Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
E_1187_bek_zhauap.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Кб
Скачать

Цехта сынапты тазалағанда және айырғанда кездейсоқ еденге 25 гр сынап төгілді.

  1. Төгілген ауданды өлшейміз. Адамдарды оқшаулау керек. Аймақтық төтенше жағдайлар ұйымына хабарлаймыз. Төгілген сынапты жинап, бөлмені желдету керек. Ластанған жерді 0,025%КМпО4 ерітіндісімен жуамыз, сосын сумен тағы ағынды сумен шаямыз, яғни демеркуризация шараларын жүргіземіз. Арнайы киім қою керек. Сынап төгілген жағдайда тез арада қажетті шаралар жүргізу қажет. Төгілген сынап организм үшін қауіп тудырмайды, ал сынап булары өте қауіпті. Сынап улылығы жоғары протоплазиялық у қатарына жатады, сондықтан сынаптан жедел және созылмалы улану болуы мүмкін. Цехта төгілген сынаптың булануының алдын алу шарасы ретінде демеркуризация қолданылады. Демеркуризация—сынапты және оның қосындыларын физико-химиялық немесе механикалық әдіс арқылы уланудың алдын алу. Ал, демеркуризациялауда қолданылатын демеркуризаторларға мыналар жатады: 0,2%калий перманганаты, 20%хлорлы әк, 4-5%дихлорамин, 20% хлорлы темір ерітіндісі. Демеркуризаторлар—сынаптың булану жылдамдығын бәсеңдетуде қолданылатын химиялық заттарды айтамыз. Төгілген сынапты жинап жабық ыдысқа салады. Химиялық демеркуризация ретінде сынапты FeCl3 ерітіндісімен өңдейді. Химиялық реакция нәтижесінде сынап тамшылары қышқыл мен хлорға айналады. FeCl3 20% ерітіндісін 10л 20-30 кв.м көлемді аумаққа өлшейді.

  2. «Сынап және оның қоспаларымен жұмыс жасау кезіндегі және сынап толтырылған приборлармен жұмысқа арналған санитарлық талаптар» № 1.10.083-94 құжаты бойынша регламенттеледі.

  3. Санитарлық нормаға сай жұмыс ұйымдастыру керек. Сынап көзін утилизациялауды тексеру керек. Сынаппен жұмыс істеу жабық аппараттарда жүргізу керек. Ашық жағдайда жұмыс жасағанда сору шкафы болуы керек. Сынапты тазалау және айдау бөлмелері басқа өндірістік аумақтардан оқшаулануы керек.Жұмыс жиһаздары, еден, қабырға, сынап сіңірретін материалдардан жасалмау керек. Еденде тесіктер болмау керек. ПДК жұмыс зонасының ауасындағы 0,01 мг\м3 орташа, ауысымдық 0,05 мг\м3.

Мұнай өңдеу зауытында 1 жылдың ішінде екі жұмысшыда өкпенің қатерлі ісігі

  1. Ауру себебі болуы мүмкін;--мұнай қнімдеріне: полициклді ароматты көмірсутектер, өндірістік технологиялар кезінде бөлінетін газдар, шаңдар.Жұмыстың тұрғын жеріне, жұмыс түріне, жаман әдеттеріне байланысты болуы мүмкін. Мұнай өнімдері канцерогенді әсер етеді және де жұмысшылардың жұмыс өтіліне байланысты да кәсіби ауру дамып отыр.

  2. Келесідей негізгі зерттеулер жүргізілуі керек: --жұмысшының кезеңді медициналық тексерістен өткендігін тексереміз;--науқасты еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығына жібереміз, одан диогностикалық зерттеулер жүргізгендігі, кәсіби анамнез жиналады.---Зауыттың сауықтыру шараларының жүргізілуін, еңбек пен демалыстың дұрыс ұйымдастырылуын, санаторлық-курорттық жолдама беру-бермеуін тексереміз.---жұмыс орнының ауасынан сынама алу,құрамындағы зиянды заттардың ШРЕК-н анықтау.

  3. Егер науқасқа кәсіби ауру диагнозы қойылса, өндіріс орнына толық санитарлық-гигиеналық тексеру жүргіземіз.Науқастың ем алуы және кәсіби жарамдылығы анықталғаннан кейін оны жұмысқа жіберу туралы мәселе шешіледі. №706 ,2009ж. 2-қараша «Кәсіби аурулар мен улану жағдайын тіркеу, есепке алу» бойынша есептегі науқасқа кәсіби сараптама жүргізіледі. Комисся құрамында 3 адам болады.Қажетті материалдар: медициналық ұйымның жолдама қағазы, аурудың медициналық картасынан алынған, оның ішінде жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді тексеріс туралы, зертханалық-функциональдық тексеріс туралы мағлұмат алу керек. Деректкр №330 «Кәсіби ауруларды тексеру журналы» тіркеледі. Сонымен қатар жағдай №561 бұйрық « Мұнай өндіретін өнеркәсіптік обьектілерге қойылатын талаптар» құжатымен де қаралады.

35 жастағы әйел адам қосалқы жұмысшы қызметін атқарады.

  1. № 528 «Еңбекті қорғау заңы» 15-бап, №632 18.08.2004ж. «Әйелдердің еңбек ету жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаттарын қолдана отырып шешімін қарастырамыз.

  2. Әйелдің бұндай 15 кг салмақтағы жүкті үнемі көтеруіне және тасымалдануына болмайды. СанПинге сәйкес, жүкті көтеріп және жылжыту басқа жұмыспен алмастыра отырып(сағатына 2 ретке дейін) жасалатын жағдайда 10 кг-нан аспау керек. Жүкті көтеріп және жылжыту тұрақты және ауысым бойы жасалған жағдайда 7 кг-нан аспау керек. Есептің берілгеніндегі 15 кг салмақты әйел адамның көтеріп, тасымалдауына рұқсат етілмейді.

  3. Әйелді басқа жұмысқа ауыстыруға немесе жүктің салмағын төмендетуге, сондай-ақ қосалқы жұмысты тоқтатуға ұсыныс жасау. Өндіріс орнын және әйелдің еңбек ету жағдайына қойылатын талаптардың сақталуын тексеру.1) өндірістегі микроклимат

2.Типтік нормаға сәйкес арналған киіммен, аяқ киіммен және қарапайым қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге тиіс.Жеке қорғаныс құралдарын таңдау (түрлерін және топтарын) еңбек жағдайына байланысты жүргізіледі. 3.Уақытылы медициналық тексеруден өтулерін тескеру.4. Діріл деңгейін есепке алу: көліктік-технологиялық—95 дб,көліктік—101 дб, технологиялық-86 дб болуы керек.5. Өзі жүретін ауыр машиналарда және жүк тасымалдайтын көліктерде әйелдерге жұмыс жасауға болмайтындығын қарау. Жалпы, ауыр жүк көтеру жұмысымен айналысатын әйелдерде жатыр ретрофлексиясы, ішкі жыныс мүшелерінің төмен түсуі, өздігінен түсік сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Әйелдердің еңбек жағдайын қорғауда жүкті көтеру және тасымалдау кезінде шекті салмағы, тиімді еңбек және демалыс режимін енгізу,түнгі мезгілде әйелдерге жұмыс жасауын шектеу. Әйелдердің еңбектерінде толық емес жұмыс күнін немесе толық емес аптаны қолдану туралы көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]