Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.25 Кб
Скачать

7.2. Жылдық есептің құрылуы тәртібі, жылдық табыс бойынша декларация

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып , олардың құндарын өлшейді . Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын активтер құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі:есептеу, шындық, алаламау,яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау және тағы басқалары.Тауарды сатқаннан түсетін табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады:табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлділікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда ; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл стаушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде ттанылады:

-есеп тағайындау күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;

-мәмілені жүргізу кезінде жұмаслған шығыстары да,мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай ақ тауарлы материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға тағайындауден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін.

 Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады.            

7.3. Мекеменің қаржылық жағдайының бағалануы, түсіндірмелік жазуының құрылуы

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп тағайындаудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын,орналастырылуын және пайдаланылуын , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын , баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп тағайындау кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қаржылық есеп тағайындаудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп тағайындау кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп тағайындау мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп тағайындаудің деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді , қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп тағайындау көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау , кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]