- •2.ХvіІғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.
- •3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
- •XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
- •1.Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
- •Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
- •Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.
- •3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
- •Мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
- •Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.Б. Елдерге жорықтары), оның салдары
- •Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.
- •Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.
- •Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
- •Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер
- •2.Ақ Орданың ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •3.Қазақстанның хіх ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.
- •3.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
- •Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.
- •Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •2. Жетісудағы Қарақытайлар.
- •3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
- •3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
- •3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
- •1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
- •2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-нің мәдениеті.
- •1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.
- •3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
- •1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы.
- •2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
- •1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
- •2. Түрік қағанаты.
3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
Бухгольц Экспедициясы(1714 — 20), Солтүстік-шығыс Қазақстанның Ертіс өзені бойына Ресейдің әскери бекіністерін салу үшін ұйымдастырылған. Қазақ даласын отарлау мақсатында 1714 жылы 22 мамырда Петр І Шығысқа лейб-гвардия подполк. И.Д. Бухгольц басқарған арнаулы әскери экспедицияны аттандыру туралы жарлыққа қол қойды. Қарулы экспедицияның жасақталуына Батыс Сібірдің бірінші генерал-губернаторы князь М.П. Гагариннің “осы өлкеде құм-алтын шашылып жатыр” деген лақабы да түрткі болды. 70 зеңбірекпен жарақталған 3 мыңға жуық солдаты бар жасақ Тобыл қаласынан шығып, 1716 жылы Ертіс жағасында Омбы, Ямышев, 1717 жылыЖелезинск, 1718 жылы Семей, 1720 жылы Коряков (Павлодар), Өскемен бекіністерін салды. Патша үкіметінің орталық саясатының басталуы. ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары Кіші жүз бен Орта жүзде қалыптасқан жағдай.
ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде қазақ елінің халықаралық жағдайының қиындауы, Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың Ресей империясына үміт артуына себепші болды. Ханның ең басты мақсаты:1-ден Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті жоңғарларға қарсы күреске жұмылдыру және қалмақтар мен башқұрттардың елді мазалауын тоқтату. 2-ден Ресейге арқа сүйеп, өзінің жеке қарсылықтарының сағын сындырып, өз беделін көтеру. 3-ден Жайық, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақ руларына мал шаруашылығын дамыту үшін бейбіт өмір қажет болды. Сол үшін Ресеймен келісімге келу. 4-ден Ресей және басқа елдерге өтетін керуен жолының қауіпсіздігін қалпына келтіру.Ал Ресей елінің Қазақстан жөніндегі жоспары қазақтардың жоңғарлармен соғысып жатқанын пайдаланып, қазақ жеріне бекіністер салу арқылы біртіндеп жаулап алу еді.Әбілхайыр 1730 жылдың жазында Петерборға екінші рет елші жіберді. Ондағы мақсаты - біріншіден жоңғарларға қарсы Одақ құру болса, екінші жағынан Ресей әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып, өзі біріккен хандықтың жеке дара басшысы болуға тырысты. Әбілхайыр елшілікке Ресей империатрицасы Анна Ионновнаға өзін бодандыққа және қамқорлыққа алуды сұраған өтінішін хатпен жолдап, әрі ауызша айтуды да тапсырды.1731 ж. императрица Кіші жүзді Ресейдің бодандығына қабылдайтыны жөніндегі сенім грамотасына қол қояды. Тиісті ант қабылдау үшін Қазақстанға Әбілхайыр ханға тапсырылатын құжатпен сыртқы істер комиссиясының тілмәші А.И.Тевкелев бастаған елшілер жіберіледі. 5 қазанда А.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келеді. Сол жерде ол Ресей бодандығына кіру мәселесі бойынша ақсүйектердің (ақсақалдар, сұлтандар) арасында алауыздық бар екенін анықтайды. А.Тевкелев өз қалауымен әрекет жасап, «тәуелсіздікті қорғаушылардың бірнешеуін өзіне қаратып алады». Бөкенбай тобының қолдауы жағдайды бәсеңдетеді. Сонымен 1731 ж. 10 қазанда қазақ атамандары жиналысының көпшілік шешімімен Кіші жүз ханы Әбілхайыр, Бөкенбай ақсақал, Есет батыр, Құдайменде мырза ант беріп Ресей бодандығын қабылдайды. Бұл кең байтақ өлкенің Ресейге қосылуының бастамасы болды.
Дегенмен Қазақстандағы жағдай шиеленіскен күйінде қала берді. 1730 жылдың екінші жартысында Калден-Церен Орта жүз шекарасына әскер төге бастады. Осыған байланысты Ресей империатрицасының 1734 жылғы маусымда Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлығы саяси жағынан ақталды. Бірақ Орта жүздің көп бөлігі 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы жарғы» күшіне енгенге дейін дербес басқарылды, Сәмеке ханның қайтыс болуына байланысты Указ жазылған грамота Орта жүзге әкелінбеген күйінде қалды. Ұлы жүзде Жолбарыс хан бастаған кейбір билер мен сұлтандар Ресей бодандығын қабылдауға өтініш жасау ниетінде болды. Императрицаның 1734 ж. 10 маусымдағы граммотасында «аса зор мейрімділікпен... статс-кеңесші полковник И.К.Кириловқа осының бәрі туралы білуге рақым білдіреді...». Жарлықтың Ұлы жүздің ықпалды феодалдарына арналған бөлігінде, оларды Ресей бодандығын қабылдауға көндіруге нақты міндет қойылған.
Қосып алған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту үшін 1734 жылдың мамырында «Қырғыз-қайсақ экспедициясы» құрылып көп кешікпей ол Орынбор комиссиясы деп аталады, оны сенаттың обер-хатшысы И.К.Кириллов басқарады, оның көмекшісі болып Кіші жүздегі үкіметтің миссиясын сәтті орындағаны үшін тілмаштықтан полковникке көтерілген А.И.Тевкелев тағайындалады. Мақсаты - Ор өзеніне бекініс салу, шығысты отаршылдық ілгерлеуді кеңейту тірегіне айналдыру. Осы кезде 1734-1740 жж. башқұрттардың отаршылдыққа қарсы көтерілісі болады. Көтеріліс қаталдықпен басылады.Башқұрттардың жан аямас ерлігіне қарамастан Әбілхайырдың жол беруі арқасында, Кириллов Ор өзенінде 1735 ж. өзара орыс-қазақ саяси және сауда байланыстарын дамытуда зор маңызы болған Орынбор қаласын салады.
1739 ж. Орынбор комиссиясының бастығы болып князь В.А.Усуров тағайындалады. Патша жарлығы бойынша:
1. Орынбор қаласының орнын ауыстырып, бұрынғы қаласы Ор қаласы деп ауыстыру;
2. Жайық, Тобыл өзендері жағасынан жаңадан әскери бекіністер салу;
3. Жаңадан салынған Орынбор қаласына Қазан губерниясынан саудагерлер әкелу міндеттері жүктелді.
Жаңа Орынбор қаласының орны Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінен салынды. Кейіннен ол Ор бекінісі деп аталды. Орынбор бекінісі Ресей аумағының ішкі жағына ауыстырылды. Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталықтарының біріне айналды. Ол Ресейдің еуропалық бөлігі мен қазақ даласының, Орта Азияның аралығындағы ірі сауда орталығы қызметін де атқарды.1737 ж. И.К.Кириллов қайтыс болуына байланысты аса көрнекті тарихшы, қабілетті әкім А.Н.Татищев Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы болып тағайындалады. Әбілхайыр ханның қолдауына сүйенген ол Орта Азияға бірінші рет сауда керуенін жөнелтті. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның екі арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды.Әбілқайырдың башқұрт билеушілерімен ауыз жаласып кетуінен сескенген Петербор сарайы одан екінші рет ант алуды ұйғарды. 1738 ж. 3 тамызда Орынборда Татищев қазақ сұлтандарының съезін шақырды. Әбілқайыр оның ұлдары Ералы, Нұралы беделді сұлтан, старшындар және Орта жүзден 27 старшын «бодандық анқа» бұрынғы адалдығын қуаттап қол қояды. 1740 ж. Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен ықпалды сұлтан Абылай бодандыққа ант қабылдайды. Абылай мен Әбілмәмбеттің ант беруі саяси жағдайға байланысты жоңғар шапқыншылығы қауіпінен сақтану еді. Орта жүздің негізгі аймақтары патша үкіметінің әскери-саяси акциясының негізінде XIX ғасырдың 20-40 жылдары қосылады. Осы кезде қазақтың әйгілі билері Төле, Қазыбек, Әйтеке билері қажымай-талмай халықты бірлікке шақырды.
XVIII ғасырдың 40 жылдарындағы қазақ жүздерінің жағдайы. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында жоңғарлар қаупі әлі де төніп тұрды. Патша үкімет орындарының шекаралық бекіністер арқылы жоңғарлар шапқыншылығын тежемек болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Қазақ жүздерінің ішкі саяси жағдайынан хабардар болып отырған жоңғарлар, қонтайшы Қалден-Церен 1739-1741 жылдары қазақ жеріне жаңа қырғын жорық жасады. Ямышев, Өскемен, Семей бекіністерінің коменданттары жоңғарлардан Ресей бодандығын қабылдаған қазақтарға тыныштық беруін талап етті. Шекаралық аймақтағы жағдайдың асқынуы, Алтай зауыттарына қауіп төнуі басқарушы Сенатты 1742 ж. 20 мамырда қазақтарды қорғау және бекіністердің қорғанысы жөніндегі шаралар туралы бірінші рет арнаулы Жарлық қабылдады. Ресейдің пәрменді шаралары ойраттар қатерін әлсіретті. Цин империясы жағынан қауіп төнген Жоңғария бір мезгілде Ресейге де қарсы, қазақ жүздеріне де қарсы екі майданда күресуге бел шеше алмады. Жоңғарлардың қазақтарға қарсы жауластық әрекеттері Қалдан-Церен қайтыс болғаннан кейін, жоңғар хандығының өз ішіндегі оқиғаларға байланысты әлсіреуі, оның қазақ жерін жаулап алу қаупін жойды.
Патша үкіметі Жоңғариямен қарулы қақтығыстар болу қаупінен сақтанып, бекіністердегі әскер санын көбейтті. 1741 ж. ғана үш бекініске – Железинск, Семей және Өскемен бекіністеріне 35 зеңбіректен тұратын артиллериясы бар 7400 адамдық горнизонды орналастырды. Ертіс пен Ор өзені аралығында Шүлбі, Оба форпосттары, Колыван, Барнауыл, Белоярск, Бийск бекіністері тұрғызылды. 1741-1743 жж. Кіші жүз бен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін маңда қазақтардың қоныстарын біртіндеп тарылтып: Россильный, Ильинск, Таналып, Оразым, Қызыл, Магнитный, Қаракөл, Ниже-Озерный, Красногор, Тройцк бекіністері салынады. 1742 жылы қыркүйек айының 2-сі күні Орынбор комиссиясының бастығы И.Неплюев Калдан Церенге жолдаған хатында қазақтарға қысым жасамауды талап етті, жоңғар билеушілері бұл талаптарға құлақ аспады. Осы жағдайда Орта жүзді қалмақтардың уақытша билігінен босататын күш тек өздері болатынын Әбілмәмбет пен Абылай да түсінді. Ресей үкіметі Алтай өңірінен табылған түсті метелдарға қарық болып, қазақтарды қорғау деген желеумен әскери бөлімдерді Ертіс, Алтай бойындағы бекеттерге орналастырып, қазақ-жоңғар тартысын пайдаланып, кенге бай Алтай өлкесін тезірек отарлауды аяқтауға тырысты. Міне, сонымен Ресей өзінің экономикалық мүдделерін бірінші орынға қойып, бекіністер салуға кірісті, ал барлық күшті жоңғар басқыншыларымен күреске жұмсаған қазақтар бұл қамалдар өздеріне қорғаныс болады деп сеніп, Ресей мемлекетіне қарсылық жасамады. Бұл қазақ жерін отарлаудың басы болатын.
1740 жылы Кіші және Орта жүз сұлтандары ел ағаларының ант берудегі Ресейдің қол астына Орта жүздің тек бір бөлігінің ғана өткендігін білдірді. Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталығындағы негізгі аймақтар патшалықтың жүргізген әскери-саяси акцияларының нәтижесінде ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары ғана империя құрамына енді.
№ 3-билет
Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
Мезолит (мезо… және грек. lіthos – тас) — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19 ғасырдың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9 — 5-мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б. 10 — 7-мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл дәуірде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Алғашқы қайық түрлері мен ескектер жасалынды. Ит қолға үйретілді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит ескерткішінің 50 шақты орны табылған. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1 — 3, Маятас, Бөген, тағы басқа), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, тағы басқа), Есіл маңынан (Мичурин, Боголюбово — 2, Явленко — 2, тағы басқа), Атбасар төңірегінен (Тельман-7, -8а, -9а, -14а, тағы басқа), Сарыарқадан (Әкімбек, Қарағанды-15, тағы басқа), Торғайдан (Тұз, Дүзбай-6, Евгеньевка, тағы басқа), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, тағы басқа), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек-21, Шідерті, тағы басқа), Маңғыстаудан (Шақпақата-2, Қызылсу-1, тағы басқа) табылды. . Сонымен бірге б. з. б. VIII мыңжылдыкка карай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және баска тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрактарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар каласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 түрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында—Тельман-7, — 8а, — 9а, — 14а, одан да оңтүстікте, Карағанды манында Әкімбек және Қараганды-15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындагы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка-2а, — 12 тұрак- тары мәлім. Торгай ойпаңы ауданында — Дұзбай-6, Қостанай қаласы манында Дачная және Евгеньевка түрақтары орналаскан29. Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасына орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұргын үй кұрылыстарының калдыктары сақталмаган. Есіл өзені аңгарында көлемі 40—60 шаршы метр, каңқасының қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бүрышты кұрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана калган.
2.ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Қазақ хандығының қоғамдық жүйесі патриархалдық-феодалдық рулық тәртіп негізінде қалыптасты. Ғалымдар қазақ қоғамының құрылымын төмендегідей жеті сатыға бөледі:
1. Ауыл. Ауыл – қазақтардың ең негізгі қоғамдық бірлігі. Ол қандастық (рулық) байланыс негізінде қауымдасқан 10-20 отбасынан құралады. Әр ауылда ауылбасы болады. Ауылбасы, әдетте, беделді, көпті көрген, сөзі өтімді, еті тірі кісілерден сайланады. Оның атқаратын басты міндеттері: көші қоң уақытын белгілеу, ауылдастарының шаруашылықтарын басқару. Ауыл ішіндегі дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру.
2. Ата аймақ. Ата аймақ жеті атаға толатын бірнеше ауылдан құралады, басшысы «ақсақал» деп аталады. Ауылбасылары ақсақалмен кеңесіп, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырған. Ақсақалдар неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші,т.б. мәселелерді шешіп отырған.
3. Ру. Әдетте 10-15 атадан қосылатын ата аймақтар бір ру есептеледі. Оның басшысы ру басы деп аталады. Руға өзінің жеке қасиеттерімен немесе аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік еткен. Рубасы да көпті көрген, білікті, тәжірибелі адам болған.
4. Ұлыс. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Ұлыс билігі «сұлтанның» қолында болды. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектер әулетінен шақты. Олар билік кеңесіне сүйенген. Билер ірі кеңестерде ұлыстың намысын қорғаған.
5. Жүз. Жүздер бірнеше ұлыстардан құралады. Оның басшысы хан деп аталады. Қазақ жүздері шамамен XV-XVI ғ.ғ. тайпалардың одағы негізінде қалыптасқан. Жүз билеушісі хан болды
Ұлы жүз аумағына Сырдариядан бастап ,Жетісу жері түгел кірді. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру - тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік - Шығыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Оған қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ тайпа - рулары енді. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оны келесі тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан) құрады.
6. Хандық. Қазақ хандығы Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп аталатын үш ірі жүз негізінде қалыптасқан. Сондықтан қазақ хандығының бас ханы «Ұлы хан» деп аталады.
Қазақ хандығының жоғарғы билеушісі хан мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда, аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. шыққан тегі мен байлығын білдірді.
Хан мемлекеттегі жоғарғы билеуші және бірінші тұлға саналып, саяси, соттық және әскери басшы болды. Ол сұлтандарға тәуелсіз, әрбір сұлтан оған тәуелдікте болды. Сұлтандар мен билер ханға жүгінді. Ханның жанында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шешен-жыраулардың Кеңесі құрылды. Олар маңызды саяси, әскери және азаматтық мәселелерді ақылдасып шешті.
7. Құрылтай. Бұл бүкіл қазақ халқының бас қосқан кеңесі. Ел басына күн туғанда, күрделі мәселелерді талқылауға үш жүздің бас көтерер азаматтары түгел қатысқан. Құрылтайда хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан атасы» болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.
Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделі емес еді. Тұрақты әскер болған жоқ. Оған әрбір азамат-жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Қазақ жасағының басшысы болып хан саналды. Бірақ оның жақын туыстарының бірі әскери қолбасшы міндетін атқарған. Жеке әскер шоғырларын сұлтандар, билер және батырлар басқарды. Қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы екі әлеуметтік топтан – «ақ сүйектер» мен «қара сүйектерден» тұрды. Олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен Мұхаммед пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана ақсүйектерге жататын еді. Қоғамның қалған топтары мен жіктерінің бәрі қарасүйек саналды.
Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ – ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер, сондай-ақ, қожалар жатты. Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа – қара сүйекке жатқызылды. Олардың қатарында билер, ру басылары, ақсақалдар, батырлар, дін басылары және қарапайым халық бар. Қарапайым халық қатарына - шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала тұрғындары, ұсақ саудагерлер, т.б. кірді.
Қазақ хандығында да алым-салық саясаты орын алды. Олардың негізгілері: малшылардан - зекет соғым, сыбаға, сыйлық, егіншілер мен қолөнершілерден - ұшыр, тағар, баж және хараж алынды. Бұған қосымша шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс істеуге және борышын еңбекпен өтеуге тиісті болды.
Қазақ жерлерінің жоғарғы басқарушысы хандар болатын. Олар тек Шыңғыс хан ұрпақтарынан шыққан, өздерінің сұлтандарымен бірігіп билік жүргізді. Көшпелі халық бұқарасына малдарын жайып бағуға берілетін жерлер билеуші әулеттің меншігі болып саналды, олардың бұған құқы заңмен бекітілді және салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен қуатталды. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе, Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал (хандардың туыстарына немесе көшпелі шонжарлар өкілдеріне сыйға берілген жерлер), иқта (хандардың туысқандары мен жақындарына тарту етілген жер үлестері), милық (әскери қызметі үшін сыйға алған жерлердің уақыт өте келе ірі феодалдық таза жер иелігіне айналуы), бақып (ислам діни иеліктеріне қарасты жерлер) сияқты және басқа түрлері кеңінен орын алды.
ХV-ХVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының негізгі түрі мал шаруашылығы болды. Оныңкөшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлері өмір сүрді. Табиғат–климат жағдайларына байланысты көшпелі мал шаруашылығы үстем болғандығы белгілі. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің жағалауларында отырықшы мал шаруашылығы өріс алды.
Көшпелі аудандарда жылқы, қой, түйе малын өсірсе, отырықшы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара, ешкі малын көбірек ұстады. Қазақ жылқылары негізінен екі бөлек тұқымды болды. Табында жайылатын тұрқы ұзын, кең келген, қысқалау сирақты жылқылар қысқы тебінге төзімді, қоң жинауға бейім келген. Жылқының бұл тұқымы қазіргі кездегі қазақ жылқысының «жабы» аталатын түріне жақын келеді. Сонымен бірге, асыл тұқымды бәйге аттарын өсіру де кеңінен таралған. Үй түлігінің кең тараған түрінің бірі – түйе. ХV – ХVII ғғ. қазақтар жалғыз өркешті нар түйелер өсірген, бірақ қос өркешті түйелер шаруашылыққа, көші-қонға қолайлырақ болған.
Қазақтар шаруашылығында ірі, құйрықты қой тұқымдарымен қатар ұсақтау, биязы жүнді қойлар да көптеп өсірілді.
Табиғат-климаттық жағдайларға, өмір сүру ортасының ерекшеліктеріне сәйкес маусымдық көші–қоң тәсілдері қалыптасты. Барлық жайылымдық жерлер қысқы-қыстау, көктемгі –көктеу, күзгі - күзеу, жазғы-жайлау болып бөлінген. Қысқы жайылымдар үшін көлдердің қамысты жағалаулары, өзен аңғарлары, таудың шатқалды жерлері, тоғай шеттері, кіші-гірім таулар мен төбелердің оңтүстік беткейлері, яғни мал табындарын үскірік аяздан, қарлы борандардан сақтап, ықтасын болатын жердерді таңдаған. Қары ерте кеткен жерлерді көктемгі жайылымға пайдаланған. Күзеу де сол сияқты, қыстауларға жақын маңда, қар кеш түсіп, ерте кететін жерлерге орналасты. Жазғы жайылымдар үшін шөбі қалың өсетін, табиғи су қорлары мол, самал ескен, шыбын-шіркейлері аз жерлерді таңдаған.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды роль атқарды. Қазақстанның оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер ХV-ХVII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. Әдетте, егіншілікпен көбінесе көшіп-қонуға мүмкіндігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдар – тары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау өңірлерінде, Ертіс өзені алқабында, Зайсан көлінің жағасында да едәуір дамыды.
Өзен мен көл жағасын мекен еткен қазақтар балық аулаумен де шұғылданған. Балық аулаумен көбінесе малы аз, тұрмысы төмен кедей шаруалар айналысты.
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі маңызды орын алды. Мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, түрлі жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т.б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды.
Бұл кезде, әсіресе Оңтүстік Қазақстан қалаларының Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.
3. Кіші жүз және Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге қосылуының басталуы. А.И.Тевкелев елшілігі, Орынбор экспедициясы. Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Санкт-Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды.Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнамың атынан қымбат бағалы сыйлықтар — болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.Бірақ оларды Құран ұстап ант берілгеннен және құжатқа кол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa болды.Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға — жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. Елшілік сондай-ақ қазақтардың империя кол астына өтуі қабыл алынған кездегі көңіл күйінің қандай болғанын да білуі тиіс еді. Тевклевке казақтардың ең жақын көрші халықтары туралы да деректер жинау тапсырылды.Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделіліктің болғаны Ресей императоры I Петрдің мына бір сөздерінен айқын аңғарылады. Ол былай деп жазған еді:
|
Бір миллион сомга дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қазақ ордасы... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт. |
№ 4-билет
