- •I. Бөлім. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •1.1. Ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •II. «бескарағай аудандык каз почта»ақ-ың шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы
- •2.1. Шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.
- •III. «Бесқарағай аудандық Каз почта»акционерлік қоғамының негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі
- •3.1. Негізгі құралдар есебі.
- •3.2. Материалдық емес активтердің есебі
- •3.3. Негізгі құралдар тозуы мен амортизациясының есебі.
- •4.1. Тауарлы - материалдық запастардың жабдықтаушылардан алу реті
- •4.2. Қоймадағы және дүкендегі тауарлар есебінің ұйымдастырылуы
- •4.3. Тауарлы есеп тағайындауді қабылдау және тексеру тәртібі
- •4.4.Тауарлар мен ыдыстарға инвентаризация жүргізу тәртібі
- •4.5 Тауарды сату бойынша шығын есебі
- •V. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының еңбек және төлемнің есебі
- •5.1. Жұмысшылардың жұмысқа келуі мен жұмыстан шығарылу жөніндегі құжаттардың рәсімделу тәртібі
- •5.2. Еңбекақы бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі
- •5.3.Еңбекақы бойынша ұсталымдар.
- •5.4. Қорларға аудару есебі. Салықтар мен зейнетақы қорларының аударылуы
- •5.5. Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есебінің жүргізілуі
- •VI. «бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының меншік капиталы мен қаржылық қорытындылардың есебі.
- •6.1. Мекеменің жарғылық капиталының дұрыс қалыптасуы және құжаттардың дұрыс толтырылуы
- •6.2. Қаржылық қорытындылардың шығарылуы мен есебі
- •VII.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының қаржылық есеп беру.
- •7.1. Жылдық есеп тағайындаудің құрылуы және байланысы, алдын - ала
- •7.2. Жылдық есептің құрылуы тәртібі, жылдық табыс бойынша декларация
- •7.3. Мекеменің қаржылық жағдайының бағалануы, түсіндірмелік жазуының құрылуы
- •Vііі.«бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының ұйым каржысы.Кәсіпорының қаржылық есеп саясаты.Ұйымның қаржылык механизмі.
- •8.1 Ұйымдар қаржыларының мәні,ұйымдар қаржыларын басқару жүйесі
- •8.2 Ұйымдар қаржыларының атқаратын қызметтері.
- •8.3 Ұйымның қаржы механизмі және оның негізгі элементтері.
- •Iх.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Кәсіпорының меншік капиталы
- •9.1. Меншік капиталы және оның капитал қалыптастырудағы рөлі.
- •X.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •10.1 Қарыз капиталы және оны құраушылардың сипаты.
- •10.2 Қарыз құралдарының меншік капиталының пайдалығына әсер етуі.
- •XI.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның негізгі капиталы және каржы ресурстары
- •11.1. Қаржы ресурстары: қалыптасу қайнар көздері және активтерге, пассивтерге салу
- •12.1 Өнім өндіруге кететін шығындар ұғымы,құрамы мен құрылымы.
- •12.2 Шығындардың жіктелуі.Шығындарды аныктау әдісі.
- •13.1 Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
- •14.1 Ұйымның кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау
- •XV .«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
- •15.1 Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
6.2. Қаржылық қорытындылардың шығарылуы мен есебі
Ұйымдардың қаржылық қорытындысы жөніндегі қызметінің нәтижесі және ұйымның, тапқан таза пайдасының көлемі жөніндегі мәліметтер экономикалық ресурстардың потенциалды өзгеріске түсуі мен көбеюін сипаттап отырады. Сонымен қатар, қаржылық нәтижені есептеу мен талдау арқылы ұйымдардың ресурстық базасын қалыптастыру жөніндегі мүмкіндігін және түсетін ақша ағынын болжауға да болады. Қаржылық нәтиже ұйымдар қызметінің тиімділігін және қосымша келтірілген ресурстардың осы жылғы сипатын анықтау үшін де қажет. Мұндағы бір айта кететін жағдай - қаржылық нәтиже мен қаржылық қор ұғымдарын шатыстырмауда. Мәселен, қаржылық нәтиже түскен таза пайданы көрсетсе, қаржылық қор барлық қаржылық ресурстарды айналымдағы капиталды, активтерді, ақша қаражаты жөніндегі экономикалық ұғымдарды сипаттауға арналған. Қаржылық қорытындының құрамы мен құрамдас бөлігі бірімен-бірі тығыз байланыста болады. Сондықтан, қаржылық қорытындының кейбір элементтері орын алған операциялар мен оқиғаларды бірнеше бағытта сипаттап, зерделеу үшін қажет. Мысалға, табыстар мен шығындар жөніндегі қорытындыны бухгалтерлік баланссыз және қаржылық өзгеріс жөніндегі қорытынды есепсіз шығаруға болмайды. Қаржылық қорытынды есеп жасаудың құрамы мен құрылымы басқа да қосымша ақпараттар жасаумен толықтырылуы мүмкін. Мысалға, қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушылар талабын қанағаттандыру мақсатында бухгалтерлік баланстың жекелеген баптары және табыстар мен шығындар т.б. жөніндегі ақпараттарды жіктеп талдау үшін қосымша кестелер мен үлгілер жасауға да болады. Экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыру барысында, қаржылық қорытынды есеп жасау әрекеттері кейбір жағдайларда шектеулі дәрежеде болатындығын және экономикалық заңдарға байланысты екендігін есте сақтаған жөн.
Қазақстандық «қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздің» 7-ші тарауының 25 тармағында, «Қаржылық қортынды есеп тапсырудағы ақпараттар түсінікті болуы керек делінген. Іскерлік пен экономикалық қызметі және бухгалтерлік есептегі ақпараттарды ыждағаттықпен зейін салып зерттеуі үшін пайдаланушылардың жеткілікті дәрежеде арнайы білімі болуы керек. Алайда, қаржылық қортынды есеп жөніндегі мәселелердің қажеттілігіне байланысты ақпарат пайдаланушылар экономикалық аса қажетті күрделі сұрақтарды шеше білуі қажет.
Акционерлік қоғамдар және басқада шаруашылық жүргізуші қоғамдар міндетті түрде пайданың есебінен резервтік капитал құрады. Резервтік капитал мөлшері акционерлік қоғамның жарғысында жарғылық капиталдың 15% нан кем емес дәрежеде белгіленеді. Резервтік капиталдағы қаражат алдын-ала анықталмаған зияндарды жабуға арналады. Қоғамның басқада қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда резервтік капиталдағы қаражат көздер акционерлік қоғам шығарған артықшылықтағы акциялар бойынша дивиденттер төлеуге, облигациялар пайызын төлеуге жұмсалынады. Резервтік капитал қаражатын жұмсау акционерлік қоғамның жарғысында жазылады. Белгіленген резервтік капитал көлемі толығымен қалыптасқанға дейін акционерлік қоғам өзінің тапқан таза пайдасынан әр жыл сайын резервтік капиталға аударып отырады. Мақсатты жұмсау нәтижесінде, сомасы азайған резервтік капиталға әрбір келесі жылы таза пайданың есебінен қосымша аударымдар жасалынып отырады.
