Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.25 Кб
Скачать

Vііі.«бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының ұйым каржысы.Кәсіпорының қаржылық есеп саясаты.Ұйымның қаржылык механизмі.

8.1 Ұйымдар қаржыларының мәні,ұйымдар қаржыларын басқару жүйесі

« Бесқарағай аудандық Каз почта» АҚ – ның ұйымдар қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функциларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады. Экономикалық мәні жағынан ұйым қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Ішкі ұлттык өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің өзыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттін қаржыларына тән сипат болып табылады. Егер қаржылық қатынастарды топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік үдерістерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады. Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде калыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыстар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қара- мағына қаржылык әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері - республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органда- ры үшін тірліктің каржы базасы болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда қаржысы – біртұтас қаржы жұйесінің құрамдас бөлігі.Мемлекеттік сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы тауар – ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады.

Кәсіпорындардың қаожысы ақша түріндегі ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді.Оларды халықшаруашылығындадамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп пайдалануға қолданылады.Кәсіпорындардың қаржысы халықшаруашылығын басқару жүйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы.Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге кәсіпорының қызметін жүзеге асырады.

Кәсіпорындармен ұйымдардың қаржысы мыналар:кәсіпорцындар,ұйымдар, бірлестіктер, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрлыс, көлік, сауда, дайындау, тұрғын үй коммуналдық қызметін жүзеге асырушы шаруашылық аралық қаржыларын қамтиды.

Кәсіпорындармен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар.Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде.Мысалы: кәсіпорындармен мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдіруде.Көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі. Қаржының бюджетпен шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін-өзі қаржыландырумен ауыстырылады.

Ұйым қаржысын басқарудың нарықтың даму кезеңіндегі жүйесінде құрамды бөлігіне қаржы стратегиясы жататын даму стратегиясына басты орын беріледі. Қаржы стратегиясының маңызды роль атқаруы – оның құрылым фундаменті болып табылатын қаржы, ақша, несие сияқты басты экономикалық категорияларының табиғи маңыздылығымен негізделеді. Нарықтық даму заңдарына бағынып бұл категориялардың қозғалысы, олардың қайта өндіріс процесстеріне орындалатын кез-келген бизнес үшін қатысуы, олармен тарату, реттеу және бақылау әмбебаптың сипаты қаржы стратегияның ерекше статусын анықтайды.  Кәсіпорынның қаржы стратегиясы қаржы сферасындағы нарық субъектілерінің арасында әртүрлі қатынастар сипаттайтын экономикалық категория болып табылады. Бұл категория нарықтағы кәсіпорынның мінезін анықтайды және оның рыноктык позициясын қалыптастырады.  Қаржы стратегиясының қалыптасу табиғатын, мазмұнын, шарттарын және қағидаттарын зерттеу қажеттілігі Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардан тікелей шығады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]