- •1.Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •3.Сөйлеу мүшелерін тексеру тәсілдері, қойылатын талаптар
- •4. Сөйлеу тілі дамуы бұзылған баланы тексерудің нейропсихологиялық әдісі
- •6. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексеру
- •8. Сөйлеу тілін тексерудің бағдарлау кезеңіне сипаттама, міндеттері таппадымго кыздааар
- •11. Сөйлеу тілінің болжамдау кезеңіне сипаттама.
- •16. Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
- •17. Фонематикалық қабылдауын тексеру әдістемесі, қойылатын талаптар
- •18. Дыбыс айтуын тексеру
- •19. Сөйлеу тілінің фонематикалық жағын тексеру
- •20. Артикуляциялық аппараттың құрылымын тексеру
- •22. Сөз қорын тексеру
- •23. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру
- •24. Сөйлем құрау дағдыларын тексеру
- •25. Сөзжасам дағдыларын тексеру
- •26. Сөзөзгерту дағдыларын тексеру
- •27. Байланыстырып сөйлеуін тексеру
- •28. Сөз түсінігін тексеру. 29. Сөйлеу тілін түсінуін тексеру тәсілдері, талаптар
- •30.Сөзге дыбыстық талдау жасауын тексеру
- •31. Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру
- •32. Оқуын тексеру
- •33. Жазуын тексеру
- •34. Сөздік қорын тексеруге арналған сөздік материалдарды іріктеу қағидалары
- •36. Анамнез жинау
- •37. Танымдық процестерді тексеру әдістемелері
- •38) Сөздің буындық құрамын тексеру
- •39) Ұсақ моторикасын тексеру
- •40) Оқудың бұзылуын ерте анықтау әдістемесі
- •41) Еліктеу негізіндегі өзіндік сөйлеу тілін тексеру әдістемесі
- •42) Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын тексеру әдістемесі
- •43) Сөйлемейтін баланың зейінін тексеру әдістемелері
- •45 Диалогтық сөйлеу тілін тексеру әдістемелері
- •46 Монологтық сөйлеуін тексеру әдістемесі
- •47 Сөйлеу қабілетін тексеру әдістемесі (н.В.Микляева бойынша
- •48 Ойлау қабілетінің дамуын ерте диагностикалу. (е.А.Стребелева бойынша)
- •49 Балабақшадағы ересек тобындағы балалардың сөйлеу тілінің дамуын тексеру әдістемесі (в.В. Хвалова бойынша)
- •50 Сөйлеу тілі дамуы бұзылған баланы тексерудің нейропсихологиялық әдісі
- •51 Сөйлеу тілі мен ойлауды тексеру әдістемелері (о.Н. Усанова)
- •52 Сөйлеу тілін тексерудің психолингвистикалық әдістері ( а. Н. Гусев)
- •59.Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •62. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексерудің 2-3 тәсілін көрсетіңіз
- •63. Сөйлеу тілін тексерудің бағдарлау, диагностикалық кезеңдерінде қойылатын сұрақтар мысалы
- •64. Сөйлеу тілін тексерудің аналитикалық, болжамдау кезеңдерінде қойылатын сұрақтар мысалы
- •67. Байланыстырып сөйлеуін тексеруге арналған сұрақтар мысалы
- •68 Грамматикалық құрлысын тексеруге арналған сұрақтар
- •69 Сөзжасам дағдыларын тексеруге тапсырма
- •70 Сөзөзгерту дағдыларын тексеруге тапсырма
- •71 Кеңістікте бағдарлауына
- •72 Фонематикалық қабылдауын тексеруге тапсырма
- •74 Артикуляциялық аппаратты дамытуға тапсырма
- •75 Артикуляциялық аппараттың қозғалысын дамытуға 4 тапсырма
- •77 Сөйлем құрау дағдыларын тексеруге 3
- •78 Байланыстырып сөйлеуін тексеруге тапсырма
- •79 Сөз түсінігін тексеруге 3 тапсырма мысал
- •80 Сөйлеу тілін түсінуін дамытуға 3 тапсырма
- •81 Сөзге дыбыстық талдау жасауын дамытуға
- •82 Сөзге дыбыстық жинақтау жасауға тапсырма
- •84 Сөздің буындық құрамын тексеруге мысал келтіріңіз
- •84. Жазуды тексеруге тапсырма
- •85. Танымдық процестерді дамытуға әдістеме. Зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •Балалардың зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •86. Сөздің буындақ деңгейін дамытуға әдістеме.
- •87. Ұсақ моторикаға әдістеме.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •88. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту
- •89. Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын дамыту.
- •90. Диалогтық және монологтық с.Т тексеруге мысал
17. Фонематикалық қабылдауын тексеру әдістемесі, қойылатын талаптар
«Фонематикалық қабылдау», «фонематикалық есту» терминдерінің мағынасы ұқсас ұғымдар. Фонематикалық есту – фонеманы тануды және ажыратуды қамтамасыз ететін нәзік есту жүйесі. Фонематикалық қабылдау – сөздің құрылымындағы дыбыстарды ажыратуға бағытталған ойлау іс- әрекеті. Фонематикалық қабылдауын тексерудің алдында баланың физикалық есту нәтижесімен танысу қажет. Көптеген зерттеулерде ерте жастағы есту 40 қабілетінің аздаған бұзылуының өзі дыбыстың анық айтуына және ажыратуына әсер ететіні анықталған. Естудің қалыпты дамуы фонематикалық қабылдаудың дамуының басты шарты болып табылады. Физикалық естуі қалыпты балалардың арасында ұқсас дыбыстарды ажырату қиыншылықтары жиі кездеседі. Ондай қиыншылақтар дыбыс айтудың қалыптасуына әсер етеді. Фонематикалық қабылдауын тексеру мақсатымен қарапайым фразаларды естіп тануға, ажыратуға, салыстыруға; сөз қатарынан белгілі бір дыбысты, буынды ажыратуға, табуға; буын қатарын (3-4) есте сақтауға, дыбыстарды есте сақтауға бағытталған тәсілдерді қолданады. Сөздің ритмикалық құрылымын анықтау үшін мынандай тапсырмаларды пайдалануға болады: буын құрылымы әртүрлі сөздердің буын сандарын шапалақтап немесе соғып көрсету; ритмикалық суреттемеге қандай суреттер сәйкес келетінін анықтау, т.б. Фонематикалық қабылдауын тексеруге қажет тапсырмаларды жеңілден ауырға, жас ерекшеліктерін ескеру қағидаларына сүйене отырып жүйелеген дұрыс. Алдымен керекті дыбысты жеке, сосын буында, сөзде ажыратуға, талдауға бағытталған тапсырмалар беріледі.
Фонематикалық талдау және жинақтауын тексеру Тілдің дыбыстық элементтерін сезіну ерте жастан дамиды. Көптеген зерттеулерде (А.Н. Гвоздев, Н.Ж. Швачкин, т.б.) қалыпты дамыған бала мектеп алды кезде ана тіліндегі дыбыстарды ажырата алады, басқалар айтқанда естиді, өздері де айтады, яғни дыбыстарды ажаратады, бірақ, сөздің дыбыстық құрамын меңгермейді. Бала дыбыстың сөздегі орнын, кезектілігін айта алмайды деп көрсетеді. Тілдің дыбыстық жағымен әрекет жасау, оның элементтерін саналы түрде менгеру мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барсында қалыптасады. Дыбыстық талдауды - басынан бастап белсенділік пен ерікті талап ететін операцияның құрылымы бойынша жайылған күрделі процесс деп қарастыру керек (А. Р. Лурия, Д. Б. Эльконин). Д. Б. Элькониннің анықтамасы бойынша дыбыстық талдау дегеніміз- сөздегі дыбыстың орнын, кезектілігін, санын анықтауға бағытталған ойлау іс-әрекеті. Арнайы әдебиеттерде сөздің дыбыстық құрамы туралы түсініктің толық қалыптаспауы, көп жағдайда жазу мен оқу дағдысын менгеруде тұрақты қиындыққа әкеліп соғатыны айтылады. Алдымен баланың дыбыстық талдау қабілеті қандай денгейде екенін анықтап алу қажет. Ол үшін әр түрлі тапсырмаларды ретімен жас ерекшелігін ескеріп пайдаланады. Фонематикалық талдау – жинақтау жағдайын төрт жастан асқан балалардан бастап тексереді. 41 4 жасқа. Тапсырма: Мына сөздерде «Ш» дыбысын естігенде қолыңды көтер (алаша, қалаш, мысық, шана, т.б.). 5 жасқа. Тапсырма: сөздің басындағы дауысты дыбысты атау. алма ешкі орақ орман өрік ыдыс үйрек әліппе ілгіш ұшақ 6 жасқа. Тапсырма: Сөз басындағы дауыссыз дыбысты атау. қалам гүл халат кітап маса бөрік сағат тауық лақ шыбын Тапсырма: Сөз соңындағы дауысты дыбысты атау. бала оқушы әже ертегі тау қала Тапсырма: Сөздегі дыбыстың орнын, ретін, санын анықтау. Мысалы, «қас» сөзінде 1-2-3- дыбысты ата, барлығы неше дыбыс, дауысты дыбысты ата. Фонематикалық жинақтауын тексеру 5-6 жасқа. Тапсырма: дыбыстардан сөз құрау а, п, а т, а, л с, а, ғ, а ,т т, а, қ, о, ш Тапсырма: буындардан сөз құрау қа ла ба ла ба ла пан кө бе лек Тапсырма: ретсіз берілген буындардан сөз құрау ма ал лық ба қа даш рын Тапсырма: берілген дыбыстар сөздің басында кездесетіндей сөз ойлау ш, с, р, л 42 Егер бала мектепте оқымаған болса, онда тексеру барысында түсіндіру, көрсету, қате жауапты талдау тәсілдерін пайдаланып, тек оқуы мен жазуын меңгеруге әзірлігін білу үшін дыбыстық талдаудың қарапайым түрін үйретуге әрекет жасап көру қажет. Ең аддымен балаға сөз құрамындағы дыбыстарды бір-бірімен айырып және бөліп алу тәсілін үйрету керек. Ол үшін а, о, дыбыстарын дауыстап және созып айта отырып балаға оларды қайталатып, сосын ол дыбыстарды сөздің ішінен тауып алуды ұсынады. Алғашкы кезде сөздің басында тұрған дауысты дыбысқа екпін түсетін от, өрт, Ася деген сияқты сөздерді іріктеп алады. Айыратын дыбысты созып және ырғағын келтіріп, айтылуына баланың назарын аударады. Алдымен баланы салыстыруға мүмкіндігі болатындай екі- үш дауысты дыбыстармен таныстырады. Сосын дыбыстарды айту үшін құрамындағы дауысты дыбыс анық, ашық және екпін түсіп тұратын бір буынды сөзді пайдаланады. Мысалы, сұрақ: "Қо-о-ой сөзінде қай дыбысты естіп тұрсың? То-о-он сөзінде ше? Ж-а-ан сөзінде ше?" Егер бала тапсырманы түсінбесе және сөзден керекті дыбысты айыра алмаса, онда дыбысты атап, жәрдем беру керек. Жаттығу барысында ол дауысты дыбыстарды айыруды біртіндеп үйренеді. Содан кейін әр түрлі сөздер құрамындағы дауыссыз дыбыстарды айыруды ұсынуға болады. Бала белгілі бір дыбыстан басталатын сөзді тану керек. Мысалы, бастапқы дыбысы М-дан басталатын сөзді танып алу үшін араласқан бірнеше сөздердің тізбесін келтіреді: мал, алма, мақта, марал, қол, маса, тон, мәсі, орақ, май, мысық, тышқан, қозы. Егер бала дыбыстарды айыру тапсырмасын мүлтіксіз орындай алатын болса, онда дыбыстарды бөлу тәсілін қолдануға болады. Бұндай жұмысты ойын түрінде жақсы өткізуге болады. Логопед балаға оның есімі нақтылы бір дыбыстан басталатынын айтып тісіндіреді. Мысалы ол М дыбысынан басталады деу керек. /Марат, Мәлике/ "Ал енді саған басқа бір есімді атаймын, сен оның бастапқы дыбысын табуың керек. Мен ол есімді атағанда сенің табатын дыбысыңды көтеріп, әрі созып айтамын. Ықылас қойып тыңда. Жаңылмай, дәл табуың керек". Іріктеп алынатын сөздің бастапқы дауысты дыбысына екпін түсіріп тұратын болу керек. /Ат, Ася, от/ бала талданатын сөздің бастапқы дыбысын атауы керек. Содан кейін сөзден дауыссыз дыбысты бөліп алуды ұсынуға болады. Сөздің соңында тұрған дауыссыз дыбысты бөліп алу оңай. Ұяң дыбыстарға аяқталатын сөздерді талдауға болмайды / кағаз, каз, жаз, мал және т.б./ Балаға таныс жеке заттар бейнеленген суреттерді көрсетуге болады. Мысалы, суреттегі жапырақты логопед жапыра... дейді де, баладан соңғы дыбысын айтуды сұрайды. Егер ол бұл тапсырманы түсінсе, онда өзіне таныс сөздердің соңғы дыбыстарын бөліп алуға ұсыныс жасайды, мысалы: тас, етік, ит, мысық, лақ және т.б. Егер бала дыбыстарды талдаудын бұл тәсілдерін мүлтіксіз орындай алатын болса, онда сөздің басындағы дауыссыз және соңындағы дауысты дыбыстарды бөліп алу ұсынылады. Ол үшін мына сөздерді пайдалануға болады. Мысалы: тау, ара, Сәуле, маса, және т.б. 43 Осы тәсілдерді бала жеңіл орындай алатындығын байқағаннан кейін, енді бұдан гөрі қиындау, тапсырманы орындауды ұсынады. Бала берілген дыбыстан басталатын сөзді өзі табуы керек. Айналасындағы өзі күнделікті көріп жүрген заттардың ішінен К немесе М дыбысынан басталатын сөздерді іріктеп табу керектігі айтылады. Мысалы, баланың күделікті көріп, әрі қолданып жүрген сөздері: күн, көрпе, май, көпшік, кино, мақта, көйлек және т.б. Келесі тәсіл – дыбыстың құрамы бойынша сөздерді салыстыру. Айырмашылығы тек бір дыбыстан болатын сөздердің атауларына бейнеленген заттары бар суреттері іріктеп алып, балаға көрсетеді де, олардың аттарын атағаннан кейін дыбыстық айырмашылығын сұрайды. Мысалы: май- тай, жүн-түн, бала-қала, табақ-сабақ, сабан-табан. Баланың түсінігін тексеру үшін бұл тәсілді ауызекі қолданып та көруге болады. Мысалы, логопед балаға Манат-Жанат деген екі сөздің дыбыстық айырмашылығын сұрайды. Бұл қолданылған тәсілдерді сөйлеу тілі дұрыс дамымаған ересек оқушылардың оңай игере алатындығы жүргізілген тәжірибеден белгілі болса, ал фонетика-фонематикалық дамуындағы кемістіктері бар немесе жалпы сөйлеу тілі толық дамымаған балаларға айтарлықтай қиындық туғызады. Мектепте оқитын, дыбыстық талдаудан түсінігі бар балаларға, күрделілігі қиындау тапсырма беріледі. Оның сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлуді, олардың жүйелігінің және дыбыстардың сөзден орнын айыра алатындығын білетін-білмейтіндігін тексереді. Балаға талдау үшін сөз беріліп, ол сөздегі дыбыстарды санап, қандай дыбыстардан тұратынын, олардың сөзде орналасу жүйелігі қандай екенін айтуды, сосын екінші, бесінші және т.б. дыбыстарды бөліп алуды ұсынады. Тексеру күрделілігі әр түрлі сөздерді пайдалануға болады. Мысалы: үй, ат, май, шана, оқушы, мысық, балық т.б. Бала сөз құрамындағы өзі дұрыс айта алмайтын дыбысын қалай бөлетіндігіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Егер ол басқа дыбыспен алмастыратын болса, онда оған сәйкес дыбысы бар сөзді өзі ойлап табуын өтіну керек. Бұл дыбысты басқа дыбыспен алмастыруы бөліп алу қиындығымен байланысты ма, жоқ әлде тек дыбыстың өзін дұрыс айта алмауынан ба екенін анықтауга болады. Аныктауға арналған жақсы тәсілдің бірі – керекті дыбыстан басталатын сөздермен аталатын заттар бейнеленген суреттерді іріктеп алу. Сонымен бірге жиі шатастыратын дыбыстардан басталатын заттар бейнеленген суреттерді іріктеуді ұсынуға болады. Бейнеленген заттардың аттарының бастапқы дыбыстары: 1) талданатын дыбыстан; 2) ең жиі араласатын дыбыстардан; 3) іріктеуге жатпайтын баска дыбыстардан тұратын суреттердің жиынтығы болу қажет. Мысалы, егер бейнеленген заттың аттары С дыбысынан басталатын суреттерді сұрыптау ұсынылатын болса, онда олардың арасында бейнеленген заттардың аттары с, з, ц, ш, ж, ц, щ дыбыстарынан басталатын суреттерде, сонымен бірге аттары м, ж, к, к, і және тағы басқа дыбыстардан басталатын суреттердің бірнешеуі болу керек. Бейнеленген заттардың аттары С дыбысынан басталатын 44 суреттерді бір топқа, 3 дыбысынан басталатындарды екіншісіне, Ш дыбысынан басталатындарды үшіншсіне және тағы баскаларын келесісіне, сөйтіп барлық суреттерді топтарға бөлуді ұсынып, тәсілдің түрін өзгертуге болады. Бұл тәсілге алынатын суреттердің жобалы тізімі мынандай болу керек: шана, қоңыз, тон, шұлық, сандық, шапан, шопан, қозы, шеге, сиыр, қасық, жалау, қаз, қайшы т.б. Дыбыстық талдауды барлық жағынан толық меңгерген балалар үшін оқу барысында онша жиі қолданбайтын, көп буынды, дауыссыз дыбыстары бір жерге топталған, дыбыстарын дұрыс айта алмайтын сөздерді арнайы сұрыптап алады. Мысалы: сандық, ескерткіш, милиционер, қауырсын т.б. Бала өзіне міндеттелген тапсырманы қаншалықты оңай орындауы мүмкін, ешқандай қиындықтар кездескен жоқ па, егер кездессе олар қалай байкалды; бала дыбыстарды айырып және бөліп алама немесе баска дыбыстармен алмастыра ма, немесе тапсырманы мүлдем орындай алмай ма; талданған сөзден дыбыстардың жүйелігі айқындала ма, тексеру барысында анықталған мәліметтерді логопед жазып алады. Баланың дыбыстарды айыру-дағы жіберетін қателері неғұрлым көп болса, демек сөздің дыбыстық құрамы туралы түсінігі таяз болса, соғұрлым ол дыбыстарды нашар талдайды, оқу мен жазуды меңгеруге дағдыланғанға дейін соншалықты қиналады.
