- •2.ХvіІғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.
- •3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
- •XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
- •1.Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
- •Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
- •Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.
- •3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
- •Мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
- •Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.Б. Елдерге жорықтары), оның салдары
- •Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.
- •Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.
- •Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
- •Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер
- •2.Ақ Орданың ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •3.Қазақстанның хіх ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.
- •3.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
- •Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.
- •Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •2. Жетісудағы Қарақытайлар.
- •3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
- •3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
- •3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
- •1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
- •2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-нің мәдениеті.
- •1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.
- •3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
- •1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы.
- •2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
- •1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
- •2. Түрік қағанаты.
3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
№ 25-билет
1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
Қола дәуірі адамына антропологиялық сипаттама. Қазақстан жерін көне дәуірде мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр-сипаты туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі. Одан бұрынғы кездегі адамдардың сүйектері, әсіресе бас сүйектері сақталмаған. Қазақстан жерін қола дәуірінде Андрон мәдениетіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен табылып, зерттелді. Өздерінің антропологиялық сипаты жағынан андрондықтар еуропалық нәсілге жатады. Олардың бойы орташа, өңі ақшыл, шашы сарғыш, қыр мұрынды және ат жақты болып келген. Қостанай жеріндегі қола дәуіріне жататын Алексеев қонысынан табылған әйелдің бас сүйегін Мәскеудегі зертханада антрополог М.М.Герасимов қалпына келтіріп, оның бет пішінін жасады. Соңғы кезде Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан табылған адамның бас сүйегі үлкен, беті сопақ, маңдайы шығыңқы болса, Шығыс Қазақстандағы Зевакино қорымынан табылған адам сопақ басты, ат жақты, мұрны қусырыңқы болып келеді. Ал, Батыс Қазақстан жерінен табылған адамдардың басы домалақ, беті жалпақ, көзі шүңірейіп, мұрны дөңес келген.
Темір дәуіріндегі тайпалардың антропологиясы. Темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, үйсін, қаңлы және сармат тайпалары мекендеген. Бұл дәуір адамдарының антропологиялық пішіні сақ, үйсін және сармат заманында өзіндік сипат алады. Сақтар еуропалық нәсілге жатады, олардың бас сүйегі шағын, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы және мұрны дөңестеу болып келеді. Алайда сақтардың түр-сипатында андрондықтарға қарағанда, еуропалық белгілер көмескілене бастаған. Бұл сақтардың бас сүйегінің домалақтанып, маңдайы тайқылана бастауынан, мұрнының кішірейіп, көз шарасының шығыңқы бола бастауынан көрінеді. Бұл өзгерістер сақтардың түр-әлпетінде монғолдық нәсілдің байқала бастауынмонғол тектес, түркі тілді монғолдық нәсіл Қазақстан мен Орталық Азияға ғұн тайпаларының келуіне байланысты таралған. Алайда 60-шы жылдардан бастап Г.Ф.Дебец, Т.А.Трофимова және О.Исмағұловтың зерттеу деректерінде бұл өңірдің антропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын болған деп көрсетіледі. аңғартады. Монғолдық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды мекендеген сақтарға қарағанда басым болған. Ал, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында монғолдық белгілер біршама айқын кездессе, Арал аймағын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау болып келеді. Монғолдық нәсілді Қазақстан жеріне таратушылар Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған тайпалар еді. ХХ-шы ғасырдың 40-50 жылдарындағы зерттеулер бойынша
Үйсіндердің Жетісу жеріндегі Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған ер адамның бас сүйектері антропологиялық сипаты жағынан таза монғолдық нәсілге ұқсайды. Бұл ежелгі үйсін адамының бас сүйегін белгілі антрополог М.М.Герасимов қайта қалпына келтірген. Үйсіндердің бас сүйегі орташа, маңдайы тайқылау, бет сүйегі шығыңқы, қабақ доғасы орташа және кеңсірік бітімі дөңестеу болған. Бұл белгілер үйсіндерде сақ тайпаларына қарағанда монғолдық нәсіл басым болғанын көрсетеді.
