- •Адам тістерінің морфологиялық сипаттамасы
- •Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері.
- •1.2.Тістің гистологиялық сипаттамасы.
- •1.3. Тістің формуласы.
- •1.4.Тістің ерекше белгілері.
- •1.6. Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе
- •1.7. Қалыпты және патологиялық тістеулер.
- •Тістердің жеке анатомиясы
- •2.1.Тұрақты тістер
- •2.1.1. Күрек тістер
- •2.1.2. Ит тістер.
- •2.1.3. Кіші азу тістер – премолярлар
- •2.1.4 Үлкен азу тістер
- •2.2. Сүт (уақытша) тістер
- •2.2.1. Күрек тістер.
- •2.2.2. Ит тістер
- •2.2.3 Үлкен азу тістер
- •2.3 Тістердің шығуы
- •2.4. Тістердің қажалуы
- •3.Тістердің қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
- •Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу.
- •5. Тіс дамуы мен ауытқулары
- •5.1. Тістердің салыстырмалы анатомиясы
- •5.2. Тістердің дамуы
- •5.3.Тіс ауытқулары.
- •Ауыз қуысы мен оның ағзаларының онтогенезі. Ауытқулары. Ауыз қуысының дамуы.
- •Ауыз бухтасы мен ішектің алдыңғы бөлімі.
- •Желбезекті аппарат және оның туындылары
- •Беттің және ауыз қуысының дамуы
- •Таңдайдың дамуы және біріншілік ауыз қуысының екіншілік ауыз қуысына және мұрын қуысына бөлінуі.
- •Сілекей бездерінің дамуы
- •Даму ақаулары
- •Тілдің дамуы
- •Сүт тістердің дамуы
- •Тістер аномалиясы (ақаулары)
- •1. Адам тістерінің морфологиялық сипаттамасы
- •1.1.Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері.
- •1.2.Тістің гистологиялық сипаттамасы.
- •1.3. Тістің формуласы.
- •1.4.Тістің ерекше белгілері.
- •1.6. Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе
- •1.7. Қалыпты және патологиялық тістеулер.
- •Тістердің жеке анатомиясы
- •2.1.Тұрақты тістер
- •2.1.1. Күрек тістер
- •2.1.2. Ит тістер.
- •2.1.3. Кіші азу тістер – премолярлар
- •2.1.4 Үлкен азу тістер
- •2.2. Сүт (уақытша) тістер
- •2.2.1. Күрек тістер.
- •2.2.2. Ит тістер
- •2.2.3 Үлкен азу тістер
- •2.3 Тістердің шығуы
- •2.4. Тістердің қажалуы
- •3.Тістердің қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
- •Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу.
- •5. Тіс дамуы мен ауытқулары
- •5.1. Тістердің салыстырмалы анатомиясы
- •5.2. Тістердің дамуы
- •5.3.Тіс ауытқулары.
- •Ауыз қуысы мен оның ағзаларының онтогенезі. Ауытқулары. Ауыз қуысының дамуы.
- •Ауыз бухтасы мен ішектің алдыңғы бөлімі.
- •Желбезекті аппарат және оның туындылары
- •Беттің және ауыз қуысының дамуы
- •Таңдайдың дамуы және біріншілік ауыз қуысының екіншілік ауыз қуысына және мұрын қуысына бөлінуі.
- •Сілекей бездерінің дамуы
- •Даму ақаулары
- •Тілдің дамуы
- •Сүт тістердің дамуы
- •Тістер аномалиясы (ақаулары)
- •1. Адам тістерінің морфологиялық сипаттамасы
- •1.1.Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНА БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Авторлары: Аубакиров А.Б., Жаналиева М.К.
Адам тістерінің анатомиясы
(адам анатомиясы бойынша оқу құралы)
Астана, 2012жыл
Кіріспе
Адам анатомиясы бойынша оқу құралы
«Адам тістерінің анатомиясы» әдістемесінде тістердің дамуы мен құрылысы берілген. Әдістемеде тұрақты және сүт тістердің жеке анатомиясы, тістердің рентген анатомиясы, тістердің пішіндері, өлшемдері, саны, тістердің орналасу ауытқулары көрсетілген.
Әдістеме стоматология факультетінің студенттеріне арналған оқу бағдарламасына сәйкестелінген. Әдістемеде көрсетілген анатомиялық терминдер Алшынбай Рақышевтің халықаралық анатомиялық номенклатурасына негізделген.
Бұл адам тістерінің анатомиясы бойынша берілген деректерді жоғарғы және орта медицина оқу орындарында оқитын стоматология факультетінің студенттері, сонымен бірге дәрігер стоматологтар мен тіс техниктеріне қолдануға болады.
Адам тістерінің морфологиялық сипаттамасы
Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері.
Тіс- тіс қатарында орналасқан, арнайы тіндер мен меншікті нерв аппараты, қан тамырлары мен лимфа тамырларынан тұратын, белгілі пішіні мен құрылысынан тұратын ағза болып табылады.
Тістер, dentes, жақсүйектерінің ұяшықтарында орналасып, тағамды механикалық өңдеуге, сөйлеу артикуляциясына қатысып, эстетикалық қызмет атқарады.
Тістің анатомиялық бөлімдері:
Сауыт, corona dentis – эмалмен қапталған, тіс ұяшығынан шығып тұратын, тістің кеңейген бөлігі. Тістің бұл бөлігін анатомиялық сауыт деп те атайды.
Мойны, collum dentis, сауыт пен түбір арасында орналасқан тістің жіңішкерген бөлігі.
Түбір, radix dentis, тіс ұяшығының ішінде орналасқан тіс бөлігі. Тіс түбірі түбір ұшымен аяқталады.
Стоматологияда клиникалық сауыт пен клиникалық түбір терминдері пайданалынады. Клиникалық сауыт деп, иектен шығып тұратын бөлікті атайды. Клиникалық сауыт жасқа байланысты иек атрофиясынан ұлғаяды, клиникалық түбір кішірейеді. Жас адамдарда сауыттың жартысы иекпен жабылған, сондықтан клиникалық сауыт анатомиялықтан кіші. Қартайған кісілерде кейбір жағдайда иектен сауытпен бірге тіс мойны да шығып тұрады. Бұл жағдайда клиникалық сауыт анатомиялықтан үлкен болады. Тістің негізін дентин құрайды, сауыт эмалмен, түбір аумағында цементпен қапталған
1-cурет. Тістің жалпы құрылысы:
1- corona dentis; 2- collum dentis; 3- radix dentis; 4- tuberculum dentale; 5- cingulum ; 6- apex radicis dentis ;7-enamelum; 8- dentinum; 9- pulpa dentis ;10- pulpa coronalis; 11-pulpa radicularis; 12- бүйір өзек; 13- cementum.
Тіс беткейлері
Тіс беткейлерінің түрлері:
1. Жабық беткейі (түйісу беткейі), facies occlusalis, қарама-қарсы жақсүйектің тістеріне бағытталған. Олар кіші және үлкен азу тістерінде болады. Ит тістер мен күрек тістердің шетінде кесетін жиек, margo incisalis түзеді. Бұл беткейлерді шайнау беткейлері, facies masticatoria, немесе шайнау жиегі margo masticatoria деп те атайды.
2. Вестибулярлы (беттік) беткей, facies vestibularis, ауыз кіреберісімен шектелген. Алдыңғы тістерде ерінге жақын беткейі еріндік, facies labialis, ал артқы ұртқа жақын беткейі ұрттық facies buccalis деп аталады.
Сурет 2. Тіс беткейлері (а), жиек (б) және білік (в).
3. Лингвалді (тілдік) беткей, facies lingualis, ауыз қуысынан тілге бағытталған. Сонымен бірге түбір беткейі және орын қабырғасы деп те аталады,ол меншікті ауыз қуысына бағытталған.
4. Түйісу беткейі, facies contactus, көршілес тістерге жақын. Онда медиалды беткейі, facies medialis, тіс доғасының ортасына жақын, ал дисталды facies distalis, тіс доғасының жиегіне жақын орналасқан бұл беткейлер апроксималды, facies aproximalis, деп те аталады. Бүйір азу тістер үшін мынадай терминдер қолданылады: алдыңғы беткей facies anterior, артқы facies posterior. Аналогиялық терминдер тіс түбірінде таралған,ал сәйкес тістің орын бөлігі орынаралық қалқаны білдіреді septa interalveolaria medialis et distalis. Әрбір тісті сипаттау және зерттеу аталған беткейлерге байланысты болады. Сондықтан осы мақсатпен вестибулярлы қалып, лингвалды қалып, жалпақ қалып және медиалды қалып деген терминдер қолданылады. «Қалып» деген мағына тістің зерттеудегі жағдайы, тістің орналасу қатарына байланысты. Мысалы, вестибулярлы қалып бұл вестибулярлы тіс беткейінен қарағанда тістің сауыты, мойыны, түбірінің сипаттамасы.
Тіс сауыты мен түбірін үштен бірге бөлу қабылданған. Осылайша,тісті перпендикулярлы білігі бойынша бөлгенде сауытында окклюзальді,ортаңғы және цервикальді, ал түбірінде цервикальді ортаңғы және апикальді бөліктерге бөледі. Вестибулярлы қалыпта сауыт аймағында медиалды ортаңғы және дисталды бөліктерге бөлінеді,олар өзара сагиталды жазықтықтармен бөлінеді.
Медиалды қалыпта фронтальді оринтерленген жазықтықтармен сауытты вестибулярлы, ортанғы және лингвальді бөліктерге бөлуге болады.
