- •Экология.Микрфлора.Антибиотиктер.Стерилизация.Инфекция.Иммунитет.Иммунды профилактика.Иммунологиялық реакциялар.Биопрепараттар ваксиналар сарысулар диагностикумдар аллергендер.
- •Зооноздар.Венериялық аурулар.Коринебактериялар.Микобактериялар.Анаэробтар.
- •Жалпы вирусология Ортомиксовирустар
- •Таксономиясы:
- •Құрылымы мен химиялық құрамы:
- •Антигендік құрылымы:
- •Парамиксовирустар.
- •Қызылша вирусы
- •Респираторлық - синцитиальдық вирус
- •Диагноз қою.
- •Гепатит а, в, с, д, е вирустары
- •Герпесвирустар
- •Аив инфекция
- •Сөзжұмбақ сұрақтары:
- •Жауаптары:
- •Онкогенді вирустар.
- •Ауруханаішілік инфекция қоздырғыштары.
- •Коксаки вирустары
Гепатит а, в, с, д, е вирустары
Гепатит А – фекальды-оральды жолмен берілетін, бауыр жасушалары зақымдалып, морфологиялық бұзылыстар туындап, жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вирусты ауру.
Вирионы сфера пішінді, мөлшері 25-27 нм, өте ұсақ вирустар тобына жатады. Нуклеокапсиді 4 ақуыздан құралған. Суперкапсиді жоқ.
Гепатит А вирусының гепатотроптық қасиеті бар. Вирус асқазан-ішек жолдарына ас тағамдары немесе су арқылы түседі де, жіңішке ішектің шырышты қабаттарында және регионарлық лимфа түйіндерінде өсіп-өніп көбейеді. Гепатоциттердің зақымдануы дене сарғаюының дамуына және қан сарысуында трансаминаза деңгейінің артуына әкеледі.
Гепатит В – қан арқылы және қанмен жанасу арқылы берілетін, бауыр зақымданып, жедел және созылмалы гепатит дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Құрамында 4 антигені бар: HBs, HBc, HBe, HBx.
Гепатит В кезінде ену қақпасы қан болғандықтан, бірден қанға түсіп, гепатоциттерге орнығады. Бауыр жасушаларының зақымдану үрдісі жүреді. Жасырын кезеңі – 3-6 ай. Гепатит В көбіне дене сарғаюымен жүреді, дегенмен дене сарғаймайтын түрлері де кездеседі. Жедел гепатит 5-10% жағдайда созылмалы түрге айналып, бауыр циррозы мен өмірбақилық вирустасымалдаушылыққа ұласуы ықтимал.
Жұқтыру қаупі күшті негізгі топқа – медицина қызметкерлері, қан және қан препараттарын қабылдайтындар, гемофилиямен ауыратындар, гомосексуалистер, жезөкшелер және HBs-антиген тасымалдаушы анасынан туылған балалар жатады.
Гепатит С – флавивирустар тұқымдастығына жататын, РНҚ геномды вирустар. СГВ қоздыратын гепатит әдетте созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрі бауыр циррозы мен біріншілік бауыр карциномасын тудырады.
СГВ көбіне қан құю кезінде, трансплацентарлы жолмен, жыныстық қатынас арқылы жұғады. Инфекция көзі – инфицирленген адам. С гепатит эпидемиологиясының ерекшелігі – әйелден нәрестеге берілу және жыныстық қатынас кезінде берілуі В гепатитімен салыстырғанда төмен.
Алдын алу мақсатында жалпы медициналық сақтану шаралары жүргізіледі. Спецификалық профилактикасы жасалынбайды.
Гепатит Д – меншікті қабаты жоқ вирусты гепатит қоздырғышы. В гепатит вирусының сателиті.
ДГВ және ВГВ-мен бір мезгілде инфицирлену аурудың баяу түрінің дамуына әкеледі – коинфекция. В гепатитінің созылмалы түріне шалдыққан науқас ДГВ инфицирленсе, инфекция ауыр түрде өтеді, нәтижесінде бүйрек ауруы және бауыр циррозы дамиды.
Продромальды кезеңі өте қысқа, дене қызбасы көтеріледі, ірі буындары жиі ауырады. Сарғаю кезінде интоксикация арта бастайды, бауыр аймағында ауырсыну синдромы, қайталап құсу байқалады.
Гепатит Е – бауырды зақымдайтын, организмнің жалпы улануын, сирек жағдайда дене сарғаюын тудыратын жедел жұқпалы ауру қоздырғышы.
Вирионның сыртқы қабықшасы жоқ, сфера пішінді, капсиді икосаэдр типтес, диаметрі – 27-34 нм. Геномы сегменттелмеген біржіпшелі РНҚ-дан тұрады.
ЕГВ эндемиялық бұрқетпелер қоздырады. Инфекция көзі – ауру адам. Негізінен ластанғн су арқылы беріледі. Жасырын кезеңі 2-6 аптадан аспайды. Дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретін клиникалық симптомдар байқалмайды: жалпы мазасыздану, сирек жағдайда дене сарғаюы болады. Болжамы – көбінесе қолайлы. Жүкті әйелдерде кесел асқынып, өлімге әкелуі мүмкін.
Емдеуі – симптоматикалық. Жүкті әйелдерге спецификалық иммуноглобулин енгізу ұсынылады.
