География
1. Жер сілкінісі ... шкаламен өлшенеді. A) 5-балдық. B) 10-балдық. C) 100-балдық. D) 12-балдық. E) 50-балдық. |
2. Тіршілік қабаты A) стратосфера B) литосфера C) атмосфера D) биосфера E) тропосфера |
3. Монголоидтардың ... болып келеді. A) терісінің түсі қара, көзі ашық. B) терісінің түсі сары, шашы тік ашық түсті, көзі қысыңқы, бет сүйегі шығыңқы. C) терісінің түсі сарғыш, шашы бұйра, көзі ашық. D) терісінің түсі сары, шашы тік ашық, көзі жасыл. E) терісінің түсі ашық, шашы толқынды, тік. |
4. Евразияда жер шары халқының … тұрады: A) 2/4 B) 2/3 C) 1/3 D) 1/5 E) 3/4 |
5. Қазақстанмен ең ұзақ шекараласатын мемлекет: A) Қытай. B) Ресей. C) Өзбекстан. D) Түркменстан. E) Қырғызстан. |
6. Қапшағай су қоймасы орналасқан өзен: A) Қаратал өзені. B) Арыс өзені. C) Шу өзені. D) Ертіс өзені. E) Іле өзені. |
7. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні - A) 17.12.1991 ж. B) 16.12.1991 ж. C) 29.12.1992 ж. D) 03.09.1992 ж. E) 25.10.1990 ж. |
8. Маңғыстау мен Атырау-Ембі мұнайын өңдейтін жер: A) Шымкентте. B) Торғайда. C) Павлодарда. D) Қостанай. E) Атырауда. |
9. Африкадағы ең ежелгі мемлекет: A) Алжир. B) Ангола. C) Египет. D) Намибия. E) Нигерия. |
10. Тырбиып өскен, қисық ағашты орман: A) Тундра. B) Тропиктік орман. C) Арктикалық шөл. D) Орманды тундра. E) Саванна. |
11. Қазақстандағы ең терең ойыс ... A) Қарақия. B) Қаратілеу. C) Қайдақ. D) Қарынжарық. E) Қарашығанақ. |
12. Сайқан және Ебi желдерi қай таулы аудандарда соғады: A) Мұғалжар. B) Сауыр-Тарбағатай. C) Алтай. D) Жоңғар Алатауы. E) Тянь-Шань. |
13. Қазақстанның шөл зонасының топырағы: A) Сұр, қоңыр топырақ. B) Күлгiн топырақ. C) Ашық, қызғылт топырақ. D) Таулы топырақ. E) Қара, қызғылт. |
14. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі орманды дала зонасының топырағы: A) Қара топырақ B) Қызыл топырақ. C) Сортаң топырақ. D) Қоңыр топырақ E) Тақыр. |
15. Қазақстанның өнімін негізгі сатып алушылар. A) Австрия, Венгрия. B) Молдова, Украина. C) Ресей, Қытай. D) Бельгия, Дания. E) Қырғызстан, Мексика. |
16. Атырау – Астрахань темір жол торабы байланыстыратын аудандар: A) Солтүстік пен Оңтүстік Қазақстан. B) Солтүстік Кавказ елдері мен Батыс Қазақстан. C) Оңтүстік пен Батыс Қазақстан. D) Оңтүстік пен Oрта Азия. E) Ресей мен Солтүстік Қазақстан. |
17. Латын Америкасында испан тілінің таралуының басты себебі A) Брест бейбітшілік шартының нәтижесі. B) Африкадан негрлерді апаруына байланысты. C) Ұлы географиялық ашылыстардың нәтижесі. D) Васко да Гаманың саяхатының нәтижесі. E) Бірінші дүние жүзілік соғыстың әсері. |
18. Көмірді көп өндіретін .... A) Ұлыбритания. B) Австрия. C) АҚШ. D) Канада. E) ОАР. |
19. Мұнайды импорттаушы елдердің өңдеуші салаларының орналасуы A) Ірі қалаларда B) Ішкері қарай C) Кен орындарында D) Ескі өндіріс орындарында E) Портты қалаларда |
20. Атаулы масштаб 1 см = 250 км болса, сандық масштаб ... болады A) 1 : 2500. B) 1 : 25000000. C) 1 : 250. D) 1 : 2500000. E) 1 : 25000. |
21. Жер шарындағы тұрақты соғатын желдер қалай аталады: A) муссондар мен бора B) батыс желдер мен пассаттар C) пассаттар мен бриздер D) батыс желдер мен бриздер E) муссондар мен бриздер |
22. Адамдардың жаңа жерге қоныстануының нәтижесінде ... дамыды. A) егіншілік пен мал шаруашылығы B) пайдалы қазбаларды игеру C) селекциялық жұмыстар D) теңіз транспорты E) қала санының өсуі |
23. Төменвольтты аппаратура шығаратын зауыт A) Алматыда. B) Қарағандыда. C) Астанада. D) Оралда. E) Таразда. |
24. Автомобиль жасау жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. A) Ресей. B) Швеция. C) Жапония. D) Германия. E) АҚШ. |
25. «Үндістанның Руры» - деп аталған басты көмір-металлургия базасы ... A) Бомбей. B) Мадрас. C) Дамодар. D) Мангалуру. E) Калькутта.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
