Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen__1178_tarikh.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
822.78 Кб
Скачать
  1. Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.

1428 жылы Барақ ханның қайтыс болуымен Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетінің қолына өтті.  Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет-Шайх-оғлының баласы  Әбілқайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 жылы Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды. Оның хандығының құрамына қыпшақ, қият, маңғыт, шынбай, найман, қарлұқ, үйсін, қоңырат, қаңлы, тағы басқа сол сияқты тайпалар енді. Бұлар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас көшпелі тайпалар. Шығыс Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпалары шығыс деректерінде «өзбектер» аталды.

Шығыс Дешті Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің», яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай ордасының шығыс бетін, батыста Жайыққа, шығыста Балқашқа дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілқайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Ибакхан, Береке-сұлтан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды.  Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытыраңқы болып қала берді. Бұған Әбілқайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғыстары мен жорықтарының да әсері тиді. Әбілқайыр да хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқты, елдегі үстем тап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жасау, жаңа елдерді басып алу, соғыс барысында қолға байлық түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты.

Әбілқайыр хан өзінің басқыншылық әрекетін ХV ғасырдың 30- жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында  Шайбан ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының бірі Тоқай-Темірдің тұқымдары Махмұд хан мен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін Екіретүпте болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Әбілқайыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді  басып алады. Өзінің орталығын Турадан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды.

1446 жылы Әбілқайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі-Мұстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілқайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайырдың бағындыруының  үлкен саяси-экономикалық маңызы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда  орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілқайыр хандығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді. Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сұлтандарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сұлтанның, кейін оның баласы Әлеке сұлтанның иелігіне көшті,  Үзкент – маңғыт Уақас бидің қол астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қарамағында қалды.

Әбілқайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алуы ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының  арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі  шиеленістіре түсті. Себебі бұл қалалар мен оның төңірегіндегі алқаптарды қарату Барақ ханның тұқымдары Керей мен Жәнібек сұлтандардың және оларға тәуелді, Сырдария мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген рулардың мүдделеріне қайшы келді. Бұл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, сұлтандар мен оларға қарасты рулар мен тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп кетуіне әкеліп соқтырды.

ХV ғасырдың 50-жж. Әбілқайыр Мәуереннахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұқараға тонау жорықтарын жасады.

1456-1457 жылдары ойраттармен болған шайқаста жеңіліске ұшыраған Әбілқайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады. Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған оның қол астындағы көшпелі бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбас (Талас) өзендерінің бойына барып орнықты. Бұл оқиға Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиінде» баяндалған: «... Сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақ даласына түгелдей билік жүргізіп отырған кезі еді. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді...». Осыдан кейін көп ұзамай 1468 жылы Әбілқайыр хан көп жорықтарының бірінде қайтыс болды да «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]