Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Portfolio.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.06 Кб
Скачать

1 Аралық бақылау

Бактериялардың морфологиясы және физиологиясы.Қоректік орталар.Аэробтардың және анаэробтардың таза дақылын бөліп алу.Идентификация әдістері.Бактериялардың генетикасы.

Терминологиялық сөздік

Әмбебап қоректік орта. Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі.Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады.

Арнайы орта. Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта. Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonasтуысына жататындар, теңіз суына қажетті болады

 Элективті немесе таңдамалы орта.  Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды

Дифференциалды-диагностикалық орталар. Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады.

 М.Бейеринк ұсынған жинақ орта Жинақ ортаны М.Бейеринк ұсынды. Мұндай орталарда қандай да бір компонент артық мөлшерде болады. Сонда сол компонетті пайдаланатын микроорганизмдер өседі, яғни олар доминантты болады. Бұл орталарды табиғи субстратта саны аз бактерияларды бөліп алу үшін қолданады.

Қоректік орта (Питательная среда) - микроорганизмдерді лабораториялық және өнеркәсіптік жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сүйық немесе қатты қоспасы

Бактериалар капсуласы кейбір бактериялардың бөлетін шырыш тәрізді заттары. Ол бактерияларды құрғаудан және басқа да сол сияқты қолайсыз жағдайлардан сақтап тұрады

Бактеризациялау кейбір биологиялық және биохимиялық процестердің тиімділігін арттыру үшін белгілі бір бактерияларды жеке күйінде қолдану. Бұған тұқымға бактерияларды жұқтыру, мал азығын сүрлеуде бактериалы ашытқыларды қолдану мысал бола алады.

Бактерицидтік әр түрлі факторладың (химиялық, физикалық, биологиялық) бактерияларды қыратын қасиеті. Осы факторлардың қасиеттері нашар, яғни бәсеңдеген болса, бактериостатикалық құбылыс деп атайды.

Жыныстық дифференциация – сәйкес генетиканың ақпаратты беретін және қабылдау мүмкіндігі бар донорлық және реципиенттік бактерия жасушаларының болуына негізделген.

Бактериялар— тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Ғалым Антон Левенгук ашқан.Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бакреия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі.Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды.Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымыРоберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабатыцитоплазмалық мембранацитоплазмануклеоидрибосома болады.Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін –вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада ([[–190ӘС-та, ал споралары –253ӘС-та]]) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+100ӘС-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты ақуыздан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады. Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмалпентозандарцеллюлозапектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады. Бактериялық сілтісіздендіру, бактериялық шаймалау – кентастар құрамындағы бағалы кендерді (уранмыс,алтын, т.б.) микроорганизмдер көмегімен ерітінділеп алу әдісі. Металдарды бактериялық сілтісіздендіру арқылы бөліп алу әдісімен өндіру 16 ғасырдан белгілі болған. Бірақ ол кезде бактериялардың металдарды сілтісіздендірудегі рөлі белгісіз болды. 1947 ж. американың микробиологтары Холмер мен Хинкелл кеніш суында бұрын белгісіз Thіobacіllus T. ferrooxіdans бактериясының бар екенін анықтады және оның сульфидті минералдардың барлық түрін, күкіртті, темірді, сондай-ақ Сu+Se2-Sb3+,U4+ элементтерін қышқылдығы (рН) 1,0 – 4,8, температурасы 5 – 35Ә болатын ортада тотықтыра алатынын дәлелдеді. Бұл бактериялардың 1 г кендегі, немесе 1 мл кен суындағы мөлшері 1 млн-нан 1 млрд-қа дейін болады. 1958 ж.АҚШ-та мысты T. ferroоxіdans бактериясымен сілтісіздендіру әдісі патенттелді. КСРО-да бұл жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдарында басталды. Оның нәтижесінде зерттеушілер сульфидті минералдарды, темірді, күкіртті тотықтыратын бактериялардың жаңа (Leptospіrіllum L. ferrooxіdans, Thіobacіllus organopatus, Thіobacіllus thіooхіdans, т.б.) түрлерін ашты. Түсті металдарды кеннен бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алуда бактериялардың тиондық түрі – T. ferrooхіdans көбірек қолданылады. Бактериялық сілтісіздендіру процесін жылдамдату үшін кенді ұнтақтап немесе кен үгіндісін (концентратын) жете араластырып, алынған қойыртпақты аэраттап және бактериялардың әрекетке жарамдылығы толық сақталатындай температура мен қышқылдылықты (рН-ты 1,5 – 2,5 шамада) біркелкі ұстау қажет. Бұл жағдайда 1 мл концентраттағы бактерия жасушаларының саны 109–1010 жетеді. Бір сағат ішінде, осындай мыс концентратынан 0,7 г/л, мырыштан 1,3 г/л; қалайыдан 0,2 г/л өнім ерітіндіге түседі. Қалайы мен алтыны бар үгіндіден 70 — 80 сағат ішінде 90% пайдалы кенді (металды) бөліп алуға болады. Бактериялар сульфидтерді жүздеген, мыңдаған есе тез тотықтырады, ал екі валентті темірдің (Fe2+) тотығуын химиялық әдіске қарағанда 2Һ105 есе жылдамдатады. Ашық әдіс үш валентті (Fe3+) темір және бактериясы бар әлсіздеу күкірт қышқылының (H2SO4) судағы ерітіндісін үйіндідегі кенге шашыратып себу арқылы іске асырылады. Жер астылық әдісте ерітінді айдау ұңғымасы арқылы кенге жеткізіледі, ал құрамында металы бар ерітінді ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылып, гидрометаллургия зауытына жіберіледі. Бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алған металдың өзіндік құны химиялық сілтісіздендірумен салыстырғанда бір жарым – екі есе төмен болады. Бактериялық сілтісіздендіру әдісі Қазақстанда алғаш рет Қоңырат,Николаев кеніштерінде қолданылды.

2 Аралық бақылау

Экология.Микрфлора.Антибиотиктер.Стерилизация.Инфекция.Иммунитет.Иммунды профилактика.Иммунологиялық реакциялар.Биопрепараттар ваксиналар сарысулар диагностикумдар аллергендер.

Инфекцияның  түрлері.  Инфекцияның   спонтанды (табиғи)  және экспериментальды (жасанды) болады. Спонтанды инфекция осы патогендік микробқа  тән  беріліс  механизмі  іске  асқан   табиғи   жағдайда  пайда  болады және  мал  организмінде   әлдеқашан  мекендеген  шартты  патогендік  микроорганизмдердің   активтенуі  арқылы  болады.  Жасанды  инфекцияны патологиялық материалды немесе қоздырушының   культурасын  енгізу  арқылы  жасайды.

Егер спецификалық  қоздырушы  сырттан, қоршаған  ортадан,  организмге   енген  болса,   экзогендік   инфекция  туралы  сөз  болады.   Бірақ,  малдың  ауруға  қарсы  тұрушылығы  төмендеген  организмді   коммпенсалдар  есебінде  мекендеушілер,   шартты  патогенді  микробтар  инфекцияны   тудыра  алады.  Бұл эндогендік   инфекция(аутоинфекция).  Қоздырушының   бір  түрімен  пайда  болған  инфекцияны  қарапайым  (моноинфекция) деп,  ал бүтін  бір топ  микробтарының   потогендік   әрекетінің   нәтижесінде  пайда  болғанда –ассоциативті  деп аталады. Кейде  осындай  жағдайда  микробтың  бір түрінің   басқалардың  ықпалымен  патогендігі   күшеюінен  синергизм байқалады. Әртүрлі  екі  аурудың  қатар   жүргізуіндегі  инфекция  аралас  (қоспа)  деп аталады.  Тыныс  жолдарының  ішектің кілегейлі қабығында мекендейтін шартты  патогенді   микробтардың   активтенуі   нәтижесінде   бастапқы  (негізгі)  фонда  екінші (секундтары) инфекцияның  дамуының кездейсоқтығы да белгілі. Пастерелл мен  сальмонельдің  патогендік  әрекеттері, мысалы,   классикалық  шошқа обасын  асқындырады. Аралас, екінші  және ассоциативтік   инфекциялар   таршылық жерде малдардың көп шоғырланған өндірістік мал шаруашылығы   жағдайында  маңызды  мәселе  болып отыр.

Егер болып өткен инфекция мен мал организмінің оның  қоздырушысынан  тазарғаннан кейін сол патогендік  микробтық себебімен  қайтадан  ауру болса, оны  реинфекция  дейді. Оның  даму шарты сол  қыздырушыға  бейімділігінің   сақталуы.  Сол  патогендік микробпен   қозып,   бұрынырақ дамыған   инфекциялық   процестің   фонында   басталған жаңа   (қайтадан)   қанығудың  салдары – суперинфекция  деп аталады.    Аурудың  қайтадан оралуы, басталған клиникалық жазылудан кейін оның   нышандарының   қайта  көрініс  беруі  редцидив   деп аталады.  Ол  малдың  ауруға қарсы тұрушылығының төмендеуімен болып өткен аурудың  организмде сақталған  қоздырушылардың  активтенуінен пайда болады. Рецидивтер тұрақты иммнитетті жеткіліксіз құрылуынан болатын  ауруларға  тән (бруцелез,  туберкулез,  жылқының індетті қан аздығы).

Инфекциядан кейiнгi белсендi иммунитет қалыптасады:

a)Ауырып болғаннан кейiн

b)Вакцинадан кейiн

c)Иммунды сарысу енгiзгеннен кейiн

d)Аллергендер енгiзгеннен кейiн

e)Антибиотиктер енгiзгеннен кейiн

Иммунды жүйенiң орталық мүшелерi:

a)Сүйек кемiгi

b)Көк бауыр

c)Лимфатүйiндер

d)Гепатоциттер

e)Купферов жасушалары

Спецификалық иммунды жауаптың индукциясына қатысатын :

a)Макрофагтар

b)Нейтрофилдер

c)Тромбоциттер

d)Плазматикалық жасушалар

e)Эритроциттер

Вакциналар бөлiнедi:

a)Тiрi

b)Сарысулар

c)Аллергендер

d)Гаптендер

e)Диагностикумдар

Иммунитеттiң жасушалық теориясының негiзiн салушы:

a)Пастер

b)Кох

c)Ивановский

d)Левенгук

e)Мечников

Аллерген енгiзген жерде байқалады:

a)Инфильтрат

b)Күйiк

c)Бөртпе

d)Анафилотоксиндердiң жиналуы

e)Некроздың дамуы

Емдiк сарысу енгiзгендегi ағза десенсибилизациясын қандай әдiспен

жүргiзедi:

a)Асколи

b)Безредко

c)Манту

d)Кох

e)Ивановский

Аллергиялық реакциялар пайда болады:

a)Иммунологиялық толеранттылық жадайында

b)Ағзаның бiрiншiлiк сенсибилизациясы бар болған жадайда

c)Иммунитет жағдайы

d)Антигеннiң жоғары дозасын енгiзгенде

e)Антигендi бөлшектеп енгiзгенде

3 Аралық бақылау

Гр+ Гр- коктар .Ішек тобындағы бактериялар.Тырысқақ,эшереихиялар.

Дизентерия-антропонозды бактериальды ауру. Жұғу механизмі фекальді-оральді. Клиникалық картинасы комплитикалық синдроммен және жалпы интоксикациялық синдроммен белгіленеді.

Этиологиясы: қоздырғышы Shigella туысына жатады. Shigella 4 тобы (А,В,С,Д) және 4 түрі ажыратылады:

  • - Sh. dysenteria

  • - Sh.flexneri

  • - Sh.boydi

  • - Sh.sonnei

  • Sh.sonnei-ден басқа түрлері бірнеше сероварианттардан құралады. Шигеллада О және К антигендері бар. Олар эндотоксионнен тұрады, ал Sh. dysenteria, Sh.flexneri, Sh.sonnei экзотоксин өндіреді. Энтеро-нейро және цитотоксикалық белсенділігін иеленеді. Антибактериальді препараттарға полирезистенті және сыртқы ортаға төзімді.

Эпидемиологиясы:

Барлық жерде таралымды.

Инфекция көздері:-жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар - транзиторлы бактерия тасымалдаушы Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті өкпе ауруымен ауыратындар төндіреді. Осылардың ішінде ең қауіптісі қоғамдық орында тамақтанатын жұмысшылар.

Берілу жолы: су, тамақ, тұрмыстық қатынас арқылы беріледі. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады.

Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады.

Патогенезі:

Шигелла асқазанға түскенен кейін ашы және тоқ ішеке өтеді. Тоқ ішекте олар колоноцитке өтіп, сол жерде көбейіп өледі де эндотоксин босап жергілікті әсер көрсетеді. Sh.dysenteriae (Григорьева-Шига) дизентерияларынан басқасына бактериемия тән емес. Токсин әсер ету кезінде күрделі процесстер пайда болады. Олар: ащы ішектің функцияларының бұзылуы (асқорыту, сіңу, моторлы-эвакуаторлы). Сондай-ақ алмасу процестер (белок алмасуы), дәрумендердің және гемостаз жүйесінің бұзылуы. Аурудың дамуында басты рольді организм сенсибилизациясы ойнайды (г.з.т.) Дизентерияның дамуына макроорганизм және қорғаушы факторлар маңызды мағына береді.

Патологиялық анатомиясы: п

атоморфологиялық өзгерістер дизентерия кезінде тоқ ішектің дистальді бөлімінде көрінеді. Қабынудың келесі түрлері кездесуі мүмкін:

  • катаральді

  • катаральді-эрозиялы

  • катаральді-геморрагиялық

  • ойық-жаралы

  • фибринозды

Сальмонеллез — жұқпалы ішек ауруыАурудың қоздырғышы — сальмонелла туысына жататын таяқшалыбактериялар. Бұл бактерияларды алғаш рет 1885 ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон обамен ауырған шошқалардан тапқан. Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар. Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді. Олар суда 5, ет-шұжықсары майда 4 айға, сүтте 20 күнге,ірімшікте 1 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Малға беретін жемдерде 10 ай, топырақта 18 айға дейін сақталады. Сальмонеллар — негізінен көптеген жабайы және үй жануарларының ішек жолының қалыпты микрофлорасы.Адамдарға Сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда ауыр өтеді. Ауруды лаб-да арнайы бактериол. (қан, нәжіс, құсық қалдығы, т.б. алынады) және серол. әдіспен (Видаль реакциясы, т.б.) анықтайды. Емі: асқазанды жедел жуып-шаяды, дененің улануын әлсірететін, жоғалтқан тұз-су балансын қалпына келтіретін әр түрлі сұйықтықтарды тамырға құю, витаминдер, бактериофагтар, антибиотиктер (левомицетин, циклофлоксацин, т.б.) қабылдау. Сальмонеллез бен күресу және оның алдын алу үшін сан.-гигиен., ветеринар. және індетке қарсы шаралар кешені жүргізіледі.

Тырысқақ (лат. cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.

Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.

Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.

Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.

Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.

Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.

4 Аралық бақылау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]