Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать

10.2 Қарыз құралдарының меншік капиталының пайдалығына әсер етуі.

«Бескарағай аудандық Каз почта» Акционерлік қоғамының қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.

Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

  • инвестицияның пайдалылығына,

  • экономиканың дамуына,

  • мемлекеттің сұранысына,

  • салым мерзіміне,

  • салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.

Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номинальды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.

Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

  1. Жер құнарлылығы;

  2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

XI.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның негізгі капиталы және каржы ресурстары

11.1. Қаржы ресурстары: қалыптасу қайнар көздері және активтерге, пассивтерге салу

«Бескарағай аудандық Каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның өзін-өзі қаржыландыру – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру тәсілі. Өзін-өзі қаржыландыру – кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың ішкі қаражат көздері есебінен қаржыландырылуы. Пайда, амортизациялық аударым Өзін-өзі қаржыландыру көздері болып табылады. Алынған таза табыс өндірісті ұлғайтуға және жетілдіруге, жұмыскерлерді көтермелеуге, дивидендтерге және еңбек ұжымының әлеуметтік мәселелерін шешуге, өзге де мақсаттарға пайдаланылады Қаржылық жоспарлау  – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік  түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы  мақсатты қатынастың қалыптасун айтамыз. Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне  ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады. Осыған орай, қаржылық жоспарлау — ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді. Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту, аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру мен  резервті қаржы көздерін қалыптастыру  жатады. Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады. Қаржылық жоспарлау жағдайында қаржы жүйесінің барлық органдарының қызметі бірдей қамтылуы тиіс. Осыған байланысты қаржы жүйесінің кейбір буындары  әлсіз болған жағдайда  қаржылық жоспарлау жүйесін даярлаудың қажеттілігі туындайды. Жоспарларды құру келесі жағдайларға әсер етеді

Ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен нысандарына;

Қаржылық ресурстарды салалық және аймақтық қайта бөлістіруге;

Қаржылық жоспарлау жүйесінде ерекше, басты  орын алатын бюджеттік жоспарлау болып табылады. Бюджеттік жоспарлауда бюджетттік қорлардың қозғалысы, қалыптасу әдістері мен көздері, кірістері мен шығыстарының құрылымы айқындалады.  Бюджеттен тыс қорлардың қозғалысы: зейнетақы қорының, әлеуметтік сақтандыру қорының, мемлекеттік еңбекпен қамту қорының қаржылық жоспарларының кірістері мен шығыстарына ықпал етеді.  Бюджеттен тыс қорлардың қаржылық жоспарлауындағы кіріс бөлігіне заңды және жеке тұлғалардың ерікті және міндетті жарналары бейнеленеді. Сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға қаржылары жетіспеген жағдайда бюджеттен займдық қаражат түрінде қаржылар түсуі мүмкін.  Осыған сәйкес бюджеттен тыс қорлар бюджеттік қормен және басқа да, бюджеттен тыс қорлармен өзара тығыз байланыста болады. Қаржылық жоспарлаудың көрсеткіштеріне мемлекеттің қаржылық жағдайын  талдауға қажетті  бастапқы материалдар жатады. Олар болашақты жоспарлаудың негізін құрайды. Болжамдау –  бұл қандай да бір құбылыстың, объектінің келешекте дамуын алдын -ала көре білу мен бағдарлау. Қаржылық жоспарлау – қаржылық қатынастардың жетілдірілуі. Қаржылық болжамдау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын –ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу(дәлелдеу)болып табылады. Болжамдар  орташа мерзімде (5-10 жыл) және ұзақ мерзімге (10 жылдан аса) дайындалады. Жоспарлау  бұл  өзара байланысты қаржы тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесс.

Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары Қаржылық жоспарлаудың негізгі ұстанатын қағидаларына келесілер жатады:

Оқтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдердің үйлесуі. Бұл қағида орталықтандырылған қаржылық жопарлау мен жергілікті қаржылық жоспарлаудың үйлесуін сипаттайды.  Бұл қағида өз кезегінде мемлекетке біртекті қаржы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бірлік қағидасы –  қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен өзара байланысы мен тәуелділігін сипаттайды.  Қаржы жоспарының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр.

Үздіксіздік қағидасы келешектегі және ағымдық жоспарлау  арасындағы тығыз үйлесімділіктің болуын сипаттайды.

Қаржылық жоспарлауда келесі  әдістер  қолданылады: 1.Экстрополяция әдісі. Келешектегі  даму көрсеткіштерін нақты көрсеткіштердің динамикасы негізінде  анықтау. 2.Сараптық бағалаулар әдісі –  жоспарлауда аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалану – сарапшылардың тәжірибесін пайдалану. 3. Нормативтік әдіс –  жоспарлы көрсеткіштері бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде есептеліп шығарылады. 4.Баланстық әдіс – шығындардың олардың жабу көздерімен үйлесуін қарастырады. 5.Қаржылық бағдарламалау– нақты мақсат пен оған жетудің жолдары анықталған бағдарламалы тәсілдерін  қолдану арқылы жүзеге асырылатын әдіс. 6.Экономико-математикалық әдістер – ең тиімді процесс үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру әдісі. Бұл әдіс келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады: Жоспарлаудың бірінші кезеңінде есептік жылдағы қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалынады. Екінші кезеңде жоспарланған кезеңдегі кірістер мен шығыстардың нақты түрлеріне есептеулер жүргізіледі. Үшінші кезеңде жеке тапсырмалар мен баптар бір арнаға келтіріліп, үйлестіріледі. Егер қаржылық тапсырмалар мен шаралар  ақша ресурстарына сәйкес құрылмаса, кірістерді ұлғайтудың көздері анықталып, оларды тиімді пайдаланудың жолдары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжатына- қаржылық жоспар жатады. Қаржы жоспары – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің,  салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай  қорларын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қаржылық жоспарлаудың жүйесіне жоспарлаудың көптеген түрлері (бастапқы, жиынтық қаржылық жоспарлар) кіреді. Бастапқы қаржылық жоспарларға мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржылық жоспарының сметасы кіреді.  Жинақты қаржылық жоспарларға  жалпы мемлекеттік, аумақтық, салалық жоспарлар кіреді.  Жалпы мемлекеттік жоспарларға: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы және мемлекеттік бюджет жатады. Салалық қаржылық жоспарларға: министрліктердің кірістері мен шығыстарының балансы, материалдық өндіріс салаларының балансы, қоғамдық ұйымдардың қаржылық жоспары кіреді. Аумақтық қаржылық жоспарларға: аймақтардың  жиынтық қаржылық жоспары, жергілікті бюджет, сәйкес аумақтардың қоғамдық ұйымдарының жоспарлары жатады. Уақыт кезеңіне байланысты қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімдік  (үш -бес жылдық) және ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлауға бөлінеді. Бүгінгі таңда жылдық мерзімде аталған жоспарлардың барлығы да дайындалады.

ХІІ .«БЕСКАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ КАЗ ПОЧТА» Акционерлік қоғамының ұйымның өнімді өндіруге және сатуға кететін шығындар