Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.25 Кб
Скачать

4.1. Тауарлы - материалдық запастардың жабдықтаушылардан алу реті

және оның құжатталуы

Тауарлы – материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақтардан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Бесқарағай аудандық Каз почта»АҚ атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелегн Журналға тіркеледі. № М-2а нысаны төм енде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және тағайындауге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты тағайындау үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.

Бір қоймаға жататын тауарлы – материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім тағайындауші тұлғаға бір сенімхатын тағайындауіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.

Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы – материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы – материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.

Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлы –материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы –материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды.

Тауарлы – материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

  • шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы – материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы – материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы – материалдық қорлардың сомасы т.б.

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]