Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Portfolio.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.06 Кб
Скачать

Диагноз қою.

Эпидемиологиялық анемнез жинау; клиникалық белгілерін ескеру (катаральды белгілерден кейін бір апта ішінде парез, параличтер пайда болуы); лабораториялық тексеріс тер жүргізу:

а) жұтқыншақтан жағындыны алғашқы 5 күннен кешіктірмей алу керек;

б) нәжісті ауру басталғаннан 14 күнге дейінгі мерзімде тексеріске алуға болады. арнайы шыны флаконға 4-5 гр нәжісті жинап, резеңке қақпағының сыртынан лейкопластырмен бекітіледі де, мұздатқышқа қойылады. Лабораторияға 72 сағат ішінде жеткізілуі керек, тасмалдау кезінде де температура +4, +8 градустан жоғары болмауын қамтамасыз ету керек (жаз айларында арнайы термоконтейнерлерде), өйткені полиомилит қоздырғыштары жоғары температураға шыдамсыз келеді.

в) жұлын-ми сұйықтығы тексеріліске 2-3 рет мл көлемінде алынып, қысымы, клеткалар мен белоктар мөлшері анықталады;

г) серологиялық тексерістер жүргізу үшін көк тамырдан қан алынады (қандағы антиденелерді анықтау, олардың титрінің келесі тексерісте жоғарлағандығын байқау);

д) электромиография (бұлшық ет күшін тексеру) полиомиелитке диагноз қоюға көмектеседі.

Емдеу. Аурудың емі міндетті түрде стационарда жүргізіледі.

Препаралитикалық кезеңде: қатаң төсек режимі; симптомдық ем (температура түсіретін, ауруын басатын, антигистаминді, тыныштандыратын дәрілер егу); менингеальді белгілер пайда болса, 1. дегидратациялық ем (зәр қуатын препараттар – лазикс 1мг/кг, диакард 5 мг/кг тәулігіне) 2. сульфат магнезиі 25% - 0,2 мл/кг бұлшық етке, 20-40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға егу; жұлыннан сұйықтық алу жүргізіледі.

Паралитикалық кезеңде – 3. баланың бұлшық еттері контрактураға ұшырамауын қадағалау, арнайы аяқ-киім кигізу, ауруды басатын және жылытатын процедуралар тағайындау қолданылады. Ауыр жағдайларда дем алысының қиындап, жуту, дем алу бұзылғанда арнайы реанимациялық бөлімге жатқызып, қажетті көмек көрсету керек болады.

Орнына келу кезіңде – 4. невр импульстарының таралуын және нерв өткізушілігін жақсартатын дәрілер егу: прозерин 0,05 % мл бұлшықетке; дибазол 0,001 – 0,005; витамин В, глютамин қышқылы, церобролизин 1 – 2 мл 2 – 3 күн сайын, АТФ, биогенді стимуляторлар – алоэ, ФИБС бұлшық етке егіледі; 5. физиотерапиялық ем; емдік ванналар, парафин, озокерит, душ, массаж жүргізіледі. Емдеу курсын жылына 3 рет қайталап отыру қажет. Контрактураларға – қарсы арнайы лангеталар, манжеткалар қолданылады; санаториялық – курорттық ем өткізген дұдыс.

Қалдық өзгерістер кезеңінде – физио-ем, массаж, емдік жаттығулар, ортопедиялық операциялар жасау қолданылады.

Профилактика. Жалпы шаралар:

1. ауру баланы тез арарда оңашалау;

2. СЭС-ке жедел хабар беру;

3. ошақта дезинфекция жүргізу;

4. қарым-қатынастағы балаларға (балалар мекемелеріндегі) 20 күнге карантин тағайындап, бақылау ұйымдастыру;

5. санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Арнайы шаралар: 1956 жылдан бері полиомиелитке қарсы арнайы ОПВ вакцинасы қолданылады. ОПВ (живая вакцина Сейбина) қызғыш түсті ерітінді түрінде шығарылады. Бір балаға 2 тамшыдан ауыз арқылы енгізіледі. Жаңа егу күнтізбегіне сәйкес вакцинация мерзімдері – арнайы егулер 2, 3, 4,12 айлығында беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]