Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.25 Кб
Скачать

Iх.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Кәсіпорының меншік капиталы

9.1. Меншік капиталы және оның капитал қалыптастырудағы рөлі.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.  Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.  Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:  - жарғылық капитал;  - резервтік капитал;  - бөлінбеген кіріс. 

Меншікті капитал дегеніміз – корпорацияның құрал – жабдықтарының жалпы құны. Жарғылық капитал – корпорация құрылғанна бастап және оның құрамында әр – қашан да болады.  Резервтік капитал – пайданың көлемінен есеп алу негізінде жүзге асады.  Негізгі капитал – капитал бөлігі, корпорация қолданысында айналымсыз активтерді инвестициялау. Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.  Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.  Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді.  Кәсіпорындардың (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.  Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).  Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.  Барлық ұйымдардың меншікті капиталына екі қасиет тән. Біріншіден, ол материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын өзгертетін «меншікті құралдар» түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.  Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:  • жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;  • мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;  • меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;  • инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;  • резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;  • алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету. 

Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яғни қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.

Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал(жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.

Негізгі капитал (немесе негізгі қорлар) - өндірісте көп рет қатысатын еңбек құралдары, олар  біртіндеп физикалық және моральды түрде тозады (ескіреді) және бөлшектеп (тозу шамасына қарай) өз құнын өндірілген өнімнің құнына (амортизация) қарай ауыстырады. Осылай, негізгі капиталдың құныдайын өнімнің құнымен біртіндеп өтеледі. Тауар сатылғаннан кейін ол кәсіпкерге ақшалай нысанда амортизациялық аударымдар түрінде бөлшектеліп қайтарылады, олар еңбек құралдарын жөндеуге, жаңартуға және жандандыруға пайдаланылады. Ақшалай нысандағы негізгі қорлар негізгі қаражат деп аталады. Негізгі капиталдың құрылымында актив қорлар (өндіріске ткелей қатысатын – станоктар, машиналар және басқа да жабдықтар) мен пассивқорлар (өндіріс үшін қажетті жағдайлар туғызады - өндірістік ғимараттар, құрылымдар және басқа да объектілер) болады

Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың үш басты көрсеткіштерін бөліп айтуға болады:  1) қорқайтарымы - ол  қорлардың өнімділік деңгейін білдіреді және қор құнының бірлігіне келетін өнім құнымен белгіленеді; 2) қорсыйымдылығы – қорқайтарымға керісінше көрсеткіш, ол өнім бірлігін шығаруға арналған негізгі қорлардың шығынын сипаттайды; 3) құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті.

Айналым капиталы (немесе айналым қорлары) - өндірісте көп рет қатысатын еңбек құралдары. Олар толығымен қолданылады және толығымен, бірден өз құнын өндірілген өнімнің құнына ауыстырады. Осылай, айналу қорларының құндары әрбір айналған сайын дайын өнімнің құнымен өтеледі және толығымен тауарларды табысты сату жағдайында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып оралады. 2.1-кесте негізгі және айналу қорларының басты салыстырмалы сипаттамаларын көрсетеді.

Кесте - Негізгі және айналым капиталдары арасындағы басты айырмашылықтар

 

Негізгі капитал

Айналым капиталы

Не жатады

Еңбек құралдары (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.)

Еңбек заттары (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және

т.б.)

Өндіріске қалай қатысады

Көп рет

Бір рет

Қалай шығындалады

Біртіндеп тозады

Толық тұтынылады

Өндірілген тауарлардың құнына өз құнын қалай аударады

Біртіндеп, бөлшектеп, тозу шамасына қарай

Бірден және толығымен

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]