Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
E_1187_bek_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Кб
Скачать

Мышьяк және оның қосылыстарын өндіретін химиялық зауыт

  1. Химиялық зауыттың санитарлық қорғаныс аймағының көлемі талапқа сай келмейді. Өйткені, өндірістік кәсіпорындар обьектілерінің СҚА - қауіптілік класына, СҚА шекарасына, орналасқан аудандық территорияға байланысты анықталып бекітілген. Санитарлық қорғаныс аймағы дегеніміз—арнайы мақсаттағы зонаны бөлетін территория, сонымен қатар, тұрғын пунктегі өндірістік ұйымдар және басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық обьектілердің жақын селитебті территориялардан, тұрғын үй мен имараттардан олардың жағымсыз факторларының әсерін азайту мақсатында бөліп тұратын территория. Осыған байланысты, обьектінің қауіптілік кластары анықталады. СҚА-ң 5 класы бар. Обьектінің қауіптілік класы--обьектінің эксплуатация жағдайы мен сыйымдылығына байланысты, қоршаған ортаны ластаушы заттардың бөліну мөлшері мен сипатына, шу, вибрация, сәулелену тудыруымен байланысты, қоршаған орта мен адам денсаулығына жағымсыз әсер етудегі обьектінің категориясы. Бұл жерде мышьяк және оның қосылыстарын өндіретін химиялық зауыттың санитарлық қорғаныс аймағы 1-классқа жатады, яғни СҚА 1000м-ден кем болмауы керек.Есепте берілген 200 м көлемі талапқа сай келмейді. Сонымен қатар, 1-классқа химиялық өндірістерден азот байланыстарын, жасанды және синтетикалық талшықтарды, фтор және фторлы сутекті, фосфор және фосфоорганикалық қосылыстарды, жасанды және синтетикалық каучукті, синтетикалық химико-фармацевтикалық және дәрілік препараттарды, хром және хром ангидридін, күрделі эфир және т.б. өндіретін өндірістік зауыттар жатады.

  2. 6-қазан 2010 ж. №795 «Өндірістік обьектілерінің санитарлық қорғаныс аймағын бекітуге қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі, №334 бұйрық 17-тамыз 2005ж. «Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаттарына негізден қорытынды береміз.

  3. Бұл жерде санитарлық дәрігердің шешімі, өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын талаптарға негізделіп, химиялық зауыттың жобасына келісім берілмейтіндігін, яғни жобаны қайта қарауға жіберілуін тапсырады.

Механизацияланған ұсталар цехында жазғы уақытта жұмыс істеу зонасында

  1. Механизацияланған ұсталар цехында ұсталарға қыздырушы микроклимат тән. Бұл жерде жылу бөлу көлемі бірнеше есеге жоғарлайды. Жылдың жылы мезгілінде ұсталардың жұмыс орнында ауа температурасы қалыпты нормадан 8-10ºС –қа жоғарлауы мүмкін. Ұсталар жұмысы металдың белгілі температурада пластикалылығы мен оның қатуына байланысты жоғары темпті жұмыс саналып, еңбектің орташа ауырлықты немесе ауыр категориясына жатады. Бұл жерде микроклимат жағдайларын № 355 14.07.2005ж. «Өндірістік үй-жайлардың ауасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» сәйкес бағалаймыз. Жабық өнеркәсіптік үй-жайлардағы метерологиялық жағдайлардың керекті мөлшерінің көрсеткіштері мен оңтайлылығын анықтаймыз. Рұқсат етілген және оңтайлы микроклиматтық жағдайларды есепке ала отырып, осы құжаттың 1-қосымшасына сәйкес, өндірістің түрі 3-категорияға жатады, жылдың жылы мезгілінде оптимальды ауа температурасы-18-20, тұрақты жұмыс орнында 15-26ºС, тұрақсызда 13-28ºС болуы керек; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы оптимальды 40-60%,рұқсат етілген деңгейі 75%болуы керек. Ауаның қозғалыс жылдамдығы оптимальды 0,4 м\с ,рұқсат етілгені 0,2-0,6 м\с дейін болуы керек. Есеп бойынша жұмыс істеу зонасының ауа температурасы артық, жылу сәулелендіру интенсивтілгі жоғары, салыстырмалы ылғалдылығы төмен болып, ауаның қозғалыс жылдамдылығы артып отыр. Яғни, жұмыс ортасы құрғақ бумен байланысты.

  2. Микроклиматты нормалау үшін, яғни өндірістік микроклиматтың жағымсыз әсерімен күресу үшін технологиялық, санитарлы-техникалық және медико-профилактикалық шараларды қолдану керек. Технологиялық шараларға,қста цехындапешті жоғары жиілікті токтардың индукциялық қыздырылуын азайтатын пештерге алмастыру.Санитарлы-техникалық шараларға жылу бөлінуді локализациялайтын және жылуизоляциялау,құрылғыдан жылу бөлінуін және жылулық сәулелену интенсивтілігін төмендетуге бағытталған шаралар жатады. Яғни,жұмыс зонасында қыздырушы беттерді жылу изоляциялайтын материалдармен қаптау(стекловат, асбестті мастик, асботермит т.б). Қабырғаларды термоизоляциялау термиялық пештерде беткей температураны бірнеше есе төмендетіп, жылубөлінуді 5 есе төмендетеді. Сонымен қатар, құрылғыларды герметизациялау керек. Және түрлі жылушағылыстыратын,жылужұтатын экрандар қолданылады. Ауа температурасын төмендету үшін ыстық цехта рациональды желдету жүйесін жүзеге асыру керек. Егер жылу сәулелендіру интенсивтілігі348 вт\м2 көп болса ауалы себезгі қолданылады. Жеке қорғаныш құралдары да маңызды орын алады. Яғни, киімдері ауа және ылғалөткізгіш болуы, инфрақызыл сәулелерден қорғайтын жұқа қабатты метал жұғындысынан тұруы керек. Осындай ауыр физикалық фактор әсер ететін жұмыстарда сыртқы ауа температурасы 25 –тен 33-ке дейін болғанда 45 минут жұмыс сайын 15 мин үзіліс жасап отыруы және ыстық уақыт кезінде жұмыс ауысымын 4-5 сағатқа үзу керек. Сонымен қатар, қызып кетудің алдын алу үшін дұрыс рациональды тамақтану мен сулы режим қарастырылуы керек. Калий тұздары қосылған минеральды су беруі керек. Бұл механизацияланған цехта температура мен ауаның қозғалыс жылдамдылығын төмендету және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын оптимальдау керек

Аяқ-киім фабрикасының аяқ-киім тігу цехында ең үлкен ауысымда

  1. Бұл жерде №1.08.067-094 «Аяқ киім өнеркәсібі еңбек гигиенасы бойынша санитарлық талаптар», №334 08.07.2005ж. «Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», №632 18.08.2004ж. «Әйелдер еңбек жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаттары негізінде қаралады. Бұл жерде өндірістік процестің тобы 1 а және 1 б. Өйткені, 1а санатына отырып жасалатын және физикалық күшті қажет етпейтін, энергия шығыны сағатына 120 килокалорий (бұдан әрі – ккал/сағ) болатын жұмыстар жатады. 1б санатына түрегеп тұрып, отырып жасайтын немесе жүрумен байланысты және физикалық күш жұмсалатын, энергия шығыны 120-дан 150 ккал/сағ дейін болатын жұмыстар жатады. Бұл өндіріске қатысты санитарлық-тұрмыстық бөлмелер: 1) гардероб,2) жұмысшылардың арнайы киімдерін тазалайтын химиялық тазалау және жөндеу бөлмелері( клей, краска тазалау), 3) демалу бөлмесі, 4) душтық бөлме. 5) негізгі өндірістік үрдіс жүретін бөлмелер.Сонымен қатар келесідей технологиялық үрдістер жүреді: 1) аяқ киім клейін дайындау; 2) ыстық вулканизациялық әдіспен аяқ киім шығару; 3) құю әдісімен аяқ киім шығару; 4) табандарын галогенирлеу; 5) синтетикалық теріні өңдеу үрдістері; 6) полимерлік материалдарды өңдеу; 7) жасанды теріні өңдеу;8) синтетикалық алмастырғыштарды өңдеу үрдістері жүреді.

  2. Әйелдердің жеке бас гигиенасы бөлемесі (ӘЖГ) жұмысшы әйелдердің жалпы саны 500 адам болатын кәсіпорындарда қарастырылуы керек.Жұмысшы құрамындағы әйелдер саны 500-ден аз шағын кәсіпорындарда кабиналар санымен сәйкестендірілген әйелдер жеке гигиенасына арналған 1 бөлме қарастырылуы керек. ӘЖГБ –нде тамбур және жеке кабиналар, 2 м аласа емес өткелдер болуы керек. Тамбурда қолжуғыш яғни ыстық және салқын сумен қамтылған болуы керек, персоналдарға қажет стол, қолды электрокептіргіш, қоқыс корзинасы, магнитті сабынсалғыш болуы қажет.Жеке кабиналар ыстық және суық су сместительімен және унитазбен пайдаланылған пакетке арналған жабылатын бөшкесімен және киім ілгіштерімен жабдықталуы керек. Жеке кабиналар саны 1 кабинаға 100 жұмысшы есебінен есептелсе, шаңдануы жоғары кәсіпорында 1 кабина 50 әйелге қарастырылуы керек. ЖГ бөлмесі цехтің дәретханасымен байланыспауы керек. ЖГ бөлмесі жұмыс орнынан 150 м-ден көп емес ара қашықтықта болуы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]