Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сит задачи каз № 20 .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.93 Кб
Скачать

Ситуациялық есеп № 15

Педиатр 5 жасар қызға «жұтқыншақ күлі» диагнозын қойды. Ауырған балалның жанұясы коридорлық жүйедегі жанұялық жатақхананың 2 бөлмесінде тұрады. Жанұяда 4 адам бар: анасы балалар емханасының стоматолог дәрігері, әкесі әскери қызметкер, әжесі үй шаруасында және ағасы 8 жасар оқушы. Анасының айтуы бойынша балалр күлге қарсы егілген бірақ қанша егілгенін есінде сақтамаған. Егулер туралы құжаттар жоқ. Жанұя әкесінің жұмысы бойынша көшіп жүре береді. Осы каридорда одан басқа 5 жанұя тұрады. Оларда 6 айдан бастап 13 жасқа дейін 7 бала бар. Күлдің таралуын ескерту бойынша қандай шаралар жүргізу керек екенін көрсетіңіз?

Ситуациялық есеп № 16.

Интернатта жұтқыншақ күлімен науқас анықталды. Бала госпитализацияланды, сыныпта балаларды қарағанда және жатын бөлмеде 2 бала ангинамен, 2 бала созылмалы тонзиллитпен анықталды. Ангинамен, созылмалы тонзилитпен ауырғандарға және басқа да қатынаста болғандарға шаралар жүргізіңіз.

Ситуациялық есеп № 17

17 жастағы науқас дәрігерге бас ауыруымен, қалтырау, бұлшық еттерінің ауырсынуымен, дене температурасның 39,7 ° көтерілуімен шағымданды.

Объективті: науқас қызулы, беті мен кеудесі гипермиялы, жұмсақ таңдайда нүктелі қан құйылу байқалады. Артиялық қысым төмен, жүрек тондары әлсіз, тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Аурудың 4 күнінде денесінде геморрагиялық бөртпе пайда болды. Мойын мен қолтық асты мемор түгінділері үлкейген. Пастернацкий симтомы оң. 8 сағаттан бері кіші дәретке шықпаған.

Ситуациялық есеп № 18.

Тамыз айында совхоз тұрғындарының арасында туляремия жағдайы пайда болады. Аурудың бірінші жағдайы пайда болған күнге дейін тұрғындар өзен аңғарында малға азық дайындай бастаған.

Бірінші жағдай 10.08. тіркелген, кейінгі 5 күнде 3 адам ауырған. 16.08-нен жағдайлар күн сайын тіркеліп отырған, 97% науқастарда мықын, қолтық аймақтарында және мойнында бубон орналасқан, бубонды-жаралы форма анықталған.

5 жыл бұрын туляремияның соњғы өршуі кезінде, совхоздың барлық тұрғындары осы ауруға қарсы егілген. Келесі жылдары аурудың болмауына байланысты егулер жүргізілмеген соңғы жылдары совхоз тұрғындары жаңарған. Өршудің типін анықтап, жою жөнінде шаралар жүргізіңіз.

Ситуациялық есеп № 19.

Балық аулау кеме экипажының мүшесі портқа келгенде, безгекке күмән болып жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализацияланады. Эпидемиологиялық анамнезде: кеме портқа кірумен бағытталған Оңтүстік-Шығыс Азия акваториясында болған.

  1. Ошақты эпидемияға қарсы шаралар жоспарын құрыңыз

  2. Алдын алу шараларын жүргізу.

Ситуациялық есеп № 20.

Бөртпе сүзегі диагнозы аурудың 8 күнінде (12.03.) кір жуушы 30 жасар қызметкерге қойылды. Соңғы жұмыс күні - 9 наурыз 10 наурыздан бастап «Тұмау» диагнозымен енбекке жарамсыздық демалысында. Науқас 12 наурызда госпитализацияланды. Жанұясы 2 бөлмелі пәтерде тұрады. (жолдасы 35 ж. – монша қызметкері, қызы 6 жаста бала-бақшаға барады, шешесі 65 ж. зейнеткер)

  1. Ошақты эпидемияға қарсы шаралар жоспарын құрыңыз

  2. Ошақты эпид. тексеру картасын толтырыңыз.

------------------------------------