- •I. Бөлім. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •1.1. Ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •II. «бескарағай аудандык каз почта»ақ-ың шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы
- •2.1. Шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.
- •III. «Бесқарағай аудандық Каз почта»акционерлік қоғамының негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі
- •3.1. Негізгі құралдар есебі.
- •3.2. Материалдық емес активтердің есебі
- •3.3. Негізгі құралдар тозуы мен амортизациясының есебі.
- •4.1. Тауарлы - материалдық запастардың жабдықтаушылардан алу реті
- •4.2. Қоймадағы және дүкендегі тауарлар есебінің ұйымдастырылуы
- •4.3. Тауарлы есеп тағайындауді қабылдау және тексеру тәртібі
- •4.4.Тауарлар мен ыдыстарға инвентаризация жүргізу тәртібі
- •4.5 Тауарды сату бойынша шығын есебі
- •V. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының еңбек және төлемнің есебі
- •5.1. Жұмысшылардың жұмысқа келуі мен жұмыстан шығарылу жөніндегі құжаттардың рәсімделу тәртібі
- •5.2. Еңбекақы бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі
- •5.3.Еңбекақы бойынша ұсталымдар.
- •5.4. Қорларға аудару есебі. Салықтар мен зейнетақы қорларының аударылуы
- •5.5. Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есебінің жүргізілуі
- •VI. «бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының меншік капиталы мен қаржылық қорытындылардың есебі.
- •6.1. Мекеменің жарғылық капиталының дұрыс қалыптасуы және құжаттардың дұрыс толтырылуы
- •6.2. Қаржылық қорытындылардың шығарылуы мен есебі
- •VII.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының қаржылық есеп беру.
- •7.1. Жылдық есеп тағайындаудің құрылуы және байланысы, алдын - ала
- •7.2. Жылдық есептің құрылуы тәртібі, жылдық табыс бойынша декларация
- •7.3. Мекеменің қаржылық жағдайының бағалануы, түсіндірмелік жазуының құрылуы
- •Vііі.«бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының ұйым каржысы.Кәсіпорының қаржылық есеп саясаты.Ұйымның қаржылык механизмі.
- •8.1 Ұйымдар қаржыларының мәні,ұйымдар қаржыларын басқару жүйесі
- •8.2 Ұйымдар қаржыларының атқаратын қызметтері.
- •8.3 Ұйымның қаржы механизмі және оның негізгі элементтері.
- •Iх.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Кәсіпорының меншік капиталы
- •9.1. Меншік капиталы және оның капитал қалыптастырудағы рөлі.
- •X.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •10.1 Қарыз капиталы және оны құраушылардың сипаты.
- •10.2 Қарыз құралдарының меншік капиталының пайдалығына әсер етуі.
- •XI.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның негізгі капиталы және каржы ресурстары
- •11.1. Қаржы ресурстары: қалыптасу қайнар көздері және активтерге, пассивтерге салу
- •12.1 Өнім өндіруге кететін шығындар ұғымы,құрамы мен құрылымы.
- •12.2 Шығындардың жіктелуі.Шығындарды аныктау әдісі.
- •13.1 Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
- •14.1 Ұйымның кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау
- •XV .«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
- •15.1 Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
III. «Бесқарағай аудандық Каз почта»акционерлік қоғамының негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі
3.1. Негізгі құралдар есебі.
Негізгі құралдар дегеніміз- ұзақ уақыт бойы материалды өндіріс саласында да, өдірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Кәсіпорында негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі құралдары қабылдау-тапсыру (орын ауыстыу) актісі негізінде құралдар құрамына жекелеген объктілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезіне (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуы, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдарды кәсіпорында ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (тағайындау) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі», ескіру жіне тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін «Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау – тапсыру актілері» негізінде жазылады.
Егер де объектінің сандық та және сапалықта көрсеткіштері айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.Кәсіпорында негізгі құралдар есебі бойынша 2410 активтік шоты қолданылады. Бұл шоттың дебеті бойынша ұлғаюы, кредиті бойынша азаюы көрінеді. 2410 «Негізгі құралдар» шотының есептік-экономикалық сипаттамасы – активтік, негізгі, инвентарлық.
3.2. Материалдық емес активтердің есебі
«Бесқарағай аудандық Каз почта» АҚ – ның материалдық емес активтеріне тоқталатын болсақ: жалпы алғанда,материалды емес активтер келешекте табыс келтіретін ұзақ мерзімді келешекте табыс келтіретін ұзақ мерзімде пайдаланылатын және қолмен ұстауға жатпайтын экономикалық ресурстар.Бұлардың физикалық үлгісі болмайды .Халықаралық стандарттарға сәйкес, сезілмейтін активтер (саудалық марка, патенттер) егер олардың өлшеу құны бар болып, мекеме сатып алған болса, активтер құрамына қосылады. Кейбір қаржылардың түрі де, айталық дебиторлық қарыздар мен төленген аванстар, көзге көрінбейтін активетр болып саналады, бірақ олар қысқа мерзімді болғандықтан материалды емес активтердің қатарына жатқызылмайды. Материалды емес активтер төменгі бағамен сатып алынуы мүмкін және кейіннен олардың бағасының өсуіне қарамастан, баланстағы құнын өзгертпейді. Материалды емес активтер нарықтық баға бойынша сатып алынған болса, есеп жүйесінде сол сатып алынған бағасымен көрсетіледі.
Жаңа өнімдерді өндіруге байланысты жасалған шығындарды, өнімнің өзіндік құнына, келешектегі шығындар ретінде, белгіленген уақыт ішінде бөлшектеп қосып отыру туралы шешім қабылданған. Ондай шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу есебін, оларды топтап шығаруды бастаған кезде, шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай, сметалық шығындарды ескере отырып жүргізеді.
«Бесқарағай аудандық Каз почта» АҚ– ның материалды емес активтері мекемелердің бірігуіне сәйкес мемлекеттік субсидия есебінен сатып алынуы, айырбасқа алынуы мүмкін. Айырбас арқылы сатып алынған өзара теңдес материалдық емес активетрдің бастапқы баланстық құны, активтерді алмастырумен келген бағасы бойынша есепке алынады. Теңдес емес активтерге айырбасталып алынған материалды емес активтер, айырбасқа ұсынылған активтің сату бағасы бойынша есепке алынады.
Мысалы, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, ақша қаражаты, бағалы қағаздар, заттар ғана емес, сонымен қатар меншіктік құқықтар, интелектуалдық қызмет нәтижесі және басқа да мүліктерді қосуға болады.
Материалды емес активтер бастапқы кезеңде жасалған келісім шарттағы бағамен немесе арнайы құрылған комиссияның қойған бағасымен кіріске алынады. Кей жағдайда материалды емес активтер өздерінің нақты құнынан әлдеқайда жоғары бағаланады. Бұл активтердің материалдық үлгісі болмағанына қарамастан, олар келіп түскен құжаттарына сай, материалды емес активтердің амортизациясы көрсетіле отырып, есепке алынады. Тауарлық белгі, технология, ноу-хау тәрізді материалды емес активтердің құқығы, тараптардың келісімі бойынша, нарықтық шектеулермен (франчайзинг) бір біріне берілуі мүмкін.
Материалды емес активтер басқа мекемелерге, болмаса жеке тұлғаларға сатылса, тегін берілсе және моральдық тозуына орай немесе пайда келтіруін тоқтауына байланысты есептен шығарылады.
Материалды емес активтерді танудың бір шарты ондай активтерді пайдаланудан ұйым келешекте экономикалық пайда табуға тиісті. Материалды емес активтер оларды сатып алуға төленген қаржы көлемінде бағаланады (бастапқы баға). Материалды емес активтің бастапқы құнына ұйым сатуға алуға жұмсаған нақты шығындарын кіргізеді, сонымен қоса қайтарылмайтын салықтар мен алымдарды, және активтерді тікелей пайдалануға байланысты жұмсаған кез келген шығындарын қосады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде сатып алынған материалды емес активтер былайша көрсетіледі.
Материалды емес активтердің пайдалы қызмет көрсету мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс, болмаған жағдайда ондай активтер материалды емес активтердің қатарына қосылмайды.
Жасалынған материалды емес активтердің өзіндік құнына төмендегі шығындар кіреді:
материалдар мен қызмет түрлерінің шығындары;
активті жасау кезінде еңбек еткен еңбеккерлердің еңбек ақысы мен басқа да шығындары;
активті жасау кезінде тікелей жұмсалған кез келген шығындар (алымдар, потенттер мен лицензиялардың амортизациясы);
