- •Кезеңді тексеру кезінде эмө
- •Полиметалдық рудникте жарылғыш
- •Педагогикалық институттың компьютер орталығындағы 20 жұмыс орыны бар
- •Шошқа өсіретін комплекс құрылысының
- •Үй құрылыс комбинатының кассет цехының микроклиматын зерттеген кезде
- •Полировальды машина жұмысшы әйелі (33 жаста)
- •Ультрадыбысты құрылым зауыт цехының орталығында қондырылған.
- •Карбонильді әдіспен никель өндіруші цех зауытында жалпы желдету.
- •Синтетикалық жуғыш өнеркәсіп алаңында заттарды өндіру цехын жағалай, қатты жабынды төсеген.
- •Мұнай скважиналарына жөндеу жүргізгенде топырақ ластанған.
- •Фермер шаруашылығына пестицидтер әкелінді
- •Көмір шахта учаскесінде көмір комбайн көмегімен шығарылады
- •Биохимиялық зертханада жасанды жарықтандыру деңгейі: люменисцентті лампалардан 200 – 250 лк.
- •Машина құрылысы зауытының жұмысшысы к.И. Ахметов
- •Түсті металлургия өндірісіндегі еңбек жағдайларын зерттеу нәтижесінде
- •Кезеңді медициналық тексеру кезінде темір соғатын
- •Видеодисплей терминал операторының жұмыс бөлмесінде
- •Темір соғатын зауыт цехындағы штампылаушы жұмысшы
- •Медициналық тексеру кезінде шлифовальды машинаның жұмысшысы
- •Мейірбике №2 перзентханаға жұмысқа қабылданды.
- •Цехта сынапты тазалағанда және айырғанда кездейсоқ еденге 25 гр сынап төгілді.
- •Мұнай өңдеу зауытында 1 жылдың ішінде екі жұмысшыда өкпенің қатерлі ісігі
- •Мышьяк және оның қосылыстарын өндіретін химиялық зауыт
- •Механизацияланған ұсталар цехында жазғы уақытта жұмыс істеу зонасында
- •Цехтың тұрақсыз жұмыс орындарында орташа ауырлықта ( II категория ) жұмыс орындалады.
- •Бетон өндіретін үй салу комбинатында құрамына кремнийдің 60% бос қос тотығы бар силикатты
Шошқа өсіретін комплекс құрылысының
06.05.2005 ж. №143 ҚР ДСМ бекіткен «Мал және аң шаруашылығы обьектілерінің эксплуатациясы мен құрылымына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормасы қолданылады.
Мал және аң шаруашылығы обьектілерін орналастыруға жер таңдауға және үй-жайын салуға жер таңдау санитарлық қорғаныш аймағын анықтау үшін желдің бағытын есепке ала отырып, ауыз сумен қамтамасыз ету сапасына, жинау, ағынды сулар мен қиларды жоюды есепке ала отырып жүзеге аыру керек. Территорияс қоршалған болуы, обьектілердің өндірістік және арнайы сыйымдылығына байланысты бірнеше өтетін жолдары болуы керек.Территорияға кірер кезде дезинфицирленген барьерлер және санитарлық өткелмен бақылау –өткелдік пункті болуы керек. Санитарлық қорғаныс аймағының өлшемі мал шаруашылығында 5 мың басқа (шошқа) дейін шошқа өсру мен жеміне 1000 м, ал 5 мың бастан жоғары малға СҚА 2000 м болуы керек. Территория шаруашылық-әкімшілік зонаға, жем дайындау мен сақтау бөлмесі, қи сақтау және мал көметін зонаға бөлінеді. Жоба келісіміндегі шошқа шаруашылығының СҚА 550 м болуы аз, кемінде 1000 м болуы керек. Санитарлық қадағалау дәрігерінің әрекеті мал шаруашылығы обьектілерінің территориясына қойылатын талаптарға сәйкестігін, СҚА-ң бекітілуін, жарықтану, шу, вибрация жүйесі, сумен қамтуға, мал өнімі қалдықтарының жойылуы жолын есепке алып шошқа өсіретін комплекс құрылыс жобасына санитарлық –эпидемиологиялық қорытынды беру үшін қайта қарауға жіберу керек. Себебі, СҚА-ң санитарлық ережелерге сай келмеуі.
Мал шаруашылығының обьектілерін салу мен эксплуатациялауға қойылатын талптарға тоқталсақ, территориясы бойынша 50 бастан көп болғанда мал моласы пункті қарастырылуы керек.Мемлекеттік орган қызметкерлерімен бекітілген жабдықтармен жабдықталуы керек. Бұл тұрғын, үй обьекті территориясынан алыс орналасуы керек. Қиларын жинайтын сақтағыш бөлме қарастырылуы керек. Қи сақтағыш қоршалуы және обьектіге қатысты жел жағында орналаспауы керек, рельефі мал шаруашылығы ғимаратынан 100 м аз емес ара қашықтықта төмен орналасуы керек. Аула дәретханасы сиыр тұратын және басқа да бөлмелерден 25 м-ден жақын емес қашықтықта орналасуы және 3\2 бөлігі толғанда тазартылуы керек. Обьектіде жоспарлы дератизациялық шаралар, жердің рекультивациясы (рельефін тегістеу, траншей себу, котлован қою) территорияны жинау, уақытылы бөлме жөндеулері жүргізілуі керек. Табиғи және жасанды жарықтану өндірістік және қосымша бөлмелерде 60-150 люкс орындалатын жұмысқа байланысты болуы керек Қысқы температура есептелетін райондарда сыртқы ауа температурасы -20 ºС төмен болғанда қақпа тамбурмен қамтамасыз етілуі керек. Өндірістік мақсатта техникалық су қолданылады. Ауыз суға және өндіріске арналған су құбырлары бөлек, айқын түстерге ажыратылуы керек. Су алатын нүктелерінде «ауыз су» және «техникалық» деген жазулары болуы қажет. Қиларын жою механикалық, гидравликалық немесе пневматикалық әдістермен жүргізілуі керек. Механикалық әдісте скребки, транспортер және бульдозерлер, ал гидравликалық және пневматикалықта-арнайы құрылғы қолданады.
