Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.25 Кб
Скачать

12.1 Өнім өндіруге кететін шығындар ұғымы,құрамы мен құрылымы.

«Бескарағай аудандық Каз почта» Акционерлік қоғамының өндіріс процесінде еңбек құралдары мен еңбек заттарын пайдалана отырып, жұмысшылардың күшімен қандай да бір дайын өнім өндіріліп шығады. Ең басты мақсат өндіріс процесінде шығарылатын өнімді неғұрлым сапалы және арзан өндіру.

Кәсіпорында өндірісті мынадай түрлерге бөледі:

Негізгі өндіріс – бұл өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, өнімді стауға және зауыт ішінде тұтынуға арналған жартылай фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс – негізгі өндіріске қызмет көрсетеді.

Қосымша өндіріс – негізгі өндірістен қалған қалдықтарды және негізгі өндіріске материалдарды дайындайтын цехтар.

Эксперименталдық цехтар – жаңа өнім жаңа технологиялық байқаудан өтетін цех.

Әлеуметтік сала бөлімдері – бұл бөлімдер кәсіпорын жұмысшыларының қызметіне көмек көрсетеді.

Кәсіпорында болатын шығындар өндіріске қатысы бойынша келесідей бөлінеді:

өндірістік және өндірістік емес

тура және жанама шығындар

тұрақты және ауыспалы шығындар

элементтік және кешендік

Өндірістік шығындар 8-ші бөлімдегі шоттарда есептеледі. Оның есебіндегі негізгі қағидалары:

Аталып өткен шоттардың көрсеткіштері құпия болып келеді, сондықтан үлкен кәсіпорында 2 есеп бөлімі болады:

- қаржылық есеп жүргізетін есеп бөлімі;

- өндірістік есеп жүргізетін бөлім.

Егер осы аталған шоттардың қалдығы болса, жыл соңында қаржылық қалдығы ескі шоттар үлгі жоспары бойынша 21 бөлімшенің шотына, ал жаңаша 1340 шотына апарылады.

8 бөлім шоттары өндіріске байланысты бөлімшелер болып топтастырылады. Бұл шоттардың ішінде элементтік шоттар бар транзиттік шоттар болады, яғни элементтік шоттарда ай бойы шығындар есептеліп, ай соңында басты шоттарға апарылад (үстеме шығыстарға).

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып, жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс . (Бұл қазандық электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу механикалық цехы, автотранспорт және т.б.).

Көмекші өндіріс есебін ұйымдастыру олардың түрлері мен атқаратын функцияларына, технологиялық процесс сипаттамасы және өндірілетін өнімге, өндіріс көлемі мен басқарудың ұйымдастыру нысандарына байланысты.

Түрлері мен атқаратын функциялары бойынша көмекші өндіріс келесі топтарға бөлінеді:

  • инструменталды (дайындау, сынған құрал-саймандарды жөндеу және қалпына келтіру);

  • жөндеу (монтаждау, негізгі құралдарды, құрал-жабдықтарды жөндеу);

  • энергетикалық (электр, жылу және басқа да энергияны өндіру мен тарату);

  • транспорттық (көліктік және тиеу-түсіру жұмыстары);

  • таралық (тараларды жөндеу (ыдыс және ыдыстарды жөндеу);

  • шаруашылық қызмет көрсету (арнайы киімдерді қалпына келтіру, жуу, өндіріс орындарын жинау).

  • Көмекші өндіріс технологиялық процесіне байланысты келесілерге бөлінеді:

  • дара (тапсырыс беруде жеке дара түрінде дайындау);

  • сериялық (құрал-саймандардың және қосалқы бөлшектердің сериялық түрлері);

  • жалпы (энергияны жалпы өндіріс бойынша тарату, көліктік және тиеу-түсіру жұмыстары).

Көмекші өндірісте өндірілетін өнімнің біртектілігіне байланысты олар:

  • қарапайым - бұл өндіріс біртекті күрделілігі бірдей өнімді шығарады (энергиялық, көліктік, шаруашылық қызмет көрсету);

  • күрделі – бұл өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады. Оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізіледі және олардың шала фабрикаттары мен аяқталмаған өндірісі болады (құрал-саймандық, жөндеу және таралық).

Көмекші өндіріс өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты:

  • ірі өндіріс;

  • ұсақ өндіріс.

Барлық шығындар түрлері тәрізді көмекші өндіріс шығындары да тура және жанама, шартты-тұрақты және шартты-ауыспалы, негізгі және қосалқы түрлері бойынша сипатталады. 8300 «Көмекші өндіріс» шоты активті, негізгі, әрекеттік және калькуляциялық. Жыл басында қалдығы дебеті бойынша көрсетіледі. Көмекші өндіріс бойынша өндірістік және қаржылық есеп шоттарының арасындағы байланысты жүзеге асыруда 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоты пайдаланылады. Көмекші өндіріс бойынша 8300 шотының бір элементтік шоттарына келесі шоттар жатады:

8311 – материалдар

8312 - өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы

8313 – еңбекақыдан аударымдар

8314 – үстеме шығыстар

Бұл шотта есеп ай бойы жүргізіледі, ал ай соңында аталған шоттар жабылып (кредиттеліп) 8300 шотына апарылады (дебеттеледі).

Көмекші өндіріс шығындарының есебі № 10 журнал-ордердің № 1, 2 тізімдемелерінде жүргізіледі. Бұл тізімдемелерде өндіріліп шығарылған өнімнің өзіндік құны оған көрсетілген қызметтердің пайда болу орындары бойынша бағалары анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]