- •I. Бөлім. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •1.1. Ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •II. «бескарағай аудандык каз почта»ақ-ың шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы
- •2.1. Шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.
- •III. «Бесқарағай аудандық Каз почта»акционерлік қоғамының негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі
- •3.1. Негізгі құралдар есебі.
- •3.2. Материалдық емес активтердің есебі
- •3.3. Негізгі құралдар тозуы мен амортизациясының есебі.
- •4.1. Тауарлы - материалдық запастардың жабдықтаушылардан алу реті
- •4.2. Қоймадағы және дүкендегі тауарлар есебінің ұйымдастырылуы
- •4.3. Тауарлы есеп тағайындауді қабылдау және тексеру тәртібі
- •4.4.Тауарлар мен ыдыстарға инвентаризация жүргізу тәртібі
- •4.5 Тауарды сату бойынша шығын есебі
- •V. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының еңбек және төлемнің есебі
- •5.1. Жұмысшылардың жұмысқа келуі мен жұмыстан шығарылу жөніндегі құжаттардың рәсімделу тәртібі
- •5.2. Еңбекақы бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі
- •5.3.Еңбекақы бойынша ұсталымдар.
- •5.4. Қорларға аудару есебі. Салықтар мен зейнетақы қорларының аударылуы
- •5.5. Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есебінің жүргізілуі
- •VI. «бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының меншік капиталы мен қаржылық қорытындылардың есебі.
- •6.1. Мекеменің жарғылық капиталының дұрыс қалыптасуы және құжаттардың дұрыс толтырылуы
- •6.2. Қаржылық қорытындылардың шығарылуы мен есебі
- •VII.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының қаржылық есеп беру.
- •7.1. Жылдық есеп тағайындаудің құрылуы және байланысы, алдын - ала
- •7.2. Жылдық есептің құрылуы тәртібі, жылдық табыс бойынша декларация
- •7.3. Мекеменің қаржылық жағдайының бағалануы, түсіндірмелік жазуының құрылуы
- •Vііі.«бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының ұйым каржысы.Кәсіпорының қаржылық есеп саясаты.Ұйымның қаржылык механизмі.
- •8.1 Ұйымдар қаржыларының мәні,ұйымдар қаржыларын басқару жүйесі
- •8.2 Ұйымдар қаржыларының атқаратын қызметтері.
- •8.3 Ұйымның қаржы механизмі және оның негізгі элементтері.
- •Iх.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Кәсіпорының меншік капиталы
- •9.1. Меншік капиталы және оның капитал қалыптастырудағы рөлі.
- •X.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •10.1 Қарыз капиталы және оны құраушылардың сипаты.
- •10.2 Қарыз құралдарының меншік капиталының пайдалығына әсер етуі.
- •XI.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның негізгі капиталы және каржы ресурстары
- •11.1. Қаржы ресурстары: қалыптасу қайнар көздері және активтерге, пассивтерге салу
- •12.1 Өнім өндіруге кететін шығындар ұғымы,құрамы мен құрылымы.
- •12.2 Шығындардың жіктелуі.Шығындарды аныктау әдісі.
- •13.1 Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
- •14.1 Ұйымның кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау
- •XV .«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
- •15.1 Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
4.2. Қоймадағы және дүкендегі тауарлар есебінің ұйымдастырылуы
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
Лимиттік – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жітағайындаушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.
Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.
Қоймашының лимиттік – жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік – жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік – жинақтама картаға қол қояды.
Материалдарды айырбастауға арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі – қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды.
Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай – ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады.
Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін – қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.
Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық құндылықтарды босатқан кезде талап – накладной келісімдердің, нарядтардың және басқа тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. Бірінші данасы қоймаға материалды қоймаға босатуға негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап-накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жібереді.
Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды бухгалтерияда материалды жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру реестрі немесе тауарлап есеп тағайындауді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді. Реестр – тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. Көтерме сатуда көп тараған және МЖА тауар қозғалысының есеп тағайындау үлгісі «Тауарлық есеп тағайындау», ол тауарлардың қордағы қозғалысын және қалдығын көрсетеді.
