Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.25 Кб
Скачать

14.1 Ұйымның кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау

Қаржылық есеп тағайындау – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп тағайындау нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп тағайындау Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Бесқарағай аудандық Каз почтаАҚ қаржылық есеп тағайындауі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп тағайындауінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.Есеп тағайындау кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Қаржылық есеп тағайындаудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп тағайындау мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп тағайындаудің деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.Қаржылық есеп тағайындау құрамы мен элементтері. ҚР-ның президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес: Бухгалтерлік баланстан; Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен; Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады. Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме хаттардан сондай ақ басқа да қосымша ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады

Бесқарағай аудандық Каз почтаАҚ қаржылық есеп негізінде мекеменің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында анықтап, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай - ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады.

Ол мекеменің мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, мекеменің нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвистия жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.

Мекеме үшін бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол – біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметті толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды қажет мәліметпен қамтамасыз ету. Балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. «Бас кітап» көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Мекеменің қызметін оның Уәкілетті органы қаржыландырады. Мүлік пен қаржы қаражатын қалыптастырудың көзі мыналар болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да табыс көздері бар. Мекеме қаржы қаражатына дербес билік жүргізеді, оның ішінде біріңғай тарифтік тор негізінде біліктілік талаптарына сәйкес қызметкерлердің еңбекақысының ставкаларын тағайындайды және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде еңбекке ақы төлеуге бағытталған қаражат шектерінде үстемелердің, қосымша төлемдер мен басқа да ынталандыру сипатындағы төлемдердің түрлері мен мөлшерін, сондай – ақ мекеменің қызметін басқару құрылымын, штат кестесін, лауазымдық міндеттердің бөлінісін айқындайды

Кесте №2

Өндірістік негізгі қорларға талдау жүргізіндер.

Көрсеткіштер

Өткен жыл

Есепті жыл

Ауытқу

Өсу темпі

1.

Бөлшек сауда айналымы

5000

6000

+1000

120

2.

Негізгі қорлардың жылдық орташа құны

80

100

+20

125

3.

Айналым құралдарының жылдық орташа құны

120

150

+30

125

4.

Пайда

700

800

+100

114

5.

Қор қайтарымы

62,5

60

-2,5

96

6.

Қор сиымдылығы

0,016

0,17

+0,154

104,2

Шешуі:

Қор қайтарымы=Сауда айналымы/негізгі қорлар

Қор сиымдылығы=Негізгі қорлар/сауда айналымы

5000/80=62,5

80/5000=0,016

6000/100=60

100/6000=0,17

Ауытқу=есепті жыл - өткен жыл

6000-5000=+1000

100-80=+20

150-120=+30

800-700=+100

Өсу темпі=(Есепті жыл/Өткен жыл)*100%

(6000/5000)*100%=120

(100/80)*100%=125

(150/120)*100%=125

(800/700)*100%=114

(60/62,5)*100%=96

(0,17/0,016)*100%=104,2

Қорытынды: Берілген кесте бойынша мынадай қорытынды шығаруға болады: бөлшек сауда айналымы +1000-ға артты және ол кәсіпорынға оң әсерін тигізді. Сонымен қатар негізгі қорлардың құны +20-ға өсті, ал негізгі қорлардың жылдық орташа құны өткен жылмен салыстырғанда +30-ға, кәсіпорын табысы өткен жылмен салыстырғанда +100-ге артты. Бұл кәсіпорынның жылдан жылға бір орында тұрмай, өзінің активтерін тиімді қолдана отырып артық пайда түсіргенін көруге болады. Бұл кәсіпорын қызметіне жағымды әсер етті, бірақ қор қайтарымы мен қор сиымдылығы теңескен жоқ. Қор қайтарымы -2,5-ке кеміп, яғни өсу темпі 96 пайызға төмендеді. Қор сиымдылығы айтарлықтай шығынға ұшыраған жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]