- •I. Бөлім. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •1.1. Ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •II. «бескарағай аудандык каз почта»ақ-ың шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы
- •2.1. Шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.
- •III. «Бесқарағай аудандық Каз почта»акционерлік қоғамының негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі
- •3.1. Негізгі құралдар есебі.
- •3.2. Материалдық емес активтердің есебі
- •3.3. Негізгі құралдар тозуы мен амортизациясының есебі.
- •4.1. Тауарлы - материалдық запастардың жабдықтаушылардан алу реті
- •4.2. Қоймадағы және дүкендегі тауарлар есебінің ұйымдастырылуы
- •4.3. Тауарлы есеп тағайындауді қабылдау және тексеру тәртібі
- •4.4.Тауарлар мен ыдыстарға инвентаризация жүргізу тәртібі
- •4.5 Тауарды сату бойынша шығын есебі
- •V. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының еңбек және төлемнің есебі
- •5.1. Жұмысшылардың жұмысқа келуі мен жұмыстан шығарылу жөніндегі құжаттардың рәсімделу тәртібі
- •5.2. Еңбекақы бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі
- •5.3.Еңбекақы бойынша ұсталымдар.
- •5.4. Қорларға аудару есебі. Салықтар мен зейнетақы қорларының аударылуы
- •5.5. Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есебінің жүргізілуі
- •VI. «бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының меншік капиталы мен қаржылық қорытындылардың есебі.
- •6.1. Мекеменің жарғылық капиталының дұрыс қалыптасуы және құжаттардың дұрыс толтырылуы
- •6.2. Қаржылық қорытындылардың шығарылуы мен есебі
- •VII.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының қаржылық есеп беру.
- •7.1. Жылдық есеп тағайындаудің құрылуы және байланысы, алдын - ала
- •7.2. Жылдық есептің құрылуы тәртібі, жылдық табыс бойынша декларация
- •7.3. Мекеменің қаржылық жағдайының бағалануы, түсіндірмелік жазуының құрылуы
- •Vііі.«бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының ұйым каржысы.Кәсіпорының қаржылық есеп саясаты.Ұйымның қаржылык механизмі.
- •8.1 Ұйымдар қаржыларының мәні,ұйымдар қаржыларын басқару жүйесі
- •8.2 Ұйымдар қаржыларының атқаратын қызметтері.
- •8.3 Ұйымның қаржы механизмі және оның негізгі элементтері.
- •Iх.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Кәсіпорының меншік капиталы
- •9.1. Меншік капиталы және оның капитал қалыптастырудағы рөлі.
- •X.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •10.1 Қарыз капиталы және оны құраушылардың сипаты.
- •10.2 Қарыз құралдарының меншік капиталының пайдалығына әсер етуі.
- •XI.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның негізгі капиталы және каржы ресурстары
- •11.1. Қаржы ресурстары: қалыптасу қайнар көздері және активтерге, пассивтерге салу
- •12.1 Өнім өндіруге кететін шығындар ұғымы,құрамы мен құрылымы.
- •12.2 Шығындардың жіктелуі.Шығындарды аныктау әдісі.
- •13.1 Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
- •14.1 Ұйымның кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау
- •XV .«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
- •15.1 Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
5.5. Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есебінің жүргізілуі
« Бесқарағай аудандық Каз почта»АҚ мекемесіндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелетін жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап,одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тасталуы керек.Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу ведомосі деп атайды.Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу ведомосі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелінген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады.Бұл ведомоста жұмысшы қызметкердің аты жөні, табельдік нөмірі, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы мекеменің жұмысшыларының қарыз сомалары көрсетіледі.Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу ведомосі бойынша мекеменің кассасынан өзіне тиісті еңбекақына алып,қол қояды.Бұл ведомос бойынша,бірінші жұмысшы қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе,екіншіден бұл ведомосьт еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып табылады,ал үшіншіден,осы ведомость арқылы жұмысшы қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді.Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылардың уақытша еңбекке жарамсыздық үшін жәрдемақы төлеуге,еңбек демалысына еңбекақы төлеуге,тағы да басқа қосымша еңбекақыларды төлеу үшін,әрбір жұмысшыға дербес шот ашылып жүргізіледі.Бұл шотта жұмысшының аты жөні,сол мекемедегі демалысының ұзақтығы,әрбір айға есептелінген еңбекақылары мен жәрдемақылары және олардан ұсталынатын ұсталым түрлері бойынша көрсетіледі.Сонымен қатар әрбір жұмысшыға жеке есеп айырысу қағаздары толтырылуы мүмкін.Есеп айырысу қағаздарында да жоғарыда аталған ведомостағы мәліметтер көрсетіліп,әр жұмысшыға бөлек толтырылып,олардың қолдарына беріледі.Кейбір мекемелерде жазуларды қайталап жаза бермес үшін есеп айырысу төлеу ведомосі жүргізіледі.Бұл есеп айырысу ведомосі журнал түрінде жасалынып,негізгі және қосымша беттерден тұрады.Негізгі бетінде жұмысшыларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталынған ұсталымдарды есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы,белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы,туған жылы,отбасы жағдайы,балаларының және қарауындағы адамдардың саны,ұсталатын сомаларының мөлшері,қай уақытқа деін демалатыны т.б)көрсетіледі.Ведомосттің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге (айға,тоқсанға,жарты жылға,жылға)ашылғандығына байланысты болады.Ведомосттің титулдық бетіне жұмысшылардың төленген және депоненттеген еңбекақы сомасы жазылады.Ал ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады.Бұл ведомость бойынша жұмысшыларға есептелеген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және көлдеңен жақтарының жиынтық сомаларын арифметикалық жолмен тексеру керек. Бесқарағай аудандық Каз почтаАҚ мекемесінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу» деп аталатын синтетикалық,пассивті шотында жүргізіледі.Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал ордерлерінде көрсетіледі.Рапорттар мен өнімдерді өндіру ведомосттары, табельдер және тағы басқа да алғашқы құжаттар негізінде әр бөлімше есептелінген еңбекақы,олардың түрлері және қызметкерлердің категориялары бойынша топтастырылады.Бұл топтау журнал ордерлердің үлгілі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізілді.
