- •Кезеңді тексеру кезінде эмө
- •Полиметалдық рудникте жарылғыш
- •Педагогикалық институттың компьютер орталығындағы 20 жұмыс орыны бар
- •Шошқа өсіретін комплекс құрылысының
- •Үй құрылыс комбинатының кассет цехының микроклиматын зерттеген кезде
- •Полировальды машина жұмысшы әйелі (33 жаста)
- •Ультрадыбысты құрылым зауыт цехының орталығында қондырылған.
- •Карбонильді әдіспен никель өндіруші цех зауытында жалпы желдету.
- •Синтетикалық жуғыш өнеркәсіп алаңында заттарды өндіру цехын жағалай, қатты жабынды төсеген.
- •Мұнай скважиналарына жөндеу жүргізгенде топырақ ластанған.
- •Фермер шаруашылығына пестицидтер әкелінді
- •Көмір шахта учаскесінде көмір комбайн көмегімен шығарылады
- •Биохимиялық зертханада жасанды жарықтандыру деңгейі: люменисцентті лампалардан 200 – 250 лк.
- •Машина құрылысы зауытының жұмысшысы к.И. Ахметов
- •Түсті металлургия өндірісіндегі еңбек жағдайларын зерттеу нәтижесінде
- •Кезеңді медициналық тексеру кезінде темір соғатын
- •Видеодисплей терминал операторының жұмыс бөлмесінде
- •Темір соғатын зауыт цехындағы штампылаушы жұмысшы
- •Медициналық тексеру кезінде шлифовальды машинаның жұмысшысы
- •Мейірбике №2 перзентханаға жұмысқа қабылданды.
- •Цехта сынапты тазалағанда және айырғанда кездейсоқ еденге 25 гр сынап төгілді.
- •Мұнай өңдеу зауытында 1 жылдың ішінде екі жұмысшыда өкпенің қатерлі ісігі
- •Мышьяк және оның қосылыстарын өндіретін химиялық зауыт
- •Механизацияланған ұсталар цехында жазғы уақытта жұмыс істеу зонасында
- •Цехтың тұрақсыз жұмыс орындарында орташа ауырлықта ( II категория ) жұмыс орындалады.
- •Бетон өндіретін үй салу комбинатында құрамына кремнийдің 60% бос қос тотығы бар силикатты
36 жастағы А.К. Ибраев
Жалпы жұмысында діріл ауруының симптомдары көрінген. Діріл ауруы клиникалық симптомдарының полиморфтылығы және ағымдылығымен ерекшеленетін кәсиби ауру. Оның негізгі этиологиялық факторы өндірістік діріл болып табылады. Діріл ауруы кәсиби аурулардың ішінде кең таралған. Көбіне көлік құрылысы, металлургия, авия, тау кен өндірісінде, ауыл шаруашылығымен айналысатындарда кездеседі. Жұмысшының денесіне қатысты діріл ауруы жалпы және жергілікті болып бөлінеді. Есептің берілгені бойынша жұмысшыда жергілікті діріл ауруы байқалады, яғни ауруда қан тамыр бұзылуы байқалады. Қол терісінің түсінің өзгеруі, дистальды фалангаралық буындарының деформациясы, капиллярлардың тонусының өзгеруі, спазм ,,спастикоатониялық жағдайы, кей жағдайда қол саусақтары барабан таяқшалары және акромегалик тәрізді болып келуі мүмкін.
Шумовиброэнтегратор логарифмерлейтін ШВИЛ 01: 20-170дб массасы 1,5кг локальды дірілді анықтайды. Діріл өлшеуіші ВШВ - 003м2, ал 22-140 дб массасы 4,5кг жалпы және жергілікті дірілді анықтайды. Шумомер виброметр диагностикалық шу өлшегіш және діріл өлшегіш ШВД -001 күші 30-14- дб массасы 5 кг. Шумомер виброметр интегрирующий ШВИ 30-140дб масса 4 кг.
ҚР ДСМ 2005 ж. 23 маусым №294 бұйрық «Кәсіби аурулармен оларды тіркеу тексеру,есепке алу және олар бойынша есеп беру ережесі» ҚР ДСМ 2009ж.12 караша №706 бұйрық, 25.01.2012ж.№166 « Міндетті медициналық тексеру жүргізілетін мамандықтардың, зиянды өндірістік факторлардың тізімін бекіту туралы. Міндетті медициналық тексеру жүргізу ережесі.» негізінде регламенттеледі.
Ауруды уақытша еңбекке жарамсыз деп санаймыз.Жұмыстан міндетті түрде босатылады. Ауруға бір екі айға еңбекке жарамсыз қағазын береміз. Амбулаторлы ем жағдайда ем алу қажет.Егер клиникалық симптомдар жойылмаса діріл мен байланысты жұмыстан босатылады. Басқа жұмысқа ауыстырылады. Алдын алу шаралары бір сағат сайын он мин демалыс.арнайы гимнастика физио терпаиялық процедуралар ұйымдастыру керек. Ауысым басталғаннан кейін екі сағат сайын жиырма мин және түскі үзілістен кейін екі сағаттан соң отыз мин берілу керек. Медициналық текесерістен бір жылда бір рет терапевтік невропатолог отоларингологтің қатысуымен өтуі тиіс.
Кезеңді тексеру кезінде эмө
Бұл жерде ҚР ДСМ 2004 ж, 18 тамыз № 632 бұйрығымен бекітілген «Әйелдердің еңбек ету жағдайына қойылатын сан.эпид. талаптар» туралы сан.эпид. ережелер мен нормалар; ҚР ДСМ 2009 ж. 16 қарашадағы №709 бұйрығымен бекітілген «Алдын ала және міндетті медициналық тексерістен өту ережелеріне» құжаттарына сәйкес регламенттеледі.
Осы келтірілген құжаттарға сәйкес № 632 бұйрық ережелерінің 3-тармақшасы бойынша, әйелдердің жүктілігі анықталған күнінен бастап және сәбиді емізу кезеңінде, олар, видеотерминалдармен және дербес компьютерлермен байланысты жұмыстарды, яғни, жұмыс нәтижесінде ЭМ сәулелену бөлінетін жұмыстарды орындауға жіберілмеуі тиіс. Сонымен бірге, жүкті әйелдер аяқпен басу арқылы басқарылатын қондырғыларда, мәжбүрлі ырғақта жұмыс істейтін, конвейрлерде жұмыс істеуге, инфрақызыл сәулелердің әсері бар жерлерде жабдықтардың беті және қоршалған жұмысшы аумағының tº+35ºC және одан да жоғары көтеріліп қызатын жерлерде, киімі және аяқ киімі су болған жағдайда; жел өтінінде; терезесіз және жарықсыз үй жайларды; әйел адам жұмыс күні тұрақты болатын жұмыстарға (тұру, отыру, қозғалу) жұмыстарға тартылмауы керек. Және де №709 бұйрығына байланысты ереженің 2- тармақшасы яғни, зиянды, қауіпті заттармен және қолайсыз өндірістік факторларға байланысты жұмысқа жіберуге жалпы медициналық қарсы көрсетілімдерге сәйкес жүктілік және лактация кезеңі бар адамдар рұқсат етілмейді.
Соған байланысты, санитарлық дәрігер 12 апталық жүктілік бар жұмысшы әйелдің ЭМӨ арналған индукциялық жылуды қолданылатын цехта әрі қарай жұмыс жасауына тиым салуы керек. Зиянды қауіпті факторлары жоқ жұмысқа ауыстыруға шешім қабылдауы керек.
ЭМӨ уақыттар бойы бағыты өзгеретін тоқтармен жайылады. ЭМӨ алмастырылмалы электрлік және магниттік өрістің сәйкестілігімен сипатталады. ЭМӨ биологиялық әсеріне байланысты: жылулық және жылулық емес әсер болып бөлінеді. Жылулық әсер сәулеленудің интенсивтілігіне байланысты. ЭМӨ деңгейі төмендеген сайын ағзаға термиялық әсері төмендеп арнайы жылулық емес әсерге айналады. Кез келген ЭМӨ көзін үш зонаға бөлеміз: Жақын – индукция зонасы; индукция зонасында ЭМӨ нің әртүрлі ұзындықтағы ТЖ, ОЖ және ЖЖ, ОЖЖ диапазонды сәулелену көздері кездеседі. (ТЖ – ұзын толқын, ОЖ – орташа толқын, ЖЖ – қысқа толқын, ОЖЖ – ультра қысқа толқын); аралық – интерференция зонасы және қашықтық – толқындық зонасы. Қашықтықтың толқындық зонасын да ЭМӨ нің жайылған дециметрлік, сантиметрлік, миллиметрлік толқын диапазондары болады. ЭМӨ ОЖЖ не әсер етіп, жоғары қозғыштыққа әкеледі. Эндокринді жүйеге әсер еткенде гормоналды ауытқуға әкеледі, әсіресе нерв эндокринді реттеуді бұзып, стресске әкеледі, гипоталамо гипофизарлы жүйеге әсер етіп өсу гармонының бөлінуі тоқтап, кортикостероидты гармондардың бөлінуін стимулдайды. Қан және иммундық реакцияға әсері қан жүйесінде эритроциттердің, лейкоциттердің, гемоглабиннің санын өзгертіп, лейкоцитоз, эозинопения тудырады. Көзге әсері шыны денешіктің бұлдырлауы катаракта ауруына әкеледі.
ЭМӨ қорғанудың барлық жағдайлары мен әдістері үш топқа бөлінеді: ұйымдастырушы, инженерлі техникалық, емдеу алдын алу. Қызметкерлерді ЭМӨ нің зиянды сәуледен қорғау үшін технологиялық үрдістерді автоматизациялау және дистанционды басқару жүйесін қарастыру, сәулелену көзінен жұмысшыларды алыстату, жұмыс индукторларын экранирлеу керек.
