Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen__1178_tarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
822.78 Кб
Скачать
  1. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы, Қарғалы диадемасы.

1. Үйсіндер туралы деректер. Б.з.б. ІІ – б.з.VІ ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеп мемлекеттік дәрежеге көтерілген ертедегі тайпалық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады.Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Үйсіндер туралы алғашқы мәліметтер ежелгі қытай жазбаларында б.з.б. ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Үйсіндердің шығу тегін кейбір ғалымдар сақ заманындағы исседондармен байланыстырады. Демек, үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп атау орынды.  «Үйсін» деген этноним ең алғаш б.з.б. 104 жылы қытай тарихшысы Сыма Цянь жазған - «Ши-цзи» (Тарихи жазбалар) атты коп томдық шығармаларда кездеседі. Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы «Усун» деген атпен белгілі болған. Қытайдың Хан әулетінің императоры У Ди ғұндармен соғысатын одақтас табу мақсатында б.з.б. 138 жылы батысқа Чжан Цянь бастаған елшілік аттандырады. Чжан Цянь Жетісу жеріне барып, сол жақтан үйсіндер туралы мәліметтер алып келеді. Қытайлар үйсіндерді «усунь-го», яғни         аспан елі деп атады.

     Үйсіндердің көк бөрі туралы аңызында: «Бір күні үйсіндерге көрші тайпа шабуыл жасап, қолбасшылары Нанди биді өлтіріп, оның жас сәбиі Елжауды тірідей шөп арасына тастап кетеді. Күтушісі Бөже оңқа жаялыққа оралған сәбиді қалың шөптің арасына жасырып, балаға тамақ іздеп кетеді. Қайтып келсе баланы бір көк бөрінің емізіп тұрғанын көреді. Олардың үстінде тұмсығына ет тістеп бір құс қалықтап тұрған. Құс баланың басын айнала ұшып тұрып алады. Балаға құдайдың жар болғандығын түсінген күтуші сәбиді «Құдіретті бала» деп атап, оны көтеріп ғұндардың билеушісіне алып барады. Патша баланы жақсы күтіп, тәрбиелейді, ал ол өскен кезде үйсіндерге билеуші етіп тағайындайды. Сол бала көрші тайпаларды талқандап жеңіп, үйсін мемлекетін құрды» делінген. Баланы емізіп, аман сақтап қалған көк бөріні үйсіндер күні бүгінге дейін қадір тұтады.

    Антропологиялық жағынан үйсіндердің бет пішінінде еуропоидтық жәнемонғолоидтық белгілер бірдей байқалады.

     Үйсіндердің мекені және сыртқы байланыстар. Үйсін мемлекетінің негізгі аумағы Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл және Қытайдың Іле аймағы болды. Шекаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында Тянь-Шаньның шығыс бөлігі, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты. Мемлекет шығыс, батыс, орталық болып 3 бөлікке бөлінген. Үйсіндер батысындақаңлылармен, шығысында ғұндармен, ал оңтүстігінде Ферғанамен шектесті. Үйсіндер кезіндегі тиграхауда сақтарының жерін мекендеген. Үйсін мемлекетінің астанасы - Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы болды. Ол Ыстықкөлдің жағасында орналасқан. Қытай деректеріндегі мәліметтерге қарағанда үйсін еліндегі халықтың саны – 630 мың, әскері -188 800 жауынгер болғандығы айтылады. Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Әлеуметтік қатынасар заңдар арқылы реттеліп, күшті, ұйымдасқан әскері болды. Үйсін елі қытайлар үшін «Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналды. Мемлекеттің ең жоғарғы басшысы - гуньмо (күнби) деп аталған. Бірқатар көрші тайпалар үйсіндердің қол астында болды. Олар жайылым, сауда жолы үшін қаңлы, ғұндармен ұзақ соғысты. Ғұндардың тегеурініне төтеп беру үшін үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Ал Қытайлар саяси мақсатпен үйсіндерді ғұндарға қарсы күресте пайдалануды  көздеді. Б.з.б 105 жылы қытайлар үйсіндермен құдаласып, үйсін күнбиі Елжау Хань патшалығының Шижүн атты ханшасын әйелдікке алады. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалдарға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хань империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды. Үйсін мемлекетін б.з.б.               V ғасырда аварлар (жужандар) талқандайды. Үйсіндер б.з. VІ ғасырының ортасында Түрік қағанатының құрамына енген. Қазақ халқының құрылу барысында үйсіндер ең басты бірлестік болды. Бүгінгі таңда Ұлы жүз құрамындағы ру болып саналады.

Қоғамдық құрылысы. Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар. Үйсін қоғамы бір текті болмаған, онда байларжауынгерлер мен абыздар және қарапайыммалшылар мен егіншілер өмір сүрді.

 Үйсіндер қоғамында құлдар да болған, олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралып, үй шаруашылығында пайдаланылды. Үйсіндерде басты байлық- мал мен жер болып саналды.Ең бай адамның 4–5 мың жылқысы болған. Байлар өзінің жеке меншігі екенін білдіруүшін жылқыларына ен салып, таңба басты. Б.з.б. І ғасырда ежелгі үйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік, шұрайлы жерлерді жеке меншікке иелену басталды. Жеке меншіктің болғанының  бір белгісі – жеке адамдарға тиесілі мүліктің ерекше таңбалармен белгіленуі болып табылады. Таңбалар дүние мүлікке, үй малдарына салынды.  Үйсін қоғамында әскер басшылары мен жоғары лауазымды ақсүйектердің алтын, мыстанжасалған мөрлері болса, лауазымы төмендердікі тас, қыштан жасалды. Дәулетті адамдардың киімдері көбінесе биязы жүннен тоқылып, жібектен матадан тігілді. Олар жібектіжылқыға айырбастап немесе сыйлық, алым есебінде Қытайдан алып отырған. Қарапайым адамдар жүннен тоқылып, былғары мен қой терісінен тігілген киімдер киді. Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғанын үйсіндерді жерлеген обалардан дабілуге болады. Үйсін обалары көлемі жағынан  3-ке бөлінеді:

үлкен обалар – диаметрі 80 метр, биіктігі 15 метр;

орташа обалар – диаметрі 15 метр, биіктігі 4 метр;

кішкене обалар – диаметрі 10 метр; биіктігі 1 метр.

Үлкен обаларға бай адамдар жерленген. Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал кішкене обаларға қатардағы малшылар мен егіншілер жерленген. Олардың зираттары мүлде қарапайым болған.

Археологиялық ескерткіштері. Үйсіндердің маңызды археологиялық ескерткіштеріне Қарғалы, Қызылеспе, Ақшоқы, Үңгіртас, Шолақжиде, Жетісудағы Алтынемел, Ақтас елді мекені, Шығыс Жетісудағы Теңлік, Кеген өзені аңғарындағы Ақтасты қорымдары т.б. жатады. Үйсін тайпаларының ескерткіштері негізінен алғанда оба түрінде кездеседі.     Үйсін обаларының ең үлкенінің диаметрі  80 метр, ал биіктігі                  15 метрге дейін жеткен.Әдетте, олар топырақ үйіндісі сияқты болып жатады. Үйсіндерден қалған ең құнды мұра 1939 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы Қарғалы сайының бойындағы Мыңошақтыда жүргізілген қазба жұмыстары барысында 2300 метр биіктікте қараңғы тау шатқалындағыҚарғалы үңгірінен табылған -  диадема (тәж тәрізді әшекейлі бас киім - тәті) болып табылады. Бұл диадема кезіндегі бақсы әйелдікі болуы мүмкін. Өйткені үйсіндер адам бармайтын биік, қараңғы жерлерге бақсы-балгерлерді жерлеген. Қарғалы диадемасыб.з.б.            ІІ-І ғасырларда өмір сүрген зергер-ұстаның  тамаша туындысы. Диадема ұзындығы – 35  см, ені – 4,7 см екі бедерлі алтын тіліктен жасалған. Диадеманың шөп тәріздес тор көздеріне түрлі аңдардың, жануарлар мен адам бейнелері орнатылып, көгілдір, қызыл-қоңыр, қызыл тастармен әшекейленген. Диадеманың ортасында тау басына орнатылған тұғырда бір-біріне қарап тұрған екі қанатты тұлпар бейнесі бар. Бұлпырақ аттар күннің белгісін білдіреді. Сол жақта – қанатты барыс үстінде шауып келе жатқан әйел мен бұғы келе жатыр. Оның артында ешкі, айдаһарға мінген адамдар бейнесі бар. Бұл бейне Александр Македонскийдің жорықтарына байланысты ежелгі Грекиядан енгенұғымдар болуы мүмкін. Себебі гректерде түрлі жануарлар бейнесіне кіре алатын, өлім мен өмір беруші табиғат құдайы - Диониске табыну дәстүрі болған.  Диадемамен бірге үңгірден 400 әр түрлі сәндік бұйымдар, оның ішінде қос өркешті жатқан түйенің бейнесі бар 2 жалпақ жүзік, таутеке бейнелі бедері бар 10 дөңгелек оқа, құс бейнелі етіп жасалған әшекей сырғалар, дөңгелек сылдырмақтар табылды.

Қолөнердің дамуы. Обалардан табылған мәдени мұралар үйсіндерде қолөнер кәсібінің болғанын дәлелдейді. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қолөнер заттары мен бұйымдары үйсін өнерінің жоғары даму деңгейін көрсетеді. Үйсін әйелдері ыдыс жасауда саз балшықты пайдаланған. Ыдыстар арнайы ұршықтарға, құм толтырылған мата қалыпқа қолдан саз балшық жапсыру арқылы жасалды. Ағаш ұсталарықайыңнан астау, табақ, тостағандар мен ожауларды ойып жасаған. Олардың арасында азық-түлік сақтайтын, су таситын, сүт құятын ағаш ыдыстар да кездеседі.Керамиканың негізгі түрі тостаған, сопақ құмыра, тас тұтқалы қазандар болды.Қорғандардан табылған бұйымдарға қарап үйсіндер темір балқыта алды деген қорытынды жасай аламыз. Үйсін ұсталары темірден пышақ, қанжар, семсер, жебе ұштарын жасады. Олар дән үгу үшін екі жалпақ тастан қол диірмен жасай білген.Сонымен бірге үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы мен алтын кеніштерінен кен өндірген. Зергерлер түрлі-түсті тастар мен бағалы металдардан моншақ, сырға, киімге тағатын сәндік бұйымдар жасап, сүйектен түйме, түйреуіш пен ілгектер әзірледі. Үйсіндерде алтын әшекей бұйымдарды жасауда зерлеу тәсілін қолдана отырып, зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері дамыды. Тері өңдеуде былғарыдансұйық тағамдарға арналған торсық пен мес тігілді. Тоқымашылардың мата тоқу ісінде қарапайым тоқыма құралы - «өрмек» қолданылды. Қолөнер мен үй кәсіпшілігі мал өнімдерін өңдеумен байланысты болған. Үйсіндер былғары мен киізді шеберлікпен өңдеп, түрлі түске бояды. Мұнымен, көбінесе, әйелдер айналысты. Ал еркектердің басты міндеті отбасын және мал-мүлікті қорғау болды.

Мал шаруашылығы мен егіншілік. Қытай жазбаларында үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттайды. Б.з.б 105 жылы үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен қаптаған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүт тағамдарымен қоректенетінін айтып өлеңмен зарлы хат жазған. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығыЖетісудың табиғаты үйсіндерге көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Бұл аймақта қыстау мен жайлаудың ара қашықтығы 30 – 100 шақырым аралығында болды. Сол себепті үйсіндер қыстау мен жайлауда, сонымен қатар тау бөктеріндегі жайылымдарда ұзақ уақыт отыра алатын. Үйсіндер алысқа көшіп-қонуға және тебіндеуге ыңғайлы жылқы мен қойды көп өсірді. Сонымен қатар сиыр, ешкі, қосөркешті түйе, есек ұстады. Үйсіндер жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. Бай үйсіннің4-5 мың жылқысы болды. Үйсіндерде байлықтың негізгі өлшемі – жылқы саныменанықталды. Үйсіндердің Шығыс Жетісудағы Теңлік қорғанынан табылған алтын тоғада құйрық-жалы өрілген ат үстінде отырған адам бейнесі бар. Теңлік қорғанынан табылған ат пен Ахеменид астанасы Персепол сарайы қабырғасына бедерленген сақ жылқыларын салыстырғанда, олардың ұқсас екендігі байқалды.

      Үйсіндер шаруашылығының ерекшелігі мал шаруашылығының егіншілікпен ұштастыра жүргізілуінде. Олар көбіне тары мен арпа еккен. Елдің көп бөлігі жайлауға шығып кеткенде, қалған тұрғындар егінді күтіп, оны күзде жинап алып, туыстарын астықпен қамтамасыз етті. Бірте-бірте жиі болып тұратын жұт, малдың індеті, үздіксіз соғыс салдарынан малдан айырылған халықтың бір бөлігі тұрақты отырықшылыққа көшуге мәжбүр болды. Үйсіндердің отырықшы болып, егін шаруашылығымен айналысқандығын олардың мекен-жайларынан көруге болады. Мәселен, ЖетісудағыАқтас қонысының төңірегінде қарапайым суармалы егіншіліктің болғанын дәлелдейтін аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген шағын егіс танабының орны анықталды. Бұл жерден сол  уақытта пайдаланылған егіншілік құралдары: шоттар, орақтар, дән үккіштер көптеп табылды. Дәнүккіштер ұзақ пайдаланғаннан әбден жұқарып, тозған. Сонымен қатар Іле, Шу, Талас алқабында үйсіндерден қалғансуландыру жүйелері сақталған.

   Үйсіндердің баспанасы. Көшпелі үйсіндердің баспанасы – киіз үй болса, отырықшы үйсіндер кірпіштен және тастан салынған үйлерде тұрды. Олардың баспаналарының қабырғалары екі қабат тастан тұрғызылып, арасы шағыл тасты топырақпен толтырылған күрделі қабырғалардан көтерілген.

      Шу мен Кеген өзендерінің жағалауында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар бірнеше үйсін қоныстарының орнын тапты. Олардың өзара айырмашылықтары бар. Шудағыүйсіндердің баспанасы қыш кірпіштен соғылып, таға тәріздес, саздан жасалған ошақ арқылы жылытылған.          Ал, Кеген үйсіндерінің үйлері тастан жасалған 4 бөлмелі және мал қамайтын бірнеше бастырмалы болды. Бөлме еденін саз балшықпен сылап, іргесін таспен қаптаған. Үйдің ортасындағы жерошақ үйді жылытып, жарықтандырды, әрі оған тамақ пісірді. Үйсіндер баспанасының төбесі жайпақ, тегіс етіп жабылып, тіреулер қойылған. Қабырғалары әр түрлі ою-өрнектермен безендірілген.

      Үйсіндердің бір ауылында 5-6 үйден болды. Ауыл маңында ру және әулеттің зиратыорналасып, қабір үстіне топырақ пен тастан қорған тұрғызылған. Олардың жанында құрбандық шалынды. Үйсіндердің мекен-жайларында қыштан жасалған ауыр ыдыс-аяқтар, дән үккіштер, темірден жасалған орақ тәрізді құралдар, тас шоттар, дәнді дақыл қалдықтары кездескен.

Қыпшақ хандығы

Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді. XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді. Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара – Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды.XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақа, бек, байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы тұрғындар — жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. 1096 жылы "Құдіретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. XI ғ. аяғы – XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Хорезмшах Атсыз (1127–1156 жж.) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді. Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оның немере інісі Алып-Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172–1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан құрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуінен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысында Алып-Дерек әскерлері жеңіліске ұшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезмшахқа тәуелді болып шықты. Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Хорезм шахы Мұхаммед (1200–1220 жж.) өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресін жалғастыра берді. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қайырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп моңғол басқыншылығының дәуірі басталады. Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсірді. Жылқы мен қой басым болған. Жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе шаруашылығымен де шұғылданған. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген. Аң аулаумен қатар қыпшақтардың өзен мен көл жағалауларында тұратындары балық аулаумен шұғылданған, олар кішкене қайық, кемелерді пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтар негізінен тары өсірген. Олар жетіспеген астықты Орта Азияның егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап алып отырған. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған. 3. 1920-1930 жж. Қазақстандағы индустрияландыру.

Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстандабірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.

Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.

Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы —Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды. Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.

Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.

16-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]