Дүние жүзі тарихы
1. Ертедегі Қос өзен мемлекетінде қолданылған жазу түрі: A) Буындық жазу. B) Түйіндік жазу. C) Иероглифтер. D) Сына жазу. E) Әліпбилік жазу. |
2. Гректердің Трояға жорықтары туралы жазылған туынды. A) Геродоттың тарихы. B) Гомердің “Одиссея” поэмасы. C) Аргонавтар туралы мифтер. D) Гесиодтың өлеңдері. E) Дедал мен Икар туралы миф . |
3. Араб феодалдарының езгісіне қарсы Бабек басқарған жиырма жылға созылған көтерілістің болған жері: A) Ирак. B) Әзірбайжан. C) Сирия. D) Испания. E) Египет. |
4. XV ғасырдағы Франция халқының сословиелік құрамы: A) 5 сословие. B) 7 сословие. C) 4 сословие. D) 3 сословие. E) 2 сословие. |
5. Кальвинизм - бұл … A) жалпыға бірдей теңдік үшін қозғалыс. B) құдайға сенуді теріске шығару. C) протестантизм ағымдарының бірі. D) билікті шектеуге бағытталған қоғамдық қозғалыс. E) жеке меншікті жою үшін қозғалыс. |
6. XIX ғасырдың І жартысында «әлем шеберханасы» аталған мемлекет: A) Италия. B) Англия. C) Германия. D) Франция. E) АҚШ. |
7. Екінші Лион тоқымашыларының көтерілісі болған жыл: A) 1815 ж. B) 1842 ж. C) 1834 ж. D) 1820 ж. E) 1790 ж. |
8. XІX ғ. ІІ жартысындағы орыстың ірі суретшісі, ’’Волгадағы бурлактар’’ картинасының авторы. A) Васнецов. B) Перов. C) Суриков. D) Крамской. E) Репин. |
9. 1986 жылы КСРО-ны басқарған: A) Ю.В.Андропов. B) М.С.Горбачев. C) Б.Н.Ельцин. D) К.У.Черненко. E) Л.И.Брежнев. |
10. Римнің Италияны жаулап алуды аяқтаған уақыты: A) Б.з.д. I ғасырда. B) Б.з.д. II ғасырдың аяғында. C) Б.з.д. II ғасырдың басында. D) Б.з.д. VI ғасырдың аяғында. E) Б.з.д. III ғасырдың аяғында. |
11. Славян әрпі пайда болды: A) XІІ ғасырда. B) IX ғасырда. C) XI ғасырда. D) VIII ғасырда. E) X ғасырда. |
12. “Күн қозғалмайды, Жер және басқа планеталар оны айналып жүреді”- деген тұжырым жасаған поляк ғалымы: A) Николай Коперник. B) Галилео Галилей. C) Джордано Бруно. D) Томас Мор. E) Томас Мюнцер. |
13. Ұлы Француз революциясы кезінде Ұлттық Конвентке кірген саяси топтар: A) Чартистер. B) Анархистер. C) Жирондистер мен ’’таулар’’. D) Консерваторлар мен либералдар. E) Радикалдар. |
14. XIX ғасырдың соңындағы Осман империясындағы прогресшіл күштердің жетекшілері: A) Жас түріктер. B) Сельжуктер. C) Коммунистер. D) Пантюркистер. E) Революционерлер. |
15. Жапонияның Маньчжурияны басып алған жыл: A) 1933 B) 1941 C) 1931 D) 1939 E) 1929 |
16. 1965-1973 жылдары АҚШ-пен соғысқан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекетті атаңыз: A) Вьетнам. B) Сингапур. C) Бирма. D) Қытай. E) Сирия. |
17. Йемен халқы қандай елдің отаршылдық саясатына қарсы күресті? A) Жапония. B) Израиль. C) АҚШ. D) Ағылшын. E) Франция. |
18. Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңеске қатысқан елдер саны: A) 31 Европа елі, АҚШ, Жапония. B) 51 ел. C) 30 Европа елі, Қытай, Жапония. D) 53 ел. E) 33 Европа елі, АҚШ және Канада. |
19. Өсімдік және жануарлар әлеміндегі тұқым қуалаушылық белгілерінің берілуі туралы ғылым – генетиканың негізін салғандар: A) М.В.Ломоносов пен Д.И.Менделеев. B) М.Планк пен Н.Бор. C) К.П.Павлов пен Н.И.Вавилов. D) А.Вейсман мен Т.Морган. E) Л.Пастер мен Р.Кох. |
20. Флоренцияда республиканы қалпына келтіру үшін улкен ықпал жасаған доминикандық монах: A) X Лев. B) Козимо Медичи. C) Рокфеллер. D) Лоренцо Великолепный. E) Савонарола. |
21. Әлемдік тартылыс заңын ашқан: A) Э. Резерфорд. B) И. Ньютон. C) П. Лаплас. D) Д. Джоуль. E) Г. Лейбниц. |
22. I Интернационалдын орыс секциясы ашылды: A) Женевада B) Варшавада C) Вашингтонда D) Мәскеуде E) Стамбулда |
23. АЌШ-та 1912 жылғы сайлау нәтижесінде президент болған адам: A) Т.Рузвельт. B) В.Вильсон. C) Б.Франклин. D) Г.Гувер. E) У.Тафт. |
24. 1945 жылғы Қырым конференциясында талқыланған мәселе: A) КСРО-ның Жапониямен соғыстан бас тартуы. B) Германияны бөлу. C) Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін жалпы халықаралық ұйым құру. D) Италиямен соғыс. E) Ұлттар Лигасын құру. |
25. 1980 жылы Польшада құрылған «Солидарность» тәуелсіз кәсіп одақ ұйымының басшысы: A) П.Стоянов. B) И.Илиеску. C) А.Квасьневский. D) В.Ярузельский. E) Л.Валенса.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
