- •2.ХvіІғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.
- •3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
- •XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
- •1.Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
- •Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
- •Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.
- •3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
- •Мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
- •Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.Б. Елдерге жорықтары), оның салдары
- •Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.
- •Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.
- •Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
- •Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер
- •2.Ақ Орданың ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •3.Қазақстанның хіх ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.
- •3.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
- •Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.
- •Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •2. Жетісудағы Қарақытайлар.
- •3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
- •3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
- •3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
- •1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
- •2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-нің мәдениеті.
- •1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.
- •3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
- •1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы.
- •2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
- •1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
- •2. Түрік қағанаты.
Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мүндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар — пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғүрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы төрақтар — көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі — ашық үлгідегі тұрақтар. Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар — жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды, бұл топтардың мәдениеті жатынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекендеген аудандарына сай келуі ықтимал. Дала неолитің Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұксас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа карай түрлі аумақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек. Егер далада неолиттің хронологиялық шеңбері б. з. б. VI — IV мыңжылдықтың орта шені шегінде белгіленсе, Алдыңғы Азия үшін ол б. з. б. VIII — VI мыңжылдықтарды қамтиды. Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады. Әдебиетте алғашкы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция»
2Ноғай Ордасы, жер аумағы және этникалық құрамы
НОҒАЙ ОРДАСЫ
Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі -Ноғай Ордасы. Ноғай Ордасы XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай Әмір Едіге би (1357-1420 жж.) тұсында XIV ғасырда жалғасып, оның баласы Нұр ад-динның (1426-1440 жж.) кезінде аяқталды. Ноғай Ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болды. Сол себепті «маңғыт жұрты» деп те аталған. Кейін маңғыттар ұлысты құрған 18 тайпаның бірі ретінде ғана аталды. ХIII ғ. екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың уақытша басшысы түмен басы Ноғай (Жошы ханның жетінші ұлы) иелігінің құрамына кіреді. Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы пайда болған.
Ноғай ордасына маңғыттардан басқа қоңырат, найман, арғын, қыпшақ, кенгерес, қарлұқ, алаша, тама және басқа ру тайпалары кірді.
Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Оның халқы солтүстік батыста Қазанға, оңтүстік батыста Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, тіпті Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерді көшіп-қонып жүрді. Сыр бойындағы қалалар мен қамалдардың да бірқатары осы Ноғай Ордасына қарады. Орталығы - Жайықтың төменгі сағасындағы Сарайшық қаласы.
Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге 1396-1411 жылдар аралығында Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарып келді. “Беклер бегі” ұлы әмір атанған Едіге көрші ұлыстардың өміріне де ықпал етіп отырған.
Едіге түрік тектес халықтардың тарихи зердесінде өшпес із қалдырды. Ол 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы беріп, 1408 жылы орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның есімі тарихи шежіре-жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталады.
Едіге 1420 жылы Тоқтамыс ханның ұлы Қадырбердінің әскерімен болған қақтығыста қайтыс болды. Едіге өлгеннен кейін де Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық жағдай шын мәнінде оның ұрпағы – маңғыт әмірлерінің қолында болды. Мұнда Алтын Ордадан бөлектенген бірқатар иеліктерде Шыңғыс әулетінен хан көтеру Едіге ұрпағының келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр қалыптасты.
Едігеден кейін маңғыт ұлысын оның ұлдары мен немерелері басқарды. Ұлдары Ғазы би, Нұр ад-дин, Наурыз және Мансұр, әрі қарай немерелері биледі.
Ордадағы бас билеуші бек немесе би лауазымын иемденген. Орыс деректерінде Ноғай Ордасы билеушілері князьдер деп аталды. Едіге ұрпақтары мырзалар болды. Жасы үлкен мырзалардың көлемді иеліктері болған. Тіпті олар «ұлысы барлар» және «ұлысы жоқтар» болып екіге бөлінген.
Ноғай Ордасында маңызды мемлекеттік мәселелерді шешетін жиын «Қарадуан» деп аталды. Жиында мемлекеттің ішкі, сыртқы мәселелеріне жауаптылардың жұмыстары қаралды.
Қазақстан жеріндегі басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты, Ноғай Ордасының шекарасы тұрақты болмай, сыртқы жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. ХV ғасырдың екінші жартысында Ноғай Ордасының аумағы айтарлықтай кеңейіп, қуатты мемлекетке айналды. Бұл кезде Сырдария қалалары мен Орта Азияға шапқыншылық жасаудан қолы тимеген Әбілқайыр хан ноғайларға қарсылық көрсете алмады. Нәтижесінде ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Батыс Сібірге дейін жеткен, ал оңтүстік шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Ноғай ру-тайпаларының билеушілері Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы мырза және басқалары Әбілқайыр ханға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға көмектескен.
XIV-ХV ғасырларда Ноғай Ордасында ерте феодалдық қатынастар қалыптасқан. Әлеуметтік бай-феодалдық топтардың қатарында хандар мен мырзалар, сұлтандар мен билер, бектер болды. Олар Орда құрамындағы ұлыстарды, ру-тайпаларды басқарды. Барлық байлық, экономикалық маңызды мәселелер далалық ноғай ақсүйектерінің қолдарына жинақталды. Мұндағы жер-су, жайылым жерлер сөз жүзінде рулық қауымдастықтың меншігі болып есептелгенімен, шын мәнінде бай топтардың иелігінде болды.
ХVI ғасырда Ноғай Ордасы өздерінің солтүстіктегі көршісі Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық қатынастар және саяси байланыстар орнатады. Мұның өзі Ноғай Ордасы тарихын Еділ бойы мен Сібірдегі, сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі басқа да көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланыстырып қарауда үлкен маңызы бар. Ноғайлар тарихы, әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына ерекше жақын келеді. Өйткені Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүрген ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туыстығы туралы Ш. Уәлиханов өзінің шығармаларында атап көрсеткен. Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атаған. Дегенмен, ноғайлар қазақ хандығымен кейде соғысса, енді бірде татуласып, олармен одақ құрып отырған. Мәселен, «XV ғасырдың 80-жылдары шайбаниліктерге қарсы күресте қазақтарды қолдады. Мұхаммед Шайбани Үзкент және Сығанақ қалаларын басып алған кезде, Бұрындық хан Жәнібектің ұлдары Қасым және Әдік сұлтандар мен маңғыт Хамза бектің әскери күштерін біріктіріп, үш мың жауынгерімен қоршауға алған...». Ал Қасым хан тұсында қазақтар мен Шиғым мырза арасында әскери қақтығыстар болған, оны тарихшы Қадырғали Қосымұлы Жалайыр былайша жазады: «Қасым хан билік құрған тұста ол Жәдік ханмен бірге ноғайларға жорыққа аттанған. Нәтижесінде, Жәдік және оның ұлы Шиғым мырза әскерінің қолынан Иманлы-Төбе шайқасында қаза тапқан». 1519-1520 жылдары Шиғым мырза Қасым хан әскерінен түпкілікті жеңіліс тапты. Қасым ханның қайтыс болуымен Қазақ хандығында орын алған келеңсіз оқиғалар мен алауыздықтарды пайдаланып, ноғай мырзалары Еділ мен Жайық арасындағы жерлерін қайтарып қана қоймай, шығыс Жайық өңірін де қосып алды.
Хақназардың билікке келуімен Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы арасындағы күрес қайта жанданды. Мұны XVI ғасырдың соңында қалмақ қаупінің күшеюі тоқтатты. Қазақтар мен ноғайлардың бар назары шығыста қалмақтарға ауды.
Ноғай Ордасында сұлтандар мен ақсүйек-феодалдардың арасында хандық билік үшін талас-тартыс тоқтамай үнемі жүріп жатты. Оған қалмақтармен соғыстардағы жеңілістер қосылды.
XVII ғасырдың бірінші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақтардың Кіші жүзінің құрамына кірді.
3. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері «Сібір қырғыздары туралы Ереже», «Орынбор қырғыздары жөніндегі Ереже» (Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы). «Сібір қырғыздар жөніндегі жарғы» және Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. XIX ғасырдың басында Ресейдің орта жүздегі саясаты белсенді болып, шаруашылық саласында жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Жайық, Каспий теңізі, Ертіс, Зайсан көлі маңындағы қазақтар бұрын мал өсірумен айналысса, енді олар балық аулаумен шұғылдана бастады. Сонымен қоса шығыс және орталық аймақтарда тас көмір, түсті металл, өндіретін алғаш кен орындарын игеру жүзеге асырылып, ХІХ ғ. ортасына қарай су және жел дирмені, ұсталық, май, кен, былғары өңдеу зауыттары іске қосыла бастады.Тау кен өндірісіне Орал әскери шебі бойында тартылған жатақтардың саны жыл санап өсе түсті. Мысалы: 1820 жылы 6 мың адам болса, 1824 жылы ол сан 2 мыңға өскен. Уәли билігінің әлсіздігі Ресейдің бұл аймаққа ықпалын күшейте түсті. Империя құрамына Қазақстанның қосылуы, оның орналасқан геосаяси жағдайы Ресей үшін тиімді болды. Сонымен қатар Қазақстанның Қытаймен, Орта Азия халықтарымен Сібірмен тиімді сауда қатынасы Ресей үшін тиімсіз еді. Осындай жүріп жатқан ілгерлеушіліктерге патша үкіметі талабын қанағаттандырып, Ресейдйң басшылық, және саяси жағынан жүргізіліп отырған шаралары жандана түсті. Сондықтан да халық арасында ықпалы төмендей түскен қазақ хандықтары патша үкіметінің билеу саясатына қарсылық ұйымдастыра алмады. Қытай жағына “ауып түсіп”, “Богдыханның бодандығын қабылдауы” мүмкін деген қауіптері де хандық институттың жойылуын тездетті.
1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. II Екатеринаның атына сұлтан, ақсақалдардың Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберуі патша үкіметі үшін тиімді мүмкіндік туғызды. Хандық билікті әлсірету мақсатымен 1815 жылы патша үкіметі орта жүзде Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Петербург сарайы қос билеуші Бөкей мен Уәлиді қан төкпей орындарынан алуға сылтау іздеді. Оларды бір-біріне айдап салып, бақталас ауқатты сұлтандарды өз жағына тартып отырды.
Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс қимылын тежеп отырды. 1817 ж. – Бөкей хан, 1819 ж. – Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Жаңа реформаны әзірлеуді Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийге жүктелді. Оны даярлауға болашақ декабрист Г.С.Батеньков белсене қатысты. Жарғының басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету, ресейлік губерниялық басқаруға біршама жақындату. Елдегі қалыптасқан рулық феодалдық тәртіптерді әлсірету. Орта жүздегі хандық билікті жою. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобольск, Томск және Омбы облыстарымен бірге “Сібір қазақтарының облысы” да кірді. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған “Сібір қазақтарының округі” сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Бұлар Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1832 ж.), Ақмола (1831 ж.), Баянауыл , Үшбұлақ (1833 ж.), Амақарағай (1834 ж.) кейінгі 40-50 жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері болды. Көшпелілердің бір округтен екіншісіне өз еркімен ауысуына шек қойылды, ол үшін “жергілікті сұлтандардың” рұқсаты талап етілді.
Басқарудың жаңа тәртібі бойынша ауылдарды – ауыл старшындары, болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді – аға сұлтандар басқаратын болды. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлайтын болды, оларға ресейлік майор әскери шені, ал 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды сайлағанда хан сайлағандай ескі әдет сақталып, хан сияқты ақ кигізге салып көтерді. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сұлтандарын сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыстық сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнына інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы болатын еді.
Аға сұлтан басшылығымен округтық приказда өткізілетін отырыстарда облыстық бастық тағайындайтын ресейлік екі “құрметті қазақ” қатысуға тиіс болды. Көп кешікпей аға сұлтандар секілді үш жылға сайланды.
Жарғы бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық, талап-арыздық және болыстық басқармаға шағымдар бойынша істер. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтық приказда қаралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ билерімен қатар бір орыс шенеунигі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілді. Округтік приказдың шешімдерді қайта қарауға құқығы болды. Кейін “Сібір қазақтарын” билеу шекаралық басқармаға тапсырылды. Мұрағат құжаттары округтік шенеуниктердің әрбір санатына қызметі үшін ақы төлемін де көрсетті. Мәселен: аға сұлтан жылына – 500 сом, жыл сайынғы мерекелерге – 3000 сом, мектептер мен училищелер “құруға” – 5000 сом қосымша шығыс баптарын белгіледі.
Кейін “Сібір қазақтарын” билеу шекаралық басқармаға тапсырылды. Оның төрағасын тағайындау үшін аранйы жарлық шығарылды. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторлығына бағындырылды, оның төрағасы шет елдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды.
1822 жылғы “Жарғы” Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында терең із қалдырды. «Жарғы» бойынша сот істері үшке бөлінді.
«Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы», Кіші жүзде хан билігінің жойылуы
1822 ж. Орынбор губернаторы П.К.Эсеннің қатысуымен “Орынбор қазақтарын басқару” жөніндегі Жарғы бойынша Кіші жүз жерінде үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының осы жылы бекітілмеуіне де себеп болған осы жай болды. Ал Орынбор губеранаторы 1824 ж. кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, сонда басқа қызметке тағайындады да, Кіші жүздегі хандық билікті жойды. Тек Кіші ордада (Бөкей хандығында) 1845 ж. дейін хандық билік сақталды.
Жарғыны жасаушылар жергілікті факторлармен санаспады, оны іске асыруда күш қолданатын тактикаға сүйенді.
Сонымен орта жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы, бір жағынан қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан патша үкіметінің әскери әрекеттерінің нәтижесінде болды.
№ 6-билет
