Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.25 Кб
Скачать

3.3. Негізгі құралдар тозуы мен амортизациясының есебі.

Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдардың) жай және кенейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.

Амортизациялық құн дегеніміз - бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабын сай келмеуі).

Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторладың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпа етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.

Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:

  • құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару

  • құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);

  • қалдығын азайту жолымен есептен шығару;

Кәсіпорында амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.

3.4.Материалды емес активтердің тозуы мен амортизациясының есебі.

Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып отыруы тиіс. Материалдық емес активтердің есебінде экономикалық қызмет ету мерзімін белгілеу жеткілікті түрде күрделі болып саналады және материалдық емес активтердің амортизациялық кезңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жөн:

  • заңды, реттеуші, келісімді жағдайларын ескеріп, олардың максималды қызмет ету мерзімімен шектелуі мүмкін;

  • жаңарту немесе ұзарту жағдайлары келсе, онда оның топшыланған қызмет ету мерзімі өзгеруі мүмкін;

  • тозу, сұраныс және басқа да экономикалық фактлорлар оның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін;

  • келешектегі бәсекелестіктердің және басқа да субъектілердің әрекеті материалдық емес активтердің бүгінгі белсенділік қабілеттілігін шектеуі мүмкін;

  • материалдық емес активтердің кейбір түрлерінің қызмет ету мерзімі сол активтердің құрамдас бөлшектері болуы мүмкін.

Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі дербес белгілей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық құқық) немесе келісім – шартпен (лицензиондық келісім). Материалдық емес активтердің мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану мерзімін 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет ету мерзімінен аспауы керек.

Материалдық емес активтерді есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады: бірқалыпты (түзу сызықты), қалдық құнын азайтатын және кумулятивтік. Әдісті таңдау активтен күтілетін экономикалық олжаның тұтыну моделіне байланысты болып келеді.

Материалдық емес активтердің арналымы бойынша пайдалануға дайындық кезеңінен бастап амортизациясын есептейді.

Материалды емес активтердің амортизация сомасын есептеу үшін, активтің пайдалы қызмет көрсететін мерзімін анықтау қажет. Оны екі түрлі жолмен іске асыруға болады. Біріншіден, пайдалы қызмет көрсету мерзімін, активтің жұмысқа жарамды уақытымен анықтауға болады. Екіншіден, оны өндірілетін өнім көлеміне сәйкес есептеп шығаруға болады немесе соған сәйкес, ұйымның активті пайдалану арқылы табыс табатын мерзіміне сәйкес анықтауға болады. Ол ұйымның активті пайдалану мерзімі аяқталған кездегі болжаған құнына тең келеді. Оның сомасы активті сатуға жұмсалған шығынды алып тастағаннан кейін қалған сомаға тең. Егер активтің пайдалы қолдану мерзмімі келісім шартпен анықталған болса, сол мерзімге сәйкес амортизация да есептелетін болады.

Материалды емес активтердің амортизациясын есептеу үшін, негізгі құралдардың амортизациясын есептеу тәсілдері қолданылады. Олар:

  • бірқалыпты (түзу сызықты) тәсіл;

  • қалдықты азайту тәсілі;

  • сандық жиынтық және пайдалану мерзіміне қарай амортизация есептеу тәсілі.

Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесеіне қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді. Амортизацияланатын құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.

Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:

  • Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса

- Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса

- Активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына

- Мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса

Нарық белсенді деп саналады, егер:

  • Нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);

  • Мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;

  • Сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса;

ІV. «БЕСКАРАҒАЙ АУДАНДЫК КАЗ ПОЧТА»Акционерлік қоғамының тауарлы - материалдық запас және жабдықтаушылардан алу реті және оның есептелуі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]