- •2.ХvіІғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.
- •3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
- •XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
- •1.Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
- •Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
- •Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.
- •3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
- •Мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
- •Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.Б. Елдерге жорықтары), оның салдары
- •Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.
- •Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.
- •Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
- •Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер
- •2.Ақ Орданың ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •3.Қазақстанның хіх ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.
- •3.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
- •Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.
- •Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •2. Жетісудағы Қарақытайлар.
- •3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
- •3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
- •3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
- •1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
- •2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-нің мәдениеті.
- •1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.
- •3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
- •1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы.
- •2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
- •1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
- •2. Түрік қағанаты.
3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
Жоңғар мемлекетінің кушеюі.
Жоңғар хандығы(1635-1758)-бұл ойраттардың жоңғариядағы мемлекеті. Моңғол хандығы кезінде ойраттар Шыңғыс ханның сол қанатындағы әскерінің құрамына кірді. (зунгар, жоңғар; содан-Жоңғария жоңғарлар). 1635 жылы Чорос хандығы ойрат билеушілері Хара–Хула және оның баласы Батұр қонтайшының бірігуінен жоңғар хандығы құрылды.
Қонтайшы Батұр кезінде қазақ пен жоңғар арасындағы үздіксіз қақтығыстар ұлғая түсті. Батұр қазақтарға қарсы бірнеше мәрте жаулап алушылық әрекеттер жасады. Батұр өлімінен кейін жоңғар хандығы әлсіреді, кейін қонтайшы Қалдан-Бошоқты (1670-1697 ж.ж.)билік басына келгенен кейін жоңғарлар қайта күшейді. Қонтайшы Цэван- Рабтан (1697-1727 ж.ж.) билік басына келген соң қанды қырғын жылдары басталды.
XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
1711, 1715, 1717, 1718, 1719 жж. жоңғар әскерлерінің қазақ жеріне жорығы қазақтардың ішінде алауыздық күшейіп, қауіп күшейе түсті.
Тәуке хан тұсында Қарақұмда жоңғарларға қарсы біртұтас жасақ құру мақсатында 1710 жылы қазақтардың құрылтайы өтті. Үш жүздің басын біріктерген бұл жиында Тәуке хан жоңғарларға қарсы күш біріктіру жөнінде әңгіме қозғады.
1710 жылы қазақ хандығына жоңғарлар қайта шабуыл жасап, бұл әрекет 1716 жылы қайта қайталанды.
1722 жылы қытай ханы Канcидің өлімінен кейін ұзақ жылдар соғысқан қытай мен ойрат тайпасының арасындағы қақтығыс тоқтап, жоңғарлар өзінің щығыс қорғанысын нығайтып Цэван-Рабтан қонтайшының қазақ жеріне қатты соққы беруіне мүмкіндік туғызды. Жоңғар билеушілері Еділ бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге елші жіберіп, қазақтарға қарсы бірлескенн соғыс қимылдарын жүргізуге бел байлады. Ертіс бойында жақында ғана бой көтерген әскери бекініс желісін нығайту мен әуре болып жатқан Ресей Оңғарларға осы тұста қауіп келтіре алмайтын еді. Дәл сол тұста Ресй көрші жатқан екі көшпелі мемлекеттің өзара қарым-қатынасына бейтараптық саясатты ұстады.
Ұлы жұтау жылдары.
1723 жылы көктемде болатын соғысқа жоңғарлар қатты әзірленіп, қазақ хандықтарының арасындағы алауыздықты пайданланған. 1723 жылы Қаратау арқылы Талас өзенінің маңына жетті. Қыстаудан көктеуге көшкен қазақтар мұндай соққыға дайын емес еді. Жоңғар әскерін басқарған Бахадур Хуно Дабо және әскер басы Амурсан Алатау арқылы өтіп, қазақ әйелдері мен еркектерін қатігездікпен өлтіріп, қалғантхалықты құлдыққа алып кетті. Ұлы жүз бен Орта жүз халқы мал-мүліктерін тастап, Самарканд пен Ходжентке жер аударды. Кіші жүз Хиуа мен Бұқараға қашты. Жоңғарлар арттарында кінәсіз халықтың денелерін ғана қалдырды. 1724 – 1725 жылдары жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Қаланы талқандап, халықтың үштен екісі қырылды. Жоңғарлардың ұлы жаулап алуы олардың әскерлерінің жақсы дайындығының әсері еді. Екінші жағынан қыстан әрең шыққан қазақ халқының тойтарыс бере алмағандығын өз пайдасына шешіп кетті. Қазақстанның шөлді және таулы аймақтарынан басқа жерлер барлығы іс жүзінде жоңғарлар қолында қалды. Салыстырмалы түрде Қазақстанның батысындағы алыс жерлер ғана аман қалған болатын. Әскерлері қару – жарақпен қоса пушкамен жабдықталған болды. Тарихтағы «Ұлы қайғы-қасірет жылдары» азап пен ашаршылыққа, бағалы заттардың қирауына және орны толмас шығын мыңдаған адамның өлімі мен ер адамдар, әйелдер және олардың балаларының тұтқынға кетуімен тарихқа енді. Осының салдарынан қазақ халқы өз жерлерін тастап пана іздеп, бас сауғалап кетті. Бұл тарихта (1723-1727 жылдар) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атақпен қалды. Осыдан «Елім–ай» әні шықты. Авторы белгілі батыр, ақын XVIII ғ.,композитор Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663-1756 жж.)
«XVIII ғасырдың алғашқы он жылдықтары, - деп жазды Ш.Уәлиханов, - қазақ халқының өміріндегі қияметті кезең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан килігіп, олардың ұлыстарын талқандады, малдарын айдап, адамдарын тұтас отбасымен тұтқындап алып кетті».
Осындай өте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғарларға қарсы тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алмады. Тәуелсіздік жолындағы күресті «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Саурақ, Тайлақ, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты, туған жерді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Қазақтар 1724 жылдың өзінде-ақ жауға тойтарыс бере бастады.
Жоңғар агрессиясының тигізіген орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Шұрайлы мал жайылымдарынан қазақтар толық айрылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жайылымдар қаңырап бос қалды. Көршілермен сауда саттық байланыстар да үзілді. Ең ауыр қайғы туған-туыстар мен жақын адамдардың қазасы болды. Қазақтардың біраз бөлігі ашаршылыққа ұшырап, біразы құлдыққа сатылып кетті. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз осыдан қалған. Ал аман қалғандары басқыншыларға шектен тыс салықтар төлеген. Қазақ хандығының халықтары алыс аймақтарға, тіпті шет жер асып босып кетуге мәжбүр болды. Батысқа қарай қазақтардың жер сауғалап ағылуы түркімендермен, қарақалпақтармен, өзбек, башқұрт және қалмақтармен жерге таласқан дауға алып барды. Қазақтардың Орал казактарымен де, Батыс Сібірдегі орыстармен де қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, осы жағдайлардың бәрі Қазақ хандығын Ресей империясының оңай отарлап алуына әкелді.
Осы жоңғарлар шабылы салдарынан қазақ халқы басына түскен ауыр жағдай оларды біріктіруге әкелді.
Жауға қарсы соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Кіші жүз ханы Әбілқайыр болды. 1723 жылы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылай қауіпсіз еткен ол қолын бастап, Сырдария бойына қарай ығысты. 1724 жылдың көктемінде Түркістан қаласына келіп, оны ерлікпен азат етті.
1725 жылы қазақ-қарақалпақ әскерінің қолбасшысы бола отырып, жоңғарларға қарсы бірнеше жорық жасады. Қазақтың басын біріктіруді талап ете отырып, 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық құрылтай болып өтті.
Үш жүздің сұлтандары, хандары алауыздықты қойып, күш біріктіру нәтижесінде қаһарлы жауға жұмыла күресіп,, тамаша жеңіске жетті.
Сонымен ХVІІІ ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Осы жалпықазақ біріккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдасқан түрде үсті-үстіне соққы берді. Қазақтың үш жүзінің , бүкіл қазақ халқының күш-жігер біріктіруі нәтижесінде мүмкін болған нәрсе.
Осы жойқын соғыста қазақ халқының туысқан қырғыз және қарақалпақ халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні жөніндегі жалған аңыздың күлін көкке ұшырды.
№ 2-билет
