Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen__1178_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
822.78 Кб
Скачать

2. Жетісудағы Қарақытайлар.

3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

17- билет

  1. Ғұндардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.

Ғұндар туралы тарихи деректер. Ежелгі қазақ даласындағы этникалық, саяси және мәдени үрдістерде ғұн тайпаларының алатын орны ерекше.     Б.з.б. IV-III ғасырларда Орталық Азияда Қытайдың солтүстік шекараларына жақын орналасқан ғұн тайпалары біріге бастады. Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан б.з.б. I ғасырдың соңы мен б.з.-дың Iғасырында келгендіктен, олардың тарихы қазақ жерімен тығыз байланысты. Оны біз археологиялық қазбалардан және Қытайдың жазба деректерінен білеміз. «Ғұн» атауы б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында алғаш рет қытай деректерінде кездеседі. Ғұндардың әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы жөнінде ең алғаш жазған қытай тарихшылары: Сыма Цянь, Бан Гу, Фай-Е-нің шығармалары аса құнды мәліметтер береді.

   Олардың біріншісі қытай тарихының атасы – Сыма Цяньның                     130 бөлімнен тұратын «Ши-цзи» (Тарихи жазбалар) атты еңбегі болса, екіншісі - Бань-Гу жазған еңбек«Цянь Хань-шу» (Батыс Хань мемлекетінің құжаттары) деп аталады. Ал, үшіншісі тарихшы – Фай-Е жазған «Хоу Хань-шу» (Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары) атты шығарма. Сонымен қатар Еуропа ғалымдарынан  Рим тарихшысы - Аммиан Марцеллиннің «Іс-қимылдар» деп аталатын 31 кітаптан тұратын шығармасы, француз тарихшысы - Тьер Амедидің «Аттила және оның мұрагерлерінің тарихы» атты 2 томдық кітабы, герман тарихшысы Иорданның ғұн билеушілері Ругила мен Аттила басқарған мемлекет және Аттиланың Римге жорығы туралы мәліметтері  бағалы еңбектер қатарына жатады. Орыс ғалымдарынан Н.Я.Бичурин, Н.А.Аристов, В.В.Бартольд,                Л.Н.Гумилев, А.Н.Бернштам, қазақ ғалымдарынан Ш.Ш.Уәлиханов, К.А.Ақышев, Г.А.Кушаев, К.М.Байпақов, әкелі-балалы Сәрсен және Алтай Аманжоловтар ғұндар тарихнамасын зерттеуге үлес қосып, олар туралы құнды деректер жазған.

    Қазақ ғалымдарының ішінен ғұн билеушісі Аттила туралы алғаш рет жазып, ғылымға енгізген – Шоқан Уәлиханов болды. Бүгінгі таңда ғұндардың тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік беретін көрнекті түрік тарихшысы Бахаддин Өгелдің 1981 жылы Анкарада басылып шыққан «Ұлы ғұн империясының тарихы» атты екі томдық кітабының маңызы зор. Бұл шығарманың түрік тілінен қазақ тіліне аударылған нұсқасы               1998 жылы жарық көріп, оқырман назарына ұсынылды.

     Ғұндар алтай тілдер тобының бір тармағы болып табылатын түркі тілдес моңғолдықнәсілге жататын тайпалар. Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев өзінің «Пайғамбар» атты өлеңінде «ғұндар - түркілердің атасы» деген тұжырым жасайды. Бүкіл Еуразия құрлығындағы этносаяси дамудың түбірлі өзгерістері көшпенді әрі жауынгер ғұн тайпаларының есімімен тікелей байланысты.

Археологиялық ескерткіштері. Қазақстан аумағында ғұндардың археологиялық ескерткіштері өте сирек ұшырасады. Ғұн қорымдары көбірек кездесетін аймақ - Оңтүстік Сібір. Мұндағы қабірлер алдын-ала қазылған қазаншұңқырға қойылған қима-табыттардан аршылды. Шұңқырға табытқа салынған мүрде мен сол дәуірге тән құрал-саймандар, қолөнер бұйымдары және ақіреттік тағам ретінде сиыр еті қойылған.

   Шөл және шөлейт аймақтардағы ғұн ескерткіштеріндегі өзіндік ерекшелікке биік ер-тұрман, қауырсын тәріздес қабыршақты өрнек, әшекейлі қол қазан жатады. Ғұн қабірлерінен көптеп кездескен бұйымдар күрделі садақ пен түрлі әшекейлер. Ғұн садағы жеті сүйек бөліктерінен құрастырылып, иыққа жақындайтын тұсы қосымша сүйек қапсырмалармен бекітілген. Рим саяхатшысы Аммиан Марцеллин ғұндардың ұшына у жағылып, мүйізден жасалған ысқырық тағылған сүйек жебелерінің болғанын жазады. Бірақ мұндай жебелерді археологтар әлі таба қойған жоқ. Ғалымдардың пайымдауынша «жер қыртысында сүйек сақталғанымен, мүйізден жасалған бұйымдар сақтала қоймайды, сондықтан да қазақ даласында осындай жебелер әлі кездесе қойған жоқ» дейді. Ғұн әйелдерінің қабірлерінен керемет жасалған бас киім мен «қалаш» сырғалар, білезіктер, белбеу айылбастар және моншақтар табылды.

     Халықтардың ұлы қоныс аудару кезіндегі далалық қорымдардан созыла басылған алтын қаңылтыр мен түрлі-түсті тастар салынған әшекейлер табылды. Олардың мұншама көп таралуы көшпелілерді тез баюға алып келген Иран мен Римге қарсы тонаушылық соғыстарына байланысты болған еді. Әзірге зерттелген ғұн қабірлеріндегі бұйымдар алтын және өзге әшекейлермен сәнделген. Алайда, қорымдарда ірі алтын кесектерінен жасалған заттар сирек кездеседі және әшекейлеуде пайдаланылған қызыл және күлгін түсті тастар да аса бағалы емес.

   Археологтар Иволга өзенінің Селеңгіге құяр тұсындағы елді мекеннен тұрақты жартылайжертөленің орнын тапты. Едені сабан араласқан балшықпен сыланған жертөленің ішінен тары дәндері, шойын түрендер, темір орақ, тас дәнүккіштер және астық сақтайтын ұралар табылды.  Ғұндардың қабірлерін қазу барысында табылған қыш құмыралар, көзелер, саптыаяқтар қолдан жапсыру тәсілімен ұршық қалыптарда дайындалған.

2.Наймандар, керейіттер, жалайырлар.

1931-1933 жылдардағы ашаршылық.

18-билет

1. Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы.

2. Қарахан мемлекеті, мемлекеттің құрылуы.

3. 1920-1930 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер.

19-билет

1.Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан.

Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Бұл мәдениетті исседон тайпалары қалдырғын. Тасмола мәдениетінің алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылды. Орталық Қазақстандағы сақескерткіштері негізінен обалы қорымдар түрінде сақталған. Орталық Қазақстанның  осы дәуіріне тән ескерткіштерге «мұртты» обалар жатады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» бағдаршам рөлін атқарған. Шынында, «мұртты қорғандар» белгілі бірбұрышпен салынған да, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді. Мұртты обалардың аузы күншығысқа қаратылған. Бұл сол кездегі күнге табынудың белгісі. «Мұртты» обалардың 4 түрі кездеседі. Бірінші түрі - үлкендеу қорғанның шығыс жағынан салынған кішілеу қорған обалар. Кіші қорғанның шығыс жағынан «мұрт» сияқты тас тізбек кетеді. Екінші түрі – екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады және екі қорғанның оңтүстік және солтүстік шегінен шығысқа карай мұрт (доға) сияқты тас құрылыс жүргізіледі. Үшінші түрінде, алдымен бір үлкендеу қорған салынады, соның үстінен тағы бір кіші қорған тұрғызылады. Үлкен қорғанның шығыс жағынан тас «мұрт» жасалады. Төртінші түрі үшіншіге ұқсас, яғни бірінің үстінен бірі салынған екі қорғаннан тұрады. Бұл обалардағы астыңғы қорған мен үстіңгі қорғанның ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады. Обалардың біреуіне адамды, ал екіншісіне мініс атын жерлеген. Өлген адамның аруағына арналып жылқы шалып, оны бірге көмген екен. Қазақта өлген адамға арналып сойылған жылқының басы оның қабірінің үстіне қойылған. Бұл әдет шығыс аймақтарындағы қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған.

2. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері, қалалар мен қоныстар, қала ғимараттары (кесенелер, мешіттер).

3. Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР және т.б.).

20-билет

1. Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан

2. Қимақ мемлекетінің құрылу, мәдениеті мен кәсібі.

VII ғасырдың басында Монғолияның солтүстік батысын мекендеген кимектер VII ғасырдың ортасына таман Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне көшеді. VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың басында кимектер Қазақстан жеріне қоныс тебе бастады. 766-840 жылдары кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанды. Ортағасырлық парсы тарихшысы Гардизи кимектер құрамында жеті тайпа болды деп көрсетеді. Олар эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажларлар, имек, қыпшақ тайпалары. Кейбір деректерде кимектер атауы «қимақтар», «кемектер» деп те кездеседі.

Деректердің көрсетуінше, Кимек мемлекетінің құрылған мерзімі IX ғасырдың соңы. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттық орталығы Имақия қаласы болды.

Мемлекет билеушісінің лауазымы «қаған» деп аталған. Билік атадан балаға мұрагерлікке қалдырылып отырған. Өкіметтің барлық билігі қаған қолында болды. Қағаннан кейінгі билік тайпалар бірлестігін  басқарған «ябғулардың»  қолында еді. Олардаң кейінгі жеке ру-тайпаларды  «шад-түріктер» билеген.

Кимектер орталығы  болған Ертіс өңірінде олардың 16 қаласы болыпты. Олардың ішінде Имақия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур, т.б. бар.

Х ғасырдың екінші жартысында кимектер жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасай бастайды. Деректер оларды Ертіске дейін жетті деп жазады. XI ғасырда  бұл шабуылдар күшейе түсті. Осындай жорықтардың әсерінен Кимек мемлекеті де әлсірей бастайды. Екінші жағынан, ішкі билік үшін күрес те өрши түсті. Билік үшін күреске қыпшақ тайпалары да араласты.

Кимектерде мал шаруашылығы басым болды. Парсы тарихшысы Гардизи былай деп жазды: «шаруалар өз мырзаларының малын бақты... Қысқа арнап олар әрқайсысы өздерінің шама- шарқына қарай, қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады». Сонымен қатар, кимектер қолөнер, балық аулау, егіншілікпен де айналысқан. Зираттардан табылған садақ жебелері кимектердің темір қорытудың шеберлері болғандығын көрсетеді.

Кимектер мен қыпшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған.

Кимектер табиғаттың әртүрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көкке, Тәңірге  сиынған.  Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға  да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, «өзен – адамның тәңірі» деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған.

X ғасырда Орталық Азиядан шыққан  көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Кимек мемлекетін әлсіретті. Сондықтан Кимек мемлекеті құрамындағы қыпшақ тайпалары өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына қарай қозғайды. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақтар кимек мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді «Дешті Қыпшақ», яғни «Қыпшақ даласы» деп атады.

Осы оқиғалардың барысында кимектер саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар, қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Кимектердің  бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы  қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына  қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар кимек мемлекетінің орнын басты.

      Кимек атауы туралы «Қазақстан тарихының (Көне заманнан бүгінге дейін)» 5 томдық. 1том, 322-бетті қараңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]