- •01_01_01_Қаз. Терапия,Ішкі аурулар,Тыныс алу ағзаларының аурулары және синдромдары, қаз.
- •01_01_02_Ќаз. Терапия, Ішкі аурулар, Ќан айналым ж‰йесініњ аурулары мен синдромдары, ќаз
- •Iвариант
- •II вариант
- •01_01_03_Қаз. Терапия, Ішкі аурулар, Ас қорыту жүйесінің синдромдары мен аурулары, қаз
- •01_01_04_Қаз. Терапия, Ішкі аурулар, Зәр шығару жүйесінің синдромдары мен аурулары, қаз
- •01_01_05_Ќаз.Терапия, Ішкі аурулар, Ќан жасау ж‰йесініњ аурулары мен синдромдары, ќаз
- •01_01_06_Қаз. Терапия. Ішкі аурулар. Буындардың және дәнекер тіндердің аурулары, қаз.
- •01_01_07_Ќаз. Терапия, Ішкі аурулар, Эндокрин ж‰йесі мен зат алмасу
- •01_ 02_ Ішкі аурулар_ Қан айналу жүйесінің аурулары және синдромдары қаз
- •01_ 06_ Ішкі аурулар_ Буын және дәнекер тіннің аурулары қаз
- •01_01_ Ішкі аурулар_ Тыныс алу ағзаларының аурулары және синдромдарыказ
- •01_03_Ішкі аурулар_Ас қорыту жүйесінің аурулары қаз
- •01_04_Ішкі аурулар_Зәр шығару жүйесінің аурулары және синдромдары қаз
- •01_05_ Ішкі аурулар_Қан түзілу жүйесінің патологиясы кезіндегі аурулар және синдромдар қаз
- •01_07_ Ішкі аурулар_Эндокринді жүйенің аурулары және зат алмасуының бұзылулары қаз
01_01_06_Қаз. Терапия. Ішкі аурулар. Буындардың және дәнекер тіндердің аурулары, қаз.
Вариант 1
$$$001
Науқаста 3 апта бойы күнде дене температурасының 38,80С дейін жоғарылауымен, лейкоцитоздың 14х109/л дейін болуымен көрініс беретін клиника-зертханалық симптомды кешен байқалады. Осы жағдайда әрі қарай зерттеу жоспарына қандай диагностика әдісін қосу қажет?
А) Қанның, зәрдің бактериологиялық себіндісі
В) Спирография
С) Денситометрия
D) рН-метрия
Е) Эндогенді креатининнің клиренсі
{Дұрыс жауабы}= А
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тестіленушінің болжамды білімі}= РА
$$$002
Митральды стеноздың тура (прямой) белгісі қандай?
A) Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы
B) Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
C) Өкпе артериясында екінші үннің жарықшақтануы
D) Митральды қақпақшаның ашылу сытыры
E) Өкпе артериясында екінші үннің акценті
{ Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= ZO
$$$003
Жүйелі қызыл жегімен сырқаттанған науқаста ЖРВИ (ОРВИ) кейін қызыл зәр пайда болды. Зәрде протеинурия 2,5 г/л. Тәулігіне 10мг преднизолонның қолдау (поддерживающая) мөлшерін қабылдайды. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?
A) Преднизолонның тәуліктік мөлшерін 60 мг дейін жоғарылату
B) Преднизолонмен пульс-терапия
C) Метотрексатпен қосарланған терапия
D) К/т 120мг преднизолонды енгізу
E) К/т циклофосфамидті енгізу
{ Дұрыс жауабы }=В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= NS
$$$004
Науқас 56 жаста, 2 ай аралығында жүйелі склеродермия мен жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ем қабылдауда. Қанды зерттеу барысында лейкоциттер мөлшерінің 2,8х109/л дейін төмендеуі анықталды. Көрсетілген препараттардың қайсысы лейкопения тудыруы мүмкін?
А) Панангин
B) Нифедипин
C) Д-пеницилламин
D) Преднизолон
E) Фуросемид
(Дұрыс жауабы }=С
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тестіленушінің болжамды білімі}=NS
$$$005
38 жастағы науқаста параорбиталды аймақта қоңыр түсті ісінулердің, бұлшықеттік әлсіздік, қызба, дисфагия және ЭТЖ 40 мм/сағ дейін жоғарылауына байланысты үдемелі ағымды дерматомиозит диагнозы қойылған. Тәулігіне 20 мг per os преднизолон тағайындалған. Бірақ науқастың жағдайы жақсармаған. Жүргізілген терапияға резистенттіліктің себебі қандай?
А) Преднизолонды қабылдау жолы дұрыс таңдалмаған
B) Дерматомиозит диагнозы қате болған
C) Преднизолонды жеке қолдану нәтижесіз
D) Преднизолон мөлшерінің жеткіліксіздігі
E) Негізгі аурудың емін жүргізбеген екіншілік дерматомиозит
{ Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}=NS
$$$006
34 жастағы ер адам өзін 1 айдай ауруымен санайды, сол кезде сол жақ тобық буынының ісініп ауырсынуы, қызба пайда болған. 10 күн бойы индометацин қабылдаған. 10 күннен кейін түннің екінші жартысында күшейетін оң жақ тізе буынының артралгиясы және ісінуі пайда болған. Аурудың басында уретрадан шамалы сілемейлі-іріңді шығындылар болған. Мүмкін болатын диагноз қандай?
A) Псориаздық артропатия
B) Рейтер синдромы
C) Ревматоидты артрит
D) Лайм ауруы
E) Анкилозды спондилоартрит
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}=РА
$$$007
Ер адам, 35 жаста, тыныштықта жойылмайтын омыртқа бағанасының төменгі бел сегментіндегі ауырсынуға және қозғалысының шектелуіне шағымданады. Қарағанда: бел лордозы тегістелген. Рентгенологиялық екі жақты сакроилеиттің белгілері анықталады. Қандай рентгенологиялық симптом осы патологияға патогномды болып табылады?
А) Буын саңылауының тарылуы
В) Синдесмофитоз
С) Буын маңының остеопорозы
D) Көптеген узурлар
Е) Зақымдалған буындардың таюы
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= NS
$$$008
53 жастағы ер адамды еңтігу, әлсіздік, аяқ бастарының ұюы мазалайды. 8 кг-ға арықтаған. Рентгенограммада – жүрек көлеңкесінің кеңеюі және өкпенің іркілісі байқалады. Сол жақ шынтақ нервісінің мононевриті диагностикаланған. Мүмкін болатын диагноз қандай?
А) Ревматоидты артрит
B) Полимиозит
C) Түйінді периартериит
D) Жүйелі склеродермия
E) Өкпе туберкулезі
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}=(Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тестіленушінің болжамды білімі}= PA
$$$009
Әйел адам, 40 жаста, 4 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеу аясында аурудың белсенділігі өршей түскен. Бірінші топтағы базисті ем ретінде емдеу бағдарламасына қандай перпаратты қосуға болады?
У пациентки,40 лет, страдающей ревматоидным артритом в течение 4 лет, на фоне лечения нестероидными противовоспалительными препаратами выявлено нарастание активности заболевания. Что следует добавить в программу лечения в качестве базисной терапии первои линии?
A) Делагил
B) Сульфасалазин
C) Алтын препаратты
D) Метотрексат
E) Д-пеницилламин
{Дұрыс жауабы}= D
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тестіленушінің болжамды білімі}= РА
$$$010
40 жастағы әйел адам, 15 жылдай сылақшы болып жұмыс істейді, кәсіби жұмыстарын орындау кезінде қол басы ұсақ буындарының ауырсынуына және құрысуына шағымданады. Объективті қарағанда: нормостеник, дистальды фалангаралық буындары деформацияланған және қозғалысы шектелген, дистальды және проксимальды фалангаралық буындардың сыртқы бүйір беткейінде қатты түйіндер, оң қолы I-ші алақан фаланг буындарының синовиит белгілері байқалады. Қол басының рентгенограммасында остеофиттер, буын саңылауларының тарылуы анықталады. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?
А) Антибиотиктер + метаболизмдік терапия + ҚҚСЕП
В) Антиоксиданттар + антибиотиктер + глюкокортикоидтар
С) Дипиридамол + жылы аппликация + антибиотиктер
D) СЕҚҚП + цитостатиктер + жыныс гормондарының ультрафонофорезі
Е) Хондропротекторлар + СЕҚҚП + пентоксифиллин
{Дұрыс жауабы }= Е
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= NS
Вариант 2
$$$001
Бронх демікпесі бар 56 жастағы әйел адам, ұзақ уақыт жүйелі түрде глюкокортикостероидтар қабылдаған. Оссалгия себебінен сүйектің рентгенологиялық зерттеуі жүргізілген, онда омыртқалардың екі жиектерінің иілуі (двояковогнутые), трабекулярлы сүйек кемігінің жоғалуы анықталады. Анықталған өзгерістердің себебі не?
А) Ревматоидты артрит
B) Остеоартроз
C) Стероидты остеопороз
D) Подагра
Е) Склеродермия
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= РА
$$$002
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен сырқаттанатын 35 жастағы әйел адам, жүректің декомпенсация көріністерімен ауруханаға түсті. Жүректің аускультациясы кезінде «бөдене» (перепел) ырғағы, өкпе артериясында II үннің акценті, протодиастололық шу естіледі. ЭХОКС-та: сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың аумағы 1,2 см2. Жүрек жеткіліксіздігінің үдеуін жою үшін науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?
А) Үздіксіз антибактериальды терапия
В) Митральды комиссуротомия
С) Глюкокортикостероидтармен үздіксіз терапия
D)Ангиотензинге айналдырушы фермент ингибиторларымен үздіксіз терапия
Е) Жүрек гликозидтерімен үздіксіз терапия
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= РА
$$$003
25 жастағы әйел адам, температураныңфебрильді санға дейін жоғарылауына, шашының түсуіне, тырнақтарының сынғыштығына, таңертеңгілік құрысуға, қол бастары мен тізе буындарының ауырсынуына және ісінуіне, ентігуге, құрғақ жөтелге, бұлшықет әлсіздігіне, АҚ жоғарылауына, бас ауруына, жүрек айнуына, арықтауға шағымданады. Қарағанда: бетінде «көбелек» тәрізді эритематозды дақ, терісі құрғақ, торлы ливедо. Тексергенде: ЭТЖ жоғарылаған, панцитопения, қанда көп мөлшерде LE-жасушалары, АНФ титрі жоғары, протеинурия, гематурия, креатинин деңгейі жоғарылаған, өкпе рентгенографиясында:инфильтративті көлеңкелер және перикард қуысында сұйықтық. Мүмкін болатын диагноз қандай?
А) Жүйелі склеродермия
В) Түйінді периартериит
С) Жүйелі қызыл жегі
D) Ревматоидты полиартрит
Е) Дерматомиозит
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= РА
$$$004
32 жастағы әйел адам қатты тағамдарды жұтуының қиындауына, суық күндері қол саусақ бастарының ұюына және түсінің өзгерістеріне, физикалық жүктеме кезіндегі еңтігуге, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Кеуде ағзаларының рентгенограммасында – пневмосклероз, спирограмма көрсеткіштері бойынша – өкпе вентиляциясының рестриктивті өзгерістері. Диагностиканың қандай әдісі диагнозды верификациялауда көмектеседі?
А) LE-жасушалар
В) Нативті ДНК-ға антидене
С) Ревматоидты фактор
D) Анти-СКЛ-70
Е) Креатинфосфокиназа
{Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тестіленушінің болжамды білімі}= NS
$$$005
Ер адам, 72 жаста, аяқ – қолдарының бұлшықетінің проксимальды бөліктеріндегі, мойын бұлшықеттерінің әлсіздігіне, жөтел ұстамасына, тағамдарды жұтуының қиындауына, шашалуға, жүрек қағысына шағымданады. Объективті: параорбитальды ісіңу, күлгің реңімен жоғары қабақтарының эритемасы, ауырсынуы, аяқтарының проксимальды бөліктерінің және иық белдемесі бұлшықеттерінің ісінуі. Қандай диагностикалық әдіс патологияның себебін көрсетеді?
А) LE-жасушалар
В Нативті ДНК-ға антидене
С) Ревматоидты фактор
D) Анти-СКЛ-70
Е) Креатинфосфокиназа
{Дұрыс жауабы }= Е
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= NS
$$$006
52 жастағы науқасты алкоголь қабылдағаннан кейін пайда болатын бірінші алақан - фаланг буынындағы ауырсыну мазалайды. Рентгенограммада сүйек эпифизінің «мөрлік» (штампты) кемістіктері анықталды. Мүмкін болатын диагноз қандай?
A) Ревматоидты артрит
B) Подагра
C) Остеоартроз
D) Псориазды аротропатия
E) Сүйектің метастаздық зақымдалуы
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тестіленушінің болжамды білімі}= PA
$$$007
30 жастағы әйел адамда қызба, буын синдромы, арықтау, бас айналуы, бел аймағындағы ауырсыну, көз өткірлігінің төмендеуі, естен тану, қолдарындағы пульстің және АҚ ассиметриясы, мойын тамырларындағы систололық шумен көрінетін симптомды кешен байқалады. Қандай қан тамырлары жиі зақымдалады?
А) Қолқа – бұғана доғасы, омыртқа, ұйқы артериялары
В) Тәждік артериялар
С) Құрсақ қолқасы, ішперде қуысының тамырлары
D) Өкпе артерияларының жүйесі
Е) Бүйрек артериялары
{ Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}=(Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= NS
$$$008
37 жастағы әйел адам іштің күшті түйілген тәрізді ауырсынуына, дене ыстығының 380С дейін көтерілуіне шағымданып ауруханаға түсті. Қарағанда: симметриялы түрде, аяқ буындарының жазғыш беткейінде орналасқан, бірігуге бейім, тері бетінен шығыңқы ұсақ бөртпелер байқалады. Зәрде: гематурия, протеинурия. Науқасты жүргізудегі ең тиімді тактика қандай?
A) Антикоагулянттар + глюкокортикостероидтар
B) Антиагреганттар + антибиотиктер
C) Гемостатиктер + вазодилятаторлар
D) Вазодилятаторлар + СЕҚҚП
E) Антибиотиктер + СЕҚҚП
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тестіленушінің болжамды білімі}= NS
$$$009
Ревматоидты артриттің III кезеңіндегі негізгі рентгенологиялық белгісі қандай?
A) Буын саңылауының тарылуы
B) Буын маңының остеопороз
C) Зақымдалған буындардың таюы
D) Көптеген узурлар
E) Сүйектік анкилоздар
{Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}= (Қалимурзина Б. Ішкі аурулар: 2т.-Алматы: Асем-систем, 2005ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тестіленушінің болжамды білімі}= ZO
$$$010
28 жастағы ер адам, жеңіл атлетикамен шұғылданады, шат аймағындағы айқын ауырсынуларға, ақсақтыққа шағымданады. Обективті: оң жақ санының қозғалысы шектелген, сан және бөксе бұлшықеттерінің атрофиясы. Рентгенологияда оң жақ сан сүйек басының тегістелуі (сплющенная) анықталады. Мүмкін болатын диагноз қандай?
А) Миеломды ауру
В) Екіншілік коксартроз
С) Сүйек туберкулезі
D) Сүйектің метастазды зақымдалуы
Е) Подагра
{Дұрыс жауабы}= В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}=(Ревматология: национальное руководство. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой,2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тестіленушінің болжамды білімі}= NS
