- •2.ХvіІғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.
- •3. Хvіі ғ. Соңы мен хvііі бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.
- •XVIII ғ басында жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі.
- •1.Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы, хvііі ғ. Дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.
- •Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі.
- •Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.
- •3.Хvііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •Неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы
- •Мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
- •Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.Б. Елдерге жорықтары), оның салдары
- •Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.
- •Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.
- •Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
- •Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер
- •2.Ақ Орданың ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.
- •3.Қазақстанның хіх ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.
- •3.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс.
- •Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.
- •Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •2. Жетісудағы Қарақытайлар.
- •3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
- •3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.
- •3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
- •1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).
- •2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-нің мәдениеті.
- •1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.
- •3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.
- •1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы.
- •2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).
- •1)Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.
- •2. Түрік қағанаты.
3. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін,халық арасында сауатсыздықты жою қолға алынды.Алдымен ересектер арасында сауатсызықты жою қолға алынды.Ересектер жұмыстан кейін кешкі мектептерде оқып, хат таныды.1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды.Оның мүшелері жер-жерлерде аралап, халықтың арасында сауатсыздықты жоюға үлес қосты.1928 жылы Қазақстанда халықтың 25% -ы ғана сауатты болды,оның ішінде қазақтардың 10 %–ы ғана сауатты саналады.Осы жылдары оқушыларға мектепте білім беру ісінде көптеген қиындықтарға кездесті. Барлық елді мекендерде жаңа мектептер салу, оларды оқулық жәнеоқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін өте көп қаржы қажет болды.Мұғалімдер саны көбейді.Балаларға міндетті түрде бастауыш білім беру туралы заң шықты. Елде мектеп жасындағы барлық балалар 4 жылдық бастауыш мектепті бітіруге тиіс болды. Ниет білдіргендер оқуларын жалғастырып, жеті жылдық және он жылдық мектепте оқи алатын болды.1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларға міндетті түрде оқыту енгізілді.
Бөкейханов,Байтұрсынов,Дулатов,Жұмабаев,Аймауытов,Асфендияров және басқалар мектептерге арналған тұңғыш оқулықтар жазды. Қазақстан тарихы оқулығы мен бағдарламасын дайындаған, Санжар.Асфендияров қуғындалып, жазғандары мектепте оқытылуға тиым салынды. Бұндай жағдайды көпшілік алаш қайраткерлерінің өкілдері бастан кешті. Қазақ мектептерінде Мәскеуден шыққан аударма оқулықтар оқытылды.Елімізге инженерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер және басқа мамандар өте қажет болды. Сондықтан елімізде осындай мамандар даярлайтын институттар мен техникумдар ашыла бастады. Ұлы Отан соғысы қарсаңында елімізде 20 жоғары оқу орны мен 118 орта арнаулы оқу орны болды. Онда 40 мыңдай адам оқыды.
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы.Республикада қазақ және орыс тілдерінде хор, әдебиет және драма үйірмелері, клубттар, халық театрлары пайда болды. 30-жылдардың ортасында Ақтөбе, Семей, Шымкент, Петропавл, Қарағанды қалаларында театрлар жұмыс істей бастады. 1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық өнер және балет театры ашылды. Ахмет Жұбановтың жетекшілігімен осы жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.
Хлудов қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі болды. Оның шәкіртіӘбілхан Кастеев-тұңғыш қазақ суретшісі,қазақтың белгілі кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнері негізін салушылардың бірі.Туған жері–Алматы облысы Жаркент төңірегі.Еңбек жолын Түрксіб темір жолы құрылысында жұмысшы болып бастады.Ол 1926-1936 жылдары Алматы сурет студиясында Хлудовтан және Москвада Бродскийден дәріс алған.1945-1956 жылдары ол Қаз КСР Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы болды.«Амангельді Сарбаздары», «Түрксіб»,«Қапшағай ГЭС-і», «Кеңестік Қазақстан», «Қазақстан жерінде», «Тың туралы» - картиналар мен акварельдік сериялар дайындады. 1966 жылы Ә. Кастеев «Қазақстан жерінде» акварельдік сериясын дайындағаны үшін Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Кастеевтің 1000-нан астам картиналары, акварельдері, суреттері республиканың өзіндік көркем өнерінің үлгісі болып табылады.Кастеев–ҚазКСР халық суретшісі, төртінші және бесінші шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ерен еңбегі үшін Октябрь революциясы, Құрмет белгісі орденімен марапатталған.
Әміре Қашаубаев атақты әнші, актер, әрі музыкант.Ол 1888жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қайнар ауылында туған,12 жасқа келгенде әкесі Семей қаласына көшіп келеді.Ол өнер жолы 1917 жылдан басталады. 1921-1924 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ел-аймаққа» мүше болады.1924 жылы Семейде ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болады. Әміре Қашаубаев 1925 жылы Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-сьезіне делегат ретінде қатысып, концертте өз өнерін көрсетті. Сол жылы Париж қаласында болған Бүкіл дүние жүзі ән әндері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Дударай», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша» әндерін орындап, 2 бәйгемен қоса күміс медаль жеңіп алды. 1927 жылы Москвада Кеңестердің 4-сьезіне делегат болып, Москва консерваториясында қазақ әндерін шырқады. Сонымен қатар 1927 жылы Германияның Франкфурт қаласында өткен халықаралық музыкалық көрмеде өнер көрсетіп, қазақ әндерін әлем елдеріне паш етті. А.В.Затаевич Әміренің әншілік өнерін өте жоғары бағалап, одан көптеген әндерін: «Дударай», «Балқадиша», «Көк көбелек» жазып алды. Оларды «Қазақтың 500 ән мен күйі» деп аталатын жинағында жариялады. Елімізде Қашаубаев атындағы республикалық жас әншілер байқауы өтіп тұрады. Семей қаласында Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филормония жұмыс істейді.
Жұмат Шанин Тұрғынбайұлы -қазақ кеңес режиссері, драматург, актер, ұлттық театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қаз.КСР халық артісі. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Желтау өңірінде 1892 жылы дүниеге келген. Ауыл молдасынан білім алып, хат таниды. 1913 жылы Омбыда зауытта жұмысшы болып істеді, онда жүріп өз бетінше білімін жетілдіреді. 1925 жылы ашылған Қазақ драма театрының директоры болды және оның көркемдік жағын басқарды. Жұмат Шанин Қазақстанда тұңғыш ұлт театрының негізін салып,оны ұйымдастырып, шығармашылық жағынан өсуіне үлкен еңбек сіңірді.Оның басшылығымен С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлары», Шекспирдің «Гамлеті», М.Әуезовтың «Октябрь үшін», т.б. шығармаларын қойды. Театрдың көркемдік жағын басқарып, алғашқы музыка театр өнерінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосты.
Соғыс қарсаңында елімізде 3304 кітапхана, 5237 мәдениет үйлері жұмыс істеді. Алайда осындай жетістіктермен қатар кемшіліктер де болды. 30 жылдары республикаға көшіп келушілер көбейді, 1939 жылы қазақтар республикамызда небәрі 21,9 % болды. Қазақ тілі шектеліп, қазақ мектептері жабыла бастады.Қазақ жұмысшылар саны жылдан жылға өсе бергенімен, бірақ олардың көпшілігінің мамандығы жоқ болатын. Елде күнәсіз жазалау барысында көрнекті мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет өкілдері кінәсіз жазалаудың құрбаны болды.Осы тізімге бүкіл өмірлерін сарп еткен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышбаев, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов және басқалар ілікті. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар-Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров жазықсыз жаза тарты.
№ 21-билет
