- •2.ХvіІғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.
- •3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
- •XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
- •1.Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
- •Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
- •Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.
- •3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
- •Мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
- •Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.Б. Елдерге жорықтары), оның салдары
- •Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.
- •Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.
- •Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
- •Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер
- •2.Ақ Орданың ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •3.Қазақстанның хіх ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.
- •3.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
- •Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.
- •Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •2. Жетісудағы Қарақытайлар.
- •3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
- •3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
- •3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
- •1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
- •2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-нің мәдениеті.
- •1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.
- •3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
- •1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы.
- •2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
- •1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
- •2. Түрік қағанаты.
3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
1. Ұлы Отан соғысының басталуы. Фашистік Германия бүкіл дүниежүзін жаулап алмақшы болып, Австрия мен Чехословакияны басып алды. Ал 1939 жылы Польшаға баса көктеп кірді. 1939 жылдың 1-қыркүйегінде Англия мен Франция фашистік Германияға соғыс жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Екінші дүниежүзілік соғыс бүкіл адамзатқа қайғы-қасірет пен жоқшылық әкелді. Бұл соғыс алты жылға созылды, яғни 1945 жылдың 2-қыркүйегіне дейін.
1939 жылы тамызда КСРО-мен Германия арасында өзара соғыспау туралы шарт жасалды.
Англия мен Франция Германияға қарсы белсенді соғыс әрекетін жүргізген жоқ. Өйткені олар Германия Польшаны басып алғаннан соң, бар күшін Кеңес Одағына бағыттайды деп ойлады. Фашистік Германияның жетекшісі Адольф Гитлер болды.
Фашистік Германия КСРО-мен өзара соғыспау туралы шартты бұзды. 1941 жылы 22-маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
Ұлы Отан соғысында 27 миллионнан астам кеңес адамдары мерт болды. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын. Ұлы Отан соғысында ешқашан болмаған ерліктер мен батырлық жасалды. Соғыс майданында тек ересек адамдар ғана емес, тіпті балалар да жан қиярлық ерліктің үлгісін танытты. Кеңес адамдары майданда шайқасып, жауға қарсы астыртын жұмыстар жүргізді, тылда еңбек етті, партизан отрядтарында қаһармандықпен соғысты.
Ұлы Отан соғыс жылдарындағы қазақстандықтар.
1941 жылы 22 маусым күні-ақ, Қазақстанның барлық аумағына «соғыс» деген суық хабар жетті.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар да фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыстарға қатысты. Оларды талқандау ісіне өз үлесін қосты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы барлық майдандарда аянбай күресті. Соғыс жылдарында республикамызда ондаған әскери құрамалар жасақталды. Соның ішінде атқыштар, атты әскер дивизиялары мен бригадалар болды. 1941 жылдың маусымында Литваның Шауляй қаласын ерлікпен қорғаған 219 атқыштар полкі, Петропавловск қаласында жасақталған 314 атқыштар дивизиясы Сивирь көлі төңірегінде қаһармандық танытты. Москваны қорғауда 312, 316, 238, 391, 387 атқыштар дивизиялары, 39 атқыштар бригадасы, 74 және 75 теңіз атқыштар бригадалары жан қиярлық ерліктің үлгісін көрсетті. Малоярославль маңында болған ұрыста Ақтөбеде жасақталған 312 дивизияға (бір ғана дивизия) қарсы фашистердің 3 бірдей дивизиясы соғысты. Дивизия жауынгерлері басым жауға соққы беріп, тамаша ерліктер жасады.
Қазақстандықтардың тылдағы ерлік істері.
Қазақстандықтар майданда ғана емес, тылда да ерлік істерін жалғастырды. Тылдағылар армияны қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен кідіріссіз жабдықтап тұруға міндетті болды. Ол үшін зауыттар мен фабрикалар, түрлі мекемелер өз жұмыстарын бұрыннан да жақсы, ұйымдасқан түрде еңбек етуі тиіс болды.
Бүкіл елдегі сияқты, біздің республикада да шаруашылықтың барлығы соғыс мақсатына лайықтап қайта құрылды. Фашистік басқыншылар көптеген қалаларды, елді мекендерді, өндіріс орындарын басып алды. Никополь кен орындарын басып алғандықтан, Қазақстан марганец өндіруді қолға алып, Уралдың металлургия зауыттарын қамтамасыз етуде еңбек жасады. Қарағанды кеншілері мыңдаған тонна көмір өндірді, Өскемен мырыш комбинаты соғысқа қажетті өнімді өте көп мөлшерде ұлғайтты.
Соғыс жүріп жатқан жерлерден 220 зауыт пен фабрика, кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Республикамызға Москва қаласы мен облысынан 40 зауыт көшірілді. Украинадан 70-тен аса өнеркәсіп орны әкелінді. Өнеркәсіп орындарымен қатар, мыңдаған мамандар да көшірілді.
Соғыс жылдары Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін басты әскери база болды. Сонымен қатар майданды малмен, мал өнімдерімен қамтамасыз етті.
Жақаев Ыбырай (1881ж. туған )-әйгілі күріш өсіруші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ол Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол осы ауданның «Қызыл-ту» колхозының звено жетекшісі болды. Оның звеносы бекітілген егістің әрбір 20 гектарынан орта есеппен 80-90 ц күріш алды. Ы. Жақаев 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949,1971), ордендермен, Бүкіл Одақтық ауыл шаруашылық және Бүкіл Одақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің медальдарымен марапатталған.
Бүгінде атақты күрішші есімімен оның еңбек еткен (колхозы) өндірістік кооперативі аталады, мектептер мен көшелердің аттары берілген.
Сондай-ақ, соғыс кезінде Ы.Жақаевпен бірге Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, В.П. Кривич сияқты еңбекшілердің есімі бүкіл елге тарады
№ 22-билет
