- •2.ХvіІғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.
- •3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
- •XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
- •1.Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
- •Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
- •Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.
- •3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
- •Мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
- •Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.Б. Елдерге жорықтары), оның салдары
- •Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.
- •Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.
- •Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
- •Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер
- •2.Ақ Орданың ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •3.Қазақстанның хіх ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.
- •3.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
- •Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.
- •Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •2. Жетісудағы Қарақытайлар.
- •3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
- •3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
- •3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
- •1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
- •2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-нің мәдениеті.
- •1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.
- •3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
- •1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы.
- •2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
- •1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
- •2. Түрік қағанаты.
1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қарлұқтар туралы алғашқы мәліметтер кездесетін қытай деректерінде V ғасырдың орта шенінде қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Бұлақ деп кездеседі. Олар Алтай баурайларын мекендеген.
Қарлұқтар Алтай тауларының батысын Зайсан, Алакөл, Урунгу көлдері аралығын, Қара Ертіс бойы мен Тарбағатайды мекендеді. Бұл кезде олар «Үш Қарлық» (Қарлұқтардың үш тайпасы) елі ретінде белгілі болды. Олар бірде Батыс Түрік қағанатына, бірде Шығыс Түрік қағанатына бағынған.
VII ғасырдың соңында қарлұқтар бір-бірімен күрескен үш күштің ортасында қалды. Олар Шығыс Түрік қағанаты, Қытай империясы және Түркештер еді. 714 жылы қарлұқтар Түркештер мен Шығыс Түрікке қарсы Қытаймен одақтасты. Оған бір жағынан, батыста күшейіп келе жатқан Түркештерден гегемондықты, яғни қозғаушы, басқарушы күшті, тартып алу, екінші жағынан, Шығыс Түрік қағанатының басқыншылық, тонаушылық жорықтарынан қорғану себеп болды. Жазба деректер («Үлкен Күлтегін жазуы») Шығыс Түріктің қарлұқтармен шайқасын былайша хабарласа «жиырма жеті жасымда еркіндік пен тәуелсіздікте болған қарлұқ халқы дұшпан болды», Білге қаған жазуы мұны тағы да растайды «Отыз бір жасымда қайғысыз, еркін және тәуелсіз болған қарлұқтар дұшпан болды. Тамағ ыдуғ басында шайқастық. Қарлық елін өлтірдім. Ол жерді қол астыма қараттым.». Тамағ ыдуғ (Тамыр бұлағы) Хангай тауларынан бастау алып Орхон өзеніне құятын өзен саласы. VIII ғасырдың ортасында Орталық Азиядағы шешуші саяси күш - ұйғыр мемлекеті болды. Көне түркілер мұрасы Солтүстік Монғолия үшін ұйғырлармен болған күресте сәтсіздікке ұшыраған, екінші жағынан батыста Түргеш қағанатының әлсіреуімен қарлұқтар батысқа бет бұрды. Қарлұқтардың батысқа жылжуы бұдан ертеректе-ақ басталған болатын. Ұйғырлардың Терхин жазуларында қарлұқтардың ит жылы (746 ж.) «Он оқ еліне» кеткендігі хабарланады. Бірақ, Жетісуда қарлұқтар билігінің орнығуына 740 - 751 жылдар аралығындағы империя әскерінің бұл өңірге жорықтары кедергі жасады. 740 жылы Тараз, 748 жылы Суяб, 749 жылы Шаш қалаларын қытай әскерлері ойрандады. 751 жылғы Талас шайқасында жоғарыда аталған себептерге байланысты империя әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Арабтар да кейін шегініп Жетісуда қарлұқтар билігі нығайды. Жетісуда қарлұқтардың орнығуына жергілікті оғыздар да қарсылық көрсетті. Дегенмен, қарлұқтардың қысымымен оғыздар батысқа, Сырдарияның төменгі ағысына, жылжуға мәжбүр болды. 756 жылы қарлұқтар Тараз және Суябты алып Жетісуда өз биліктерін түпкілікті орнатты.
Қарлұқ мемлекеті шығыста- Жоңғар Алатауынан, батыста- Сырдарияның төменгі ағысына дейін,солтүстікте- Балқаш, оңтүстікте- Ыстықкөлге дейінгі жерлерді алып жатты. Араб саяхатшысы Әбу Дулаф«қарлұқтар жерімен жиырма бес күн өтуге тура келді» десе, араб географы Ибн Хаукаль «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін отыз күн жол жүру керек болды» деп хабарлайды. «Худуд әл-алам» (X ғ.) мәліметтеріне сүйенсек, халқы ең тығыз қоныстанған және ең бай жер болған. Онда қалалар мен қала қоныстары өте көп. Қарлұқ елінде жиырма бес қала мен қала қонысы болған. Олардың ішінде Құлан, Мерке, Аталық, Балық, Барысхан, Тальхиз қалалары аталады. Қалалардың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Ірі қалалары Тараз бен Испиджаб.
756 жылы құрылған Қарлұқ мемлекетінің билеушісі ябғу лауазымына ие болды. 840 жылы Білге Күл Қадыр өзін қаған деп жариялады. Қарлұқтар құрамына үш ірі рулық бірлестіктер- Бұлақ, Жікіл және Ташлықтар кірді. Араб, парсы деректеріне сүйенсек, Жетісуда құрылған қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі түрлі тайпалар өкілдер- бұлақтар, тухсилер, аргулер, барысхандар, оғыздардың қалған топтары кірген.
Орта Азиядағы Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту мақсатында «ғазауат соғыс» жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилер әулетіне алым-салық төлеп тұрады. Саманилер Тараз қаласын да басып алып, онда мешіт салдырады. Қала билеушісі Оғұлшақ (Білге Күл Қадырдың ұлы) Қашғар қаласына кетуге мәжбүр болады. Дегенмен, бұл қалаларда саманилердің діни ықпалы болғанымен де, іс жүзінде билік қарлұқтар қолында болды. Сондықтан да саманилерге қарсы күрес те тоқтамаған.
Қалыптасқан тарихи және географиялық жағдайларға байланысты, қарлұқтар Қазақстан мен Орта Азияда орналасқан түріктердің ішіндегі отырықшылдыққа ерте бой ұрған тайпалық бірлестік. Оған ,біріншіден, оңтүстік, оңтүстік-батыстағы отырықшы-егіншілікпен, саудамен айналысқан Соғды мемлекетімен байланыстары, екіншіден, Ұлы Жібек жолының қарлұқтар мекенімен өтуі себеп болды. Қарлұқ қоғамында шаруашылықтың бірнеше типі қалыптасты. Олар көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы шаруашылықтар. Егер осы қарастырып отырған кезеңде қыпшақтар мен оғыздарда негізінен көшпелілік басым болса, қарлұқтарда жартылай көшпелі шаруашылық үстемдік етті. Аң аулау кәсібімен де шұғылданды. Қағанаттағы ішкі талас тартыстар мен билік үшін күрес күшті болды. Бұл қағанатты әлсіретпей қоймады. Мұны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұн қаласын басып алып, Қарлұқ қағанатын талқандайды.
