- •I. Бөлім. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •1.1. Ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •II. «бескарағай аудандык каз почта»ақ-ың шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы
- •2.1. Шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.
- •III. «Бесқарағай аудандық Каз почта»акционерлік қоғамының негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі
- •3.1. Негізгі құралдар есебі.
- •3.2. Материалдық емес активтердің есебі
- •3.3. Негізгі құралдар тозуы мен амортизациясының есебі.
- •4.1. Тауарлы - материалдық запастардың жабдықтаушылардан алу реті
- •4.2. Қоймадағы және дүкендегі тауарлар есебінің ұйымдастырылуы
- •4.3. Тауарлы есеп тағайындауді қабылдау және тексеру тәртібі
- •4.4.Тауарлар мен ыдыстарға инвентаризация жүргізу тәртібі
- •4.5 Тауарды сату бойынша шығын есебі
- •V. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының еңбек және төлемнің есебі
- •5.1. Жұмысшылардың жұмысқа келуі мен жұмыстан шығарылу жөніндегі құжаттардың рәсімделу тәртібі
- •5.2. Еңбекақы бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі
- •5.3.Еңбекақы бойынша ұсталымдар.
- •5.4. Қорларға аудару есебі. Салықтар мен зейнетақы қорларының аударылуы
- •5.5. Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есебінің жүргізілуі
- •VI. «бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының меншік капиталы мен қаржылық қорытындылардың есебі.
- •6.1. Мекеменің жарғылық капиталының дұрыс қалыптасуы және құжаттардың дұрыс толтырылуы
- •6.2. Қаржылық қорытындылардың шығарылуы мен есебі
- •VII.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының қаржылық есеп беру.
- •7.1. Жылдық есеп тағайындаудің құрылуы және байланысы, алдын - ала
- •7.2. Жылдық есептің құрылуы тәртібі, жылдық табыс бойынша декларация
- •7.3. Мекеменің қаржылық жағдайының бағалануы, түсіндірмелік жазуының құрылуы
- •Vііі.«бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының ұйым каржысы.Кәсіпорының қаржылық есеп саясаты.Ұйымның қаржылык механизмі.
- •8.1 Ұйымдар қаржыларының мәні,ұйымдар қаржыларын басқару жүйесі
- •8.2 Ұйымдар қаржыларының атқаратын қызметтері.
- •8.3 Ұйымның қаржы механизмі және оның негізгі элементтері.
- •Iх.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Кәсіпорының меншік капиталы
- •9.1. Меншік капиталы және оның капитал қалыптастырудағы рөлі.
- •X.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •10.1 Қарыз капиталы және оны құраушылардың сипаты.
- •10.2 Қарыз құралдарының меншік капиталының пайдалығына әсер етуі.
- •XI.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның негізгі капиталы және каржы ресурстары
- •11.1. Қаржы ресурстары: қалыптасу қайнар көздері және активтерге, пассивтерге салу
- •12.1 Өнім өндіруге кететін шығындар ұғымы,құрамы мен құрылымы.
- •12.2 Шығындардың жіктелуі.Шығындарды аныктау әдісі.
- •13.1 Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
- •14.1 Ұйымның кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау
- •XV .«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
- •15.1 Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
5.3.Еңбекақы бойынша ұсталымдар.
Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі. Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын (сомаларға) ұсталымдарға мыналар жатқызылады:
Жинақталған зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерінде).
Табыс салығы.
Заң сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл, тағы да басқалар).
Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар.
Әр түрлі жарналар (жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияға, тағы басқаларға) төленетін төлемдер.
Жеке меншік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол шаруашылық субъектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне (балабақшаға) балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер.
Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.
Есеп айырысу төлеу тізімдемесі – жиынтық құжат онда есептеген еңбек төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілген басқа да төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Онда еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасалады. Тізімдемеде қызметкерлердің тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын, олардың табельдік номері мен қызмет органдары, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «Есептелді» деген бөліміне құжаттардан кесімді мерзімнен тыс төлемдер бойынша есептелген сомалар енгізіледі. «Ұсталынады және есепке алынады» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалар; кескеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар еңбек төлемінің есебіне кіретін аванстар және басқа да ұсталымдар есепке алынғандар мен берілімдер жазылады. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеде әрбір жұмысшыға берілуге тиісті соманы есептеп тізімдемені баланстайды.
5.4. Қорларға аудару есебі. Салықтар мен зейнетақы қорларының аударылуы
Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайларына айыппұлдар салынуы мүмкін.
Жарналар белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен, жарғыларымен және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілермен белгіленген еңбеақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларға және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралы нұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.
Әлеуметтік салық заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.
