Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.25 Кб
Скачать

8.2 Ұйымдар қаржыларының атқаратын қызметтері.

« Бесқарағай аудандық Каз почта» АҚ – ның ұйымдар қаржыларының атқаратын қызметтері келесідей. Қаржының бөлу функциясы арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асады. Бұл функцияның көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді. Қаржының бөлу функциясының қызмет ету объектісі болып жалпы қоғамдық өнім құны, сонымен қатар ақшалай нысанда сипатталатын ұлттық байлықтың бөлігі болып табылады. Қаржылық бөлудің субъектілері болып ұдайы өндіріс үдерісінің қатысушылары және иелігінде нысаналы мақсаттағы қорлары бар заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме, азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материалдық өндіріс, айналыс және тұтыну салалары тәрізді қоғам өмірінің барлық саласында жүреді. Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден, табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан, ақша қорларын жасаудан туындайды. Қаржының көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүргізіледі.

Қаржылық бюджеттік әдіс- ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады.

Кредиттік банктік әдіс- ол уақытша бос қаржыны ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.

Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әр түрлі экономикалық жеңілдіктер кезінде жүзеге асырады.

Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әр түрлі ынталандырғанда жүзеге асады.

Бақылау қызметі қаржының бөлгіштік қызметінен туындайды. Бұл функцияның арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтайды және де кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі. Қаржы жүйесі мен салық қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығын бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынандай түрлері бар: қаржылық шаруашылық бақылау, қаржылық - бюджеттік бақылау және несиелік - банктік бақылау.

Қаржылық-шаруашылық бақылау фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған. Қаржылық-бюджеттік бақылау кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін және де бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың орындалуына қарай берілуін бақылайды.

Несиелік-банктік бақылау фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілділігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер көрсету) жүйесі арқылы жүргізіледі.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» ҚР –ның 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474 заңына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.        1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;        2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;        3) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;       4) қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;        5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;        6) қаржылық көрсетілетін қызметтер – сақтандыру нарығына,  бағалы қағаздар нарығынақатысушылардың, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерінжүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, орталық депозитарийдің, бірыңғай тіркеушінің және өзара сақтандыру қоғамдарының лицензиялауға жатпайтын қызметі туралы құқықтары көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]