Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сит задачи каз № 20 .doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.93 Кб
Скачать

Ситуациялық есеп № 8.

Травмопунктқа үй итімен тістелінген 26 жастағы науқас түсті. 2-ші күні ит шешіліп, қашып кетті. Науқасқа қарсы өңдеу жүргізілді: жараны сабынды ерітіндімен жуу және оның жиегін 5% йодтың тұнбасымен өңдеу, сосын ауру үйіне жіберілді.

  1. Травмопунктегі дәрігердің қызметінің дұрыстығын бағалаңыз?

  2. Эпидемиолог дәрігердің ошақтағы әрекеті?

  3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз? Ситуациялық есеп № 9.

1992-1999 жж аралығындағы тұрғындардың сальмонеллезге шалдығуын 10.000 адамға шаға талдап шығыңыз.

Жылдар

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

Ауырғандар саны

Тұрғындар саны

238

433000

122

447000

113

460000

387

430000

221

480000

266

489000

311

510000

186

512000

Бұл берілгендерді талдап, график тұрғызыңдар.

Ситуациялық есеп № 10.

А. қаласындағы инфекциялық ауруханаға 10.04-12.04 күндері 3 күн аралығында 6 ауру сальмонеллез диагнозымен түсті ( клиникалық белгілері: жүрек айну, құсу, жасыл түсті сұйық нәжіс және жоғары температура) эпиданамнезге науқастың барлығы қаймақты базардағы 1 сатушыдан алған. Ауруханаға түскеннің 2-і декретивті топқа жатады.

1. Эпидемиологиялық тексеру жүргіземіз.

2. Ошақта эпидемияға қарсы шаралар туралы жоспар құрыңыз.

Ситуациялық есеп № 11.

16 жастағы С. науқасқа вирустық гепатит А диагнозы қойылған. Аймақтық дәрігер науқасқа емді үйінде жүргізуге кеңес берді. Тұрмыстық үйдегі жанасу адамдар: анасы 36 жас, әкесі 38 жас, інісі 14 жас, сіңлісі 9 жас.

1. Ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын құрыңыз.

2. Ошақтың эпид. зерттеу картасын толтырыңыз.

Ситуациялық есеп № 12.

1991-1998 жж аралығындағы тұрғындардың менингококктық инфекцияға шалдығуын 100000 адамға шаға талдап шығыңыз және график құрыңыз.

Жылдар

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

Ауырғандар саны

Тұрғындар саны

225

433000

6078

447000

595

460000

430

430000

180

480000

520

489000

372

510000

682

512000

Ситуациялық есеп № 13.

Мектеп-интернат оқушылары арасында жедел ішек ауруларды бұрқ ете түсті (вспышка). Екі күн ішінде дәрігерге 20 науқас қаралды. Таңертеңгі асқа бәріне қуырылған жұмыртқа берілген. 15 науқастың нәжісінен S. entеridis

табылды.

1. Ошақта індетке қарсы шаралар жоспарын құрастырыныз?

2. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз? Ситуациялық есеп № 14

26 тамызда бөлімшеде механизатор Н. ауырды. 27 тамызда фельдшерді шақыртты. Қараған кезде жағдайы ауыр, беті қызарған, температурасы 38-390 С. мықын бөлімінде бірден ауыратын бубон бар. Эпидемиологиялық анамнез жинағанда Н. соңғы аптада далада көлігінің қасында ұйықтағанда балтыр аймағында шаққан сезім байқаған анықталды. Фельдшер аудан территориясында кеміргіштерде оба эпизоотиясы бары туралы ақпарат алады. Науқас жанұясында 3 ересек адам және 6 бала бар.

Фельдшер тактикасын анықтаңыз. Эпидемияға қарсы шаралардың жоспарын құрыңыз.