Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.25 Кб
Скачать

4.3. Тауарлы есеп тағайындауді қабылдау және тексеру тәртібі

Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады.

Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды ееспке алуды материалды жауапты немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады.

Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде қабылдайды.

Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс.

Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады.

Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті.

Материалды жауапты адам басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын есеп тағайындау ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар тауадың шығуы және түсуімен байланысты болады.

4.4.Тауарлар мен ыдыстарға инвентаризация жүргізу тәртібі

Тауарлы – материалдық құндылықтарды түгендеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Оның меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгендеу комиссиясы тауарлы материалдық қорларды түгендеу тізімін жасайды. Түгендеу басталғаннан бұрын әрбір материалдық жағынан жауапты адамнан қолхат алынады. тауарлы материалдық қорларды түгендеу тізіміне әрбір жеке атау бойнша номенклатуралық нөмірі, түрі, тобы, артикулы, сорты және саны көрсетіледі. Түгендеу кезінде анықталған жарамсыз немесе бүлінген материалдар мен дайын өнімдерге тиісті актілер жасалады. Нысанның соңғы бетінде комиссия төрағасының қолын қояр алдында тауарлы материалдық қорларды түгендеу кезінде қозғалысқа түскен жағдайда құжаттардың соңғы нөмірлерін жазу үшін екі бос жол қалдырады.

Егер кем шыққан материалдар түгендеу барысында табылса, онда оны тізімге енгізеді. Белгіленген тәртіппен рәсімделгеннен кейін түгендеу тізімін салыстыру тізімімен салыстыру үшін бухгалтерияға беріледі.

Түгендеу кезінде тауарлы материалдық қорларды бір түрінен екінші түріне ретсіз ауысуға жол берілмейді. Құндылықтарды тексеру кезінде түгендеу бір күнде толығымен жүргізіліп болмаса, онда түгендеу комиссиясы түгендеу болып жатқан қойманы пломбылап, мөр соғады. Қойма толығымен тексеріліп болған соң ол қойма пломбыланып, келесі қоймаға ауысады.

Түгендеу кезінде түскен тауарлы материалдық қорларды материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясының көзінше қабылдап алады және түгендеу аяқталғаннан кейін түскенін тізімге енгізіп, кіріске алады. Бұл материалдық құндылықтар «Түгендеу кезінде келіп түскен тауарлы – материалдық құндылықтар» деген атауы бар жеке тізімге жазылады. Тізімде: олар қашан, кіммен түскені, кіріс құжаттарының күні мен нөмірі, атауы, саны бағасы мен сомасы көрсетіледі. Сонымен бір мезгілде кіріске алу құжатында түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойып, «Түгендеуден кейін» деген белгі қояды, онда осы құндылықтар жазылған түгендеу тізімінің жасалған күні көрсетіледі.

Түгендеу ұзаққа созылған уақытта жедел түрде қажетті ТМҚ-ды материалды жауапты адам басшы мен бухгалтердің жазбаша рұқсатымен түгендеу комиссиясының көзінше босатылады. Бұл құндылықтар «Түгендеу кезінде босатылған тауарлы материалдық қорлар» деген атпен түгендеу тізіміне енгізіледі. Келіп түсу мен босату құжаттары ұқсас рәсімделеді.

Жолда келе жатқан, тиелген, сатып алушылар мерзімінде ақы төлеген, басқа кәсіпорындардың қоймаларында жатқан тауарлы материалдық қорларды түгендеу тиісті шоттардағы сомалардың негізділігін егжей – тегжейлі тексеру арқылы жүргізіледі. Бұл шоттарда тауарлы материалдық қорларды тиісті түрде рәсімделген құжаттармен расталған қалдықтары болуы мүмкін; жолда келе жатқандары тиісті шоттармен, өнімді тағайындаушілердің төлем талаптарымен немесе оларды алмастыратын құжаттармен; тиелгендері – сатып алушыларға ұсынылған шот-фактурасымен, ақы төлеу мерзімі өткізілгендерді – банк мекемесінің міндетті растауымен; басқа ұйымдардың қоймаларында жатқандары – түгендеу күніне жақын күндердің аралығында қайта сақтау туралы рәсімделген қолхаттарымен; бір қалада орналасқан өнім тағайындаушілердің қоймаларында жатқандары – түгендеу күніне қайта рәсімделген сақтау қолхаттарымен расталады.

Жол үстіндегі тауарлы материалдық қорларды түгендеудің нәтижелері «Жол үстіндегі материалдар мен тауарларды түгендеу актісімен» рәсімделеді. Түгендеу аяқталғаннан кейін түгендеу нәтижелерін анықтау үшін бухгалтерия түгендеу тізімдерінің негізінде тауарлы материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін салыстыру ведомостарын жасайды. Оларға тек ауытқушылығы бар құндылықтар ғана енгізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]