- •I. Бөлім. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •1.1. Ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
- •II. «бескарағай аудандык каз почта»ақ-ың шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы
- •2.1. Шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.
- •III. «Бесқарағай аудандық Каз почта»акционерлік қоғамының негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі
- •3.1. Негізгі құралдар есебі.
- •3.2. Материалдық емес активтердің есебі
- •3.3. Негізгі құралдар тозуы мен амортизациясының есебі.
- •4.1. Тауарлы - материалдық запастардың жабдықтаушылардан алу реті
- •4.2. Қоймадағы және дүкендегі тауарлар есебінің ұйымдастырылуы
- •4.3. Тауарлы есеп тағайындауді қабылдау және тексеру тәртібі
- •4.4.Тауарлар мен ыдыстарға инвентаризация жүргізу тәртібі
- •4.5 Тауарды сату бойынша шығын есебі
- •V. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының еңбек және төлемнің есебі
- •5.1. Жұмысшылардың жұмысқа келуі мен жұмыстан шығарылу жөніндегі құжаттардың рәсімделу тәртібі
- •5.2. Еңбекақы бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі
- •5.3.Еңбекақы бойынша ұсталымдар.
- •5.4. Қорларға аудару есебі. Салықтар мен зейнетақы қорларының аударылуы
- •5.5. Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есебінің жүргізілуі
- •VI. «бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының меншік капиталы мен қаржылық қорытындылардың есебі.
- •6.1. Мекеменің жарғылық капиталының дұрыс қалыптасуы және құжаттардың дұрыс толтырылуы
- •6.2. Қаржылық қорытындылардың шығарылуы мен есебі
- •VII.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының қаржылық есеп беру.
- •7.1. Жылдық есеп тағайындаудің құрылуы және байланысы, алдын - ала
- •7.2. Жылдық есептің құрылуы тәртібі, жылдық табыс бойынша декларация
- •7.3. Мекеменің қаржылық жағдайының бағалануы, түсіндірмелік жазуының құрылуы
- •Vііі.«бескарағай аудандық каз почта»Акционерлік қоғамының ұйым каржысы.Кәсіпорының қаржылық есеп саясаты.Ұйымның қаржылык механизмі.
- •8.1 Ұйымдар қаржыларының мәні,ұйымдар қаржыларын басқару жүйесі
- •8.2 Ұйымдар қаржыларының атқаратын қызметтері.
- •8.3 Ұйымның қаржы механизмі және оның негізгі элементтері.
- •Iх.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Кәсіпорының меншік капиталы
- •9.1. Меншік капиталы және оның капитал қалыптастырудағы рөлі.
- •X.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •10.1 Қарыз капиталы және оны құраушылардың сипаты.
- •10.2 Қарыз құралдарының меншік капиталының пайдалығына әсер етуі.
- •XI.«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның негізгі капиталы және каржы ресурстары
- •11.1. Қаржы ресурстары: қалыптасу қайнар көздері және активтерге, пассивтерге салу
- •12.1 Өнім өндіруге кететін шығындар ұғымы,құрамы мен құрылымы.
- •12.2 Шығындардың жіктелуі.Шығындарды аныктау әдісі.
- •13.1 Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
- •14.1 Ұйымның кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау
- •XV .«бескарағай аудандық каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
- •15.1 Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.
Кіріспе
Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде ұйым қаржысы мен қаржылық есеп тағайындау жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені ұйым қаржысын алудың, қаржылық есеп пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ұйым қаржысы ролі мен мәні артуда. Ұйым қаржысы мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Қазіргі заман қаржыгерлері – ұйым қаржысымен қаржылық есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс. Нарықтық қатынастар кезінде ұйымдардың өндірістік жұмыстарын басқару сол ұйым басшыларына байланысты. Қазақстан Республикасында болған жеке және әлеуметтік-экономикалық құрылымдық өзгерістер еліміздің есеп жүйесіне көптеген өзгерістер әкелді.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Қазіргі заман бухгалтерлері – бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс. Нарықтық қатынастар кезінде ұйымдардың өндірістік жұмыстарын басқару сол ұйым басшыларына байланысты.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен кәсіпорындардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп тағайындау нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.
Есеп тіркемелерінде шарушалық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтынығын тәжірбие көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда ұйым қаржысы нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алаып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейді. Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі бағыттары туралы президентіміздің жолдауында, жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм болып табылады деп пайымдады.Шын мәнінде, бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту болып табылады.Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту деген сөз.Осы орайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың ақша қаражаттарын түгендеуді, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.
Өндірістік іс-тәжірибені өтудегі басты мақсатым - өткен теориялық тақырыптарды іс-жүзінде қолдана білу,білмегенімді үйреніп болашақта жүзеге асыру, кәсіпорынның қаржылық мәліметтерін оқи білу. Өз мамандығымның түсініктерінің кең көлемде қалыптасуы үшін кәсіпорындағы түрлі қаржылық экономикалық көрсеткіштерді есептеу болып табылады.
Жалпы,бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру.Әлемдік дағдарыс біздің мемлекет пен қоғам ретінде орныққанымызды растады. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-тартыстардың өзегіне айналмайды.Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы – экономиканың тиімділігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасын іс жүзеге асыру болып табылады.
I. Бөлім. «бескарағай аудандык каз почта» Акционерлік қоғамының ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
1.1. Ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі
«Бескарағай аудандык Каз почта» АҚ – Бесқарағай ауданын аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда почталық қызмет корсетеді. Бесқарағай аудандық Каз почта АҚ қарасты ауылдарға газет журналдар мен әр түрлі ақпараттық қызметтер атқарылады.
Шығыс Қазақстан обылысы Бесқарағай ауданы Сейфуллин көшесінде орналасқан..Онда 120 адам жұмыс істейді.
Бесқарағай аудандық Каз почтаАҚ – ның келесиндей ауылдарда бөлімшелері бар: Беген, Қоянбай, Дегенлен ,Борас т.б елді мекендерде бөлімшелері орналасқан.
Есеп беру деп Мемлекеттік мекеменің өткен кездеңдегі қаржы-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз Есеп беру процесінің жасау- есеп жұмысының соңғы операциясы. Оның дерктері бойынша Мемлекеттік мекеменің қызметін қорытындылайды.Кәсіпорын құрылтайшылардың шешімі бойынша өзінің өндірістері мен шаруашылықтарын жеке балансқа бөлек қоюлары мүмкін. Бұл баланстың активтері мен пассивтері кәсіпорындардың негізгі қызметі бойынша жасалған жалпы балансқа енгізіледі. Мемлекеттік мекеменің тараптары өз алдында бөлек баланс жасай алады.
Есеп саясаты дегеніміз - бухгалтерлік есепті жүргізу әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы. Есеп саясатын бас бухгалтер құрап , кәсіпорын басшысы бекітеді.
«Бесқарағай аудандық Каз почта» АҚ мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекіттіледі.
«Бесқарағай аудандық Каз почта» АҚ мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реттейтін есепке алу және қаржылық есеп беру туралы Заңы бухгалтерлік стандарттары , инструкциялары мен әдістемелік ұсыныстар, шаруашылық субъектінің есеп саясаты нормативтік құқықтық құжаттар болып табылады.
Бесқарағай аудандық Каз почта» АҚ мемлекеттік мекемесі ұйымдық- құқықтық нысан,дағы заңды тұлға болып табылады,мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары,белгіленген үлгідегі бланкілері,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
II. «бескарағай аудандык каз почта»ақ-ың шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы
2.1. Шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы.
Бухгалтерия Мемлекеттік мекеменің ең маңызды бөлігі.Ол Мемлекеттік мекеменің барлық есебін жүргізеді.
Бухгалтерияда осы уақытқа дейін жүргізу процесі,Мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы қарастырылады.
Бас бухгалтер Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Бухгалтерлік есеп» 2001 жылғы заңға сәйкес бухгалтерлік міндетін атқарады. Ол кәсіпорын басшысына және бухгалтерлік есеп жүргізу барысында барлық жауапкершілілік болуы керек.
Есеп беру деп Мемлекеттік мекеменің өткен кездеңдегі қаржы-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз.
Бесқарағай аудандық Каз почтаАҚ – ның шаруашылық субъектілік ұйым есебі мен бухгалтерия құрылысына тоқталатын болсақ, кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтерімен басқарылатын бухгалтериямен жүзеге асырылады.Егер кәсіпорында бухгалтерлік қызмет болмаса, басшы есеп пен есеп тағайындау жүргізуді арнайы мамандандырылған ұйымдарға келісімшарт ( көбінесе ол шағын кәсіпорындарға қатысты) негіздерінд тапсыруына құқығы бар.Кәсіпорынның бухгалтериясындағы жұмыс ереже бойынша бухгалтерлік жұмыстың мөлшері мен көлеміне байланысты мынадай негізгі топтарға бөлінеді:есеп
айырысу,материалдық,өндірістік,калькуляциялық,қаржылық.
Бас бухгалтер қызметіне кәсіпорын басшысы тағайындайды немесе қызметінен босатады және оған бағынады.Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есепшоттарда шаруашылық әрекерттерді бейнелеуді және бақылауды, оралымды ақпараттарды ұсынуды, бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп тағайындауді құруды , кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы- шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді басқа қызметтермен бірге қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауарлы- материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын қабылдау және тағайындау, сонымен қатар есеп айырысу , несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісімшарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды . Аталған құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады және орындауға қабылданбайды. Қолтаңба қою құқығы кәсіпорын басшысының жазбаша үкімімен осыған өкілетті тұлғаларға берілуі мүмкін.
Бас бухгалтерге келісімшарт және қаржылық тәртіпті бұзатын және заңдылыққа қайшы келетін әрекеттер бойынша құжаттарды орындауға және ресімдеуге болмайды. Осындай құжаттар туралы бас бухгалтер кәсіпорын басшысына жазбаша хабарлайды , ол жазбаша үкіммен осы құжаттарды есепке алады. Осы сәттен бастап орындалған әрекеттердің заңсыздығына кәсіпорын басшысы жауапкершілік атқарады.
Бас бухгалтермен материалды жауапты тұлғаларлы ( кассир, қойма меңгерушісі және т.б. ) қызметке тағайындау босату және ауыстыру келісіледі. Алғашқы есеп құжаттарына қол қоюға құқығы бар тұлғалардың тізімі кәсіпорын басшысы бас бухгалтермен келісе отырып бекітіледі. Шаруашылық әрекеттерді құжатты ресімдеу және құжаттар мен мәліметтерді бухгалтерлік қызметке тапсыру бойынша бас бухгалтердің талаптары кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
Бас бухгалтерге тікелей ақша қаражаты және материалдық құндылықтармен байланысты жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Оған чектер мен басқа құжаттар бойынша кәсіпорын үшін ақша қаражаттары мен тауарлы- материалдық құндылықтарды алуға рұқсат етілмейді.
Штатында кассирі жоқ шағын ғана кәсіпорындарда оның міндеті бас бухгалтермен немесе кәсіпорын басшысының жазбаша үкімі арқылы басқа қызметкерлермен орныдалуы мүмкін.
Бас бухгалтерді орнынан босатқан кезде қайтадан тағайындалған бас бухгалтерге істерді тапсыру жүргізіледі. Сонымен бір уақытта кәсіпорын басшысымен бекітілген актінің құрылуымен бухгалтерлік есептің жағдайы мен дұрыс ақпараттарды тексеру жүргізіледі.
