- •2.ХvіІғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.
- •3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
- •XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
- •1.Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
- •Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
- •Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.
- •3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
- •Мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
- •Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.Б. Елдерге жорықтары), оның салдары
- •Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.
- •Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.
- •Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
- •Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер
- •2.Ақ Орданың ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •3.Қазақстанның хіх ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.
- •3.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
- •Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.
- •Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •2. Жетісудағы Қарақытайлар.
- •3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
- •3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
- •3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
- •1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
- •2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-нің мәдениеті.
- •1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.
- •3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
- •1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы.
- •2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
- •1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
- •2. Түрік қағанаты.
3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
Қазақ әдебиеті. XVIII ғасыр қазақ тарихында қарсы тұру, болашақ даму үлгісін таңдау қайсарлық пен езгі, қатыгез сынақтар мен хылық қайғы-қасіреті жүзжылдығы болды. Заманның әмірі мен ағымына сәйкес қазақ халқының да ақыл-ойы, поэзиясы және музикасы дамыды.
Бұл дәуірдің әдебиетінде негізгі орынды қазақтардың бөгде жерлік басқыншыларға қарсы күрес тақырыбы иеленді. Бұл, әсіресе, Ақтанберді, Тәттіқара, Үмбетейлердің шығармашылығына тән болды. Сонымен қатар Ақтамберді жырау ХҮІІІ ғасырдың 50-жылдарында жоңғарлардан азат етілген қазақтардың қайта оралуын басқарды. Ақтанберді жырау Сарыұлы (1675-1768 ж.), Доспамбет және Шалкиіздердің дәстүрін жалғастырушы ретінде халыққа танылды. Оның шығармалары негізінен өсиет ойларға толы толғаулардан тұрды. Толғаулар айшықты образдар мен нақыл сөз формасында айтылды. Ақтанберді шығармашылығының негізгі тақырыбы ерлік күреске және жауынгерлік батырлыққа шақыру, жонғар басқыншыларына соққы беруді ұйымдастыру болып келді.
Ш.Уәлиханов халық ауыз әдебиеті қазыналары үлгілерінің қатарына Тәттіқара ақынның мұрасын жатқызады. Ол халық жадында жауынгер ақын ретінде қалды. Оның өмірі оны әрбір жорықта қасынан тастамай ертіп жүретін Абылай ханның айналасында өтті. Үмбетей жырау Тілеуұлы (1706–1778 ж.) әйгілі Бұқар жыраудың жақын досы болған. Ол философиялық – дидактикалық толғаулардың тудырушысы болып табылады. Үмбетей – Бөгенбай батырдың өліміне байланысты екі үлкен шығарманың авторы. Оның біріншісі Батырды жоқтау болса, екіншісі – Бөгенбайдың өлімін Абылай ханға естірту. Тәттіқара ақынның ой-толғауларынан тұратын оның жырларының мазмұнынан Бөгенбай, Қабанбай, Сары, Баян батырлар жөнінде көптеген мәлметтерді кездестіруге болады.
XVIII ғасырда атағы кеңінен жайылған жырау, қазақтың заңдары мен шежіресінің ғажайып білгірі, би әрі данышпан, мемлекет қайраткері Бұқар Қалқаманұлы (1693-1787 ж.) болды. Ол толық мәніндегі жырау еді. Бұқар - әнші, жыршы, сәуегей көреген, абыз, аңыздар мен салттың зор білгірі, тайпалар мен рулардың шығу тегін жатқа білетін шежіреші, Абылай хан мен қазақ сұлтандарының тәлмгері болған адам.
Ол орыс отарлаушылығы қауіпі жағдайында Қазақстанның сыртқы саяси қал-күйін терең түсініп тап басып айтып беріп отырды.
Сөйте тұра болашақты болжағыш данышпан жырау патша өкіметінің отаршылдық саясатының салдарын алдын-ала білген еді. Жырау жауға қарсы азаттық күрестің қаһармандарын – Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек сияқты басқа да көптеген батырларды мадақтап, жырға қосты. Ол Қазақстанның бір орталыққа бағынған әрі тәуелсіз мемлекет болуын армандап өтті.
Көптеген сауда-саттық жасау және саяси мақсаттарды көздеп келген ағылшын және неміс зерттеушілері де болды. Олпр: ағылшын теңіз қызметінің капитаны Джон Эльтон (1735), суретші Джон Кэстль (1736 ж.), саудагер Реональд Гок (1741-1742 ж.) т.б. болған. Бұлар да жергілікті халықтардың тұрмыс тіршілігі жөнінде құнды мағлұматтар қалдырды.
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті дамуының тарихи маңызы. XVIII ғасырдың басында Қазақстан экономикалық және саяси жағынан алдыңғы қатарлы державалар – Ресей, Англия, Франция және басқалардың отарлық қызығушылығының обектісіне айналды. Екінші жағынан өмірдің өзі терең еңбек бөліндісін, ең қажеттілігін жаңа білім мен кәсіпті игеруді талап ететін адам қызметінің жаңа түрлерін тудырды.
Сонымен қатар ол елдер сауда-өндірістік, көлік және басқа да жағынан жаңа аумақтарды игеруге мүделі болды. Бұл үрдіс мемлекеттер арасында басқаша қоғамдық – экономикалық , саяси және мәдени қатынастар тудырды. Күшті көршінің басып алуы халықтың дәстүрлі бастауларын бұзды. Шаруашылық өмір өзгерді, әлсіз мемлекет экономикалық дербестігінен айырылды, мәдениеті құлдырауды бастан кешірді. Мұндай үрдісті XVIII ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңдегі Қазақстанның мысалынан көруге болады.
XVIII ғасырдағы қазақ халқының мәдениеті өзінің негізгі бастауында қала отырып жаңа жетістіктерді өз бойына сіңірді және жаңа мазмұнмен байыды. Оның бойынан көшпелілердің көп ғасырлық дәстүрін де, Сондай-ақ басынан өткізген әлеуметтік үрдістер мен ұлттық мемлекеттілікті сақтап қалу үшін жүргізген күресінің ерекше бейнесінде байқауға болады.
Тарихи әңгімелер дәстүрлі той, астарда қызыл тілге шешен суырып салма билер мен шешендер айтатын тарихи әңгімелер де тыңдаушыларын қызықты ертегілермен,әңгімелермен таныстыратын. Мысалға, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би айтыпты деген әңгімелер мен нақыл сөздер біздің заманымызға дейін жеткен. ХҮІІІ ғасырдағы тарихи әңгімелер тақырыптары - қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі мен Еділ қалмақтарымен болған соғыстарға арналды. Белгілі фольклоршы әрі көрнекті қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы тақырыптар төңірегіндегі көптеген әңгімелерді жинастырған. Қазақтар арасынан алғаш шежіре деректерін жинастырып, жазып қалдырғандар Ә.Бөкейханов, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және т.б.
ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың рухани өмірінде музыка өнері ерекше орын алды. Атақты қобызшылардың бірі Тілеп Аспантайұлы (1757-1820 ж.). Ол 13 жасынан қобыз тартқан. «Толғау», «Аллам жар», «Бақсы» күйлерін шығарды.
Керей руынан шыққан Байжігіттің «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Қайың сауған», «Аңшының зары» атты күйлері бар. Қазақтар Ән-жыр, айтыс, жар – жар, той бастар, қыздың мұңды әні сыңсуды айтатын. Қайтыс болған адамды жоқтау сияқты ерекше азалы ән айтылатын. Сонымен ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әншілері, күйшілері мен ақындарының, сазгерлерінің шығармашылығы арқасында бізге «Қобланды батыр», «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Қыз Жібек» сынды жыр дастандар, сонымен қоса «Ақсақ құлан», «Жошы хан» сынды күй туындылар жетті.
ХҮІІІ ғасырдың соңында ІІ Екатерина тұсында зайырлы мектептер ашылды. Бұл мектептер империяның отаршыл аппараты үшін шенеуліктер, мұғалімдер, аудармашылар, діргерлер даярлады. Мектептер шекара шебіндегі бекіністерде ашылды. 1765 жылы Омбыда, Петропавлда және Жәмішевте Сібір шекара шебінің генералы Шпрингер ашты. Қазақтар балаларын шоқынып кетеді деген оймен мектепке беруге ынталы болмады. 1786 жылы Омбыда азиялықтарға арналған мектеп ашылды. 1789 жылы Орынбордағы айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Мұнда сауат ашу, арифметикамен қатар татар, түрік, араб пәндері қосылды. Кейін өлшем, топография сияқты пәндер оқытылды.
№ 5-билет
