүгін барған-ды. D) Ол барды. E) Қағазды әкел. |
17. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. B) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. C) Әбіш келгелі, ауыл жастары бұл үйден шықпайтын болды. D) Абай Ерболдың ақындығын бұрын да білуші еді, бірақ көңіл аудармаған. E) Ексең егін, ішерсің тегін. |
18. Қыстырма сөзді табыңыз. A) Тәйт. B) Жандарым-ау. C) Амал нешік. D) Жоқ. E) Ойбай. |
19. Публицистикалық стильге қайсысы тән, табыңыз. A) Интервью. B) Поэма. C) Роман. D) Повесть. E) Скетч. |
20. Синонимдік қатарды көрсетіңіз. A) Арып-талып, асығып. B) Қанды ауыз, ашушаң. C) Көкпар тарту, атқа шабу. D) Ат төбеліндей, азын-аулақ. E) Тұңғыш, орташа. |
21. Шығыс жалғауында тұрған сөзді табыңыз. A) Hағашыммен. B) Жолдасыммен. C) Газеттің. D) Жатақханада. E) Баспаханадан. |
22. Топтау сан есімнің сұрақтарын табыңыз. A) Қай шамалы? B) Қаншадан? нешеден? C) Нешінші? D) Нешеу? E) Қанша? неше? |
23. Сөйлемнен мөлшер үстеуді белгілеңіз. Тиін онша қонақжай аң емес. A) Онша. B) Емес. C) Тиін. D) Қонақжай. E) Аң. |
24. Жайылма сөйлемді жалаңға айналдыру үшін қай сөзді алып тастауға болатынын белгілеңіз. Анасы Ұлжан ойлана қарап отырды. A) Ұлжан B) Қарап C) Отырды D) Анасы E) Ойлана |
25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. A) – Бұл біздің қойшы баланың әні – деді, анам. B) – Бұл біздің қойшы баланың әні, деді - анам. C) – Бұл - біздің қойшы баланың әні,- деді анам. D) – Бұл, біздің қойшы баланың әні: деді анам. E) – Бұл - біздің қойшы баланың әні, деді - анам.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Қазақ халқының құрамындағы ірі тайпалардың бірі және Орта жүздің руы: A) Найман. B) Дулат. C) Адай. D) Үйсін. E) Қаңлы. |
2. Ноғай Ордасымен шекарасы ортақ емес мемлекет: A) Сібір хандығы. B) Әбілхайыр хандығы. C) Қазан хандығы. D) Моғолстан. E) Астрахан хандығы. |
3. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар: A) Қасым мен Тұрсын B) Есім мен Тұрсын C) Керей мен Жәнібек D) Жәнібек пен Жолбарыс E) Әбілхайыр мен Әбілмәмбет |
4. Кенесары қай жылы хандық билікті қолына алды? A) 1843 жылы B) 1841 жылы C) 1839 жылы D) 1845 жылы E) 1847 жылы |
5. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар: A) байлар B) Молдалар мен имамдар C) билер D) батырлар E) Шыңғыс тұқымдары |
6. Ш.Уалиханов қағазға түсірген эпикалық шығарма A) «Алпамыс» B) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» C) «Манас» D) «Қобыланды» E) «Қыз Жібек» |
7. Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы шыққан жыл: A) 1916 жылы. B) 1918 жылы. C) 1917 жылы. D) 1915 жылы. E) 1914 жылы. |
8. Алашорда үкіметінің құрылған жылы: A) 1920ж. B) 1918ж. C) 1917ж. D) 1922ж. E) 1921ж. |
9. 1954 жылғы тарихи оқиға. A) Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. B) Қазақстан Республикасы құрылды. C) Алматы қаласы ҚазКСР-нің астанасы аталынды. D) Адам ғарышқа ұшты. E) Түрксіб теміржол торабы ашылды. |
10. Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең A) Энеолит B) Қола дәуірі C) Неолит D) Темір дәуірі E) Палеолит |
11. Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы A) Скифтер B) Номадтар C) Азиялық скифтер D) Турлар E) Құдретті еркектер |
12. Аса көрнекті ойшыл әрі ақын, Қазақстанда мұсылман дінінің сопылық ағымын таратушы : A) Қадырғали Жалайри. B) Жүсіп Баласағұн. C) Махмұд Қашқари. D) Ахмет Яссауи. E) Мұхаммед Хайдар. |
13. Қазақ-бұхар соғысы өткен аралық: A) 1601-1620 жж. B) 1603-1624 жж. C) 1620-1635 жж. D) 1635-1725 жж. E) 1603-1628 жж. |
14. 1694 ж. Тәуке хан 1Петрмен елші Аталықов арқылы келісім жасады A) Қазақ жерін Ресейге қосу B) Қазақ орыс қатынастарын дамыту C) Бір-біріне соғыс ашпау D) Қазақ жерінің дербестігін сақтау E) Сауда байланысын күшейту |
15. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы ұсынысын қабылдаған патша: A) I Елизавета. B) Анна Иоанновна. C) II Анна. D) I Екатерина. E) II Екатерина. |
16. ХХ ғасырдың басында 15 десятинадан асатын егістік жері бар топ A) ауқатты шаруа B) кедей C) орта шаруа D) батырақ деп аталады E) кулак |
17. Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды: A) 1937ж. B) 1946ж. C) 1933ж. D) 1938ж. E) 1942ж. |
18. Рейхстаг терезесінің біріне ту тіккен қазақстандық жауынгерлер: A) З.Тұрарбеков пен А.Еремеев. B) Х.Көбеков пен Н.Шелихов. C) Р.Қошқарбаев пен Г.Булатов. D) И.Сьянов пен Х.Қайдауов. E) К.Мәденов пен Р.Караманов. |
19. Прагада Варшава шарты ұйымының жұмысы тоқтатылды A) 1991 жылы B) 1985 жылы C) 1988 жылы D) 1987 жылы E) 1989 жылы |
20. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі: A) б.з.б. VІІ ғасыр B) б.з.б. VІ ғасыр C) б.з.б. IІІ ғ.басы D) б.з.б. ІІ ғ.ортасы E) б.з.б. ІV ғасырдың соңы |
21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы A) Б.Е.Көмеков B) Рубрук C) Рузбихан D) В.В.Бартольд E) Сына-Цянь |
22. XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар: A) Әбілқайыр хан B) Есім хан, Қасым хан C) Өзбек хан, Тоғылық-Темір D) Тәуке хан, Хақназар хан E) Тәуекел хан |
23. Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы A) Бейтарап болды B) Жеңген жаққа шығуға дайын тұрды C) Тек Ресей әскерін қолдады D) Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты E) Тек Қоқан ханын қолдады |
24. Ресейде алғашќы халыќ санағы өткен жыл? A) 1900 ж B) 1895 ж C) 1904 ж D) 1897 ж E) 1887 ж |
25. Семей облысы, Шұбартау ауданының комсомол ұйымы бастама көтеріп, мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырды: A) 1980ж. B) 1979ж. C) 1960ж. D) 1968ж. E) 1971ж.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
