Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шолпан негизги.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.34 Mб
Скачать

2.7 Delphi ортасының компоненттері

Delphi ортасының компаненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элемент ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни көрсеткіш емес көптеген маңызды компаненттер бар. Жалпы, құрауыш алдын-ала даярланған программаның үзіндіс, оны қажет болғанда құрылып жатқан программаға енгізуге болады.

Компаненттер жинағы- Delphi-дің негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компанентті тез табуға арналған белгілерден тұрады.

Компанент деп белгілі қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті айтады. Delphi ортасының компаненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компаненттер көмегімен праграмманың негізгі бөлігі құрылады(терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері т.с.с).

Батырмалар панелі сияқты компаненттер палитрасы икемдеуге болады. Ол үшін компаненттер палитрасына кіретін кез-келген пиктограмманы тышқан тетігінің оң батырмасымен басып, арнайы редакторды іске қосу керек. Ашылған менюдегі Properties ( қасиеттер) пунктін таңдағанда оң жақ терезе шығады.

Delphi ортасының құрамына 200-дей компаненттер кіреді.

Button - терезелік басқару батырмасы болып саналады. Оның бетіне батырманының тағайындалуы туралы немесе батырманы басқандағы орындалатын іс - әрекеттің қысқаша анықтамасы келтірілуі мүмкін.

Button батырмасымен орындалатын негізі оқиға - OnClіck - оны сырт еткізу. Осы сәтте батырма түрін өзгертіп, команданы қабылдағанын көрсетіп тұрады. Батырманы жібергеннен кейін OnClіck оқиғасын өңдеуші үзінді өз жұмысын бірден бастайды. Батырманы әртүрлі әдістермен басуға болады:

Терезені жабудағы қолданылатын батырмалардың ModalResult қасиетін пайдалануға болады. Бұл параметр терезе жабылғандағы форманың ModalResult мәнін анықтайды. Әдетте ModalResult - ты сұхбаттасу терезелерін жабуда қолданады және оның мүмкін болатын мәндері бүтін сан түрінде анықталады. Егер батырманың ModalResult мәні mrNone - дан басқа кез келген мәнді қабылдаса, онда батырма басылғанда форма автоматты түрде жабылады. Мәндердің кейбіреулері аталынған тұрақтылар түрінде жарияланған.

Жаңа компонентті орналастыру амалдары өте оңай орындалады. Ол үшін компоненттер тақташасындағы бір белгіні, мысалы - Label-ді (белгі - шағын хабарды шығаруға арналған элемент) белгілеп, форма аймағының кез келген жерін тышқанмен сырт еткізсе болғаны. Бұл компоненттің мөлшерін, орын-жайын өзгерту үшін компонентті шектеп тұрған төрт бұрыштарылар қолданылады.

3 Арнайы бөлім

3.1 Есептің қойылымы

Мына түрдегі матрица берілген. Матрица элементтернің ішінен қатар бойынша минимум элементтерді және баған бойынша максимум элементтерді табу арқылы ойын бағасын шығаруға арналған бағдарлама құру.

Р1 Р2 Р3

А1 9 8 7

A2 8 9 8

A3 7 9 8

A4 7 6 8