- •1.Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •3.Сөйлеу мүшелерін тексеру тәсілдері, қойылатын талаптар
- •4. Сөйлеу тілі дамуы бұзылған баланы тексерудің нейропсихологиялық әдісі
- •6. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексеру
- •8. Сөйлеу тілін тексерудің бағдарлау кезеңіне сипаттама, міндеттері таппадымго кыздааар
- •11. Сөйлеу тілінің болжамдау кезеңіне сипаттама.
- •16. Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
- •17. Фонематикалық қабылдауын тексеру әдістемесі, қойылатын талаптар
- •18. Дыбыс айтуын тексеру
- •19. Сөйлеу тілінің фонематикалық жағын тексеру
- •20. Артикуляциялық аппараттың құрылымын тексеру
- •22. Сөз қорын тексеру
- •23. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру
- •24. Сөйлем құрау дағдыларын тексеру
- •25. Сөзжасам дағдыларын тексеру
- •26. Сөзөзгерту дағдыларын тексеру
- •27. Байланыстырып сөйлеуін тексеру
- •28. Сөз түсінігін тексеру. 29. Сөйлеу тілін түсінуін тексеру тәсілдері, талаптар
- •30.Сөзге дыбыстық талдау жасауын тексеру
- •31. Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру
- •32. Оқуын тексеру
- •33. Жазуын тексеру
- •34. Сөздік қорын тексеруге арналған сөздік материалдарды іріктеу қағидалары
- •36. Анамнез жинау
- •37. Танымдық процестерді тексеру әдістемелері
- •38) Сөздің буындық құрамын тексеру
- •39) Ұсақ моторикасын тексеру
- •40) Оқудың бұзылуын ерте анықтау әдістемесі
- •41) Еліктеу негізіндегі өзіндік сөйлеу тілін тексеру әдістемесі
- •42) Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын тексеру әдістемесі
- •43) Сөйлемейтін баланың зейінін тексеру әдістемелері
- •45 Диалогтық сөйлеу тілін тексеру әдістемелері
- •46 Монологтық сөйлеуін тексеру әдістемесі
- •47 Сөйлеу қабілетін тексеру әдістемесі (н.В.Микляева бойынша
- •48 Ойлау қабілетінің дамуын ерте диагностикалу. (е.А.Стребелева бойынша)
- •49 Балабақшадағы ересек тобындағы балалардың сөйлеу тілінің дамуын тексеру әдістемесі (в.В. Хвалова бойынша)
- •50 Сөйлеу тілі дамуы бұзылған баланы тексерудің нейропсихологиялық әдісі
- •51 Сөйлеу тілі мен ойлауды тексеру әдістемелері (о.Н. Усанова)
- •52 Сөйлеу тілін тексерудің психолингвистикалық әдістері ( а. Н. Гусев)
- •59.Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •62. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексерудің 2-3 тәсілін көрсетіңіз
- •63. Сөйлеу тілін тексерудің бағдарлау, диагностикалық кезеңдерінде қойылатын сұрақтар мысалы
- •64. Сөйлеу тілін тексерудің аналитикалық, болжамдау кезеңдерінде қойылатын сұрақтар мысалы
- •67. Байланыстырып сөйлеуін тексеруге арналған сұрақтар мысалы
- •68 Грамматикалық құрлысын тексеруге арналған сұрақтар
- •69 Сөзжасам дағдыларын тексеруге тапсырма
- •70 Сөзөзгерту дағдыларын тексеруге тапсырма
- •71 Кеңістікте бағдарлауына
- •72 Фонематикалық қабылдауын тексеруге тапсырма
- •74 Артикуляциялық аппаратты дамытуға тапсырма
- •75 Артикуляциялық аппараттың қозғалысын дамытуға 4 тапсырма
- •77 Сөйлем құрау дағдыларын тексеруге 3
- •78 Байланыстырып сөйлеуін тексеруге тапсырма
- •79 Сөз түсінігін тексеруге 3 тапсырма мысал
- •80 Сөйлеу тілін түсінуін дамытуға 3 тапсырма
- •81 Сөзге дыбыстық талдау жасауын дамытуға
- •82 Сөзге дыбыстық жинақтау жасауға тапсырма
- •84 Сөздің буындық құрамын тексеруге мысал келтіріңіз
- •84. Жазуды тексеруге тапсырма
- •85. Танымдық процестерді дамытуға әдістеме. Зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •Балалардың зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •86. Сөздің буындақ деңгейін дамытуға әдістеме.
- •87. Ұсақ моторикаға әдістеме.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •88. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту
- •89. Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын дамыту.
- •90. Диалогтық және монологтық с.Т тексеруге мысал
3.Сөйлеу мүшелерін тексеру тәсілдері, қойылатын талаптар
Тексеру артикуляциялық мүшелердің анатомиялық құрылымын анықтаудан басталады:
-ерін-жалпақ, қалың, жарықшақ;
-қатты таңдай-өте жоғары әрі тар, өте төмен әрі жалпақ, жырықтары;
-тістер-түрлері мен көлемі (кіші, ұсақ), саны (артық, жетіспеуі);
-тіл-үлкен, жіңішке, тіл асты сіңірі қысқа, қалыпты;
-кішкентай тіл-қысқа, айырылған. Кішкентай тілдің айырылғандығы баланың таңдайының жырықтығының нышаны болуы мүмкін;
-тістену, қабысу (астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінің орналасуы).
Қалыпты жағдайда бүйірлі тістер бірдей денгейде түйісіп тұрғанда үстіңгі тістер біршама алға қарай шығып турады. Тістенудің (прикус) әр түрлі ауытқулары кездеседі. Прогения -астыңғы жақтар үстіңгі жақтарға қарағанда шығыңқы келеді; прогнатия – үстіңгі жақ өте шығып тұрады; бүйірлік қабысу – бүйірлік азу тістердің арасында саңылау қалады; алдыңғы ашық қабысу –алдыңғы күрек тістердің арасында саңылау қалады.
Сөйлеу мүшелерінің құрылысындағы анатомиялық ақаулықтар тіл дыбыстарын айтуға әсерін тигізеді. Мысалы, үлкен икемсіз тілдің салдарынан ызың, ысқырық, Р дыбыстары бұзылып айтылуы мүмкін. Өте жоғары, тар таңдай да ысқырық, сонорлы дыбыстардың бұзылуына себеп болады. Астыңғы және үстіңгі жақтардың дұрыс қабысып тістенбеулері немесе тістердің орналасуындағы ақаулықтар кейбір тіл дыбыстарының тіс аралық, бүйірлік айтылуына себеп болуы мүмкін. Содан соң артикуляциялық аппараттың қимылдау функциясын тексереді. Ол үшін әр түрлі жаттығулар пайдаланады. Жаттығулар сөздік нұсқау немесе көрсету арқылы орындалады. Еріннің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге келесі жаттығулар қолданады:
-ерінді түйістіру;
-ерінді О дыбысын айтқандай дөңгелету, біраз ұстап тұру;
-тілді түтікшеге ұқсас ұстап тұру (У дыбысын айтқандай);
-жымию – ерінді күлгендей ұстау.
Төменгі жақтың қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған
жаттығулар:
-төменгі ерінді оңға қозғау;
-төменгі ерінді солға қозғау;
-төменгі ерінді алға шығару.
Тілдің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар:
-жалпақ тілді астыңғы ерінге салып ұстап тұру (1-5 дейін санап);
-жалпақ тілді үстіңгі ерінге тигізіп ұстап тұру (1-5 дейін санап);
-жалпақ тіл;
-жіңішке тіл;
-жоғарғы ерінді жалау;
-жоғарғы, төмен ерінді жалау;
-тілдің ұшын жоғарғы тістерге, таңдайға тигізіп ұстау;
-жалпақ - жіңішке тіл жасау (бірнеше рет қайталанады);
Жұмсақ таңдайды тексеру үшін «А» дыбысын екпінді айтқызып, жұмсақ таңдайдың көтеріліп, төмен түсуі анықталады. Артикуляциялық жаттығуларды орындау барысында логопед қимыл-қозғалыстардың төмендегідей сапасына көңіл бөледі:
-нақтылығы;
-көлемі;
-бір қимылдан екінші қимылға өтуі;
-бір қалыпты ұстап тұруы.
Тіл қимыл-қозғалысының бұзылуы, әсіресе сал ауырумен ауырған немесе әлсізденген, алалиядан зардап шеккен балалар арасында жиі кездеседі. Ондай балаларды тексеру барысында қосымша жаттығулар пайдаланады. Артикуляциялық аппраттың динамикалық қимылын ұйымдастыруын тексеру үшін алдымен көрсетіп, содан соң нұсқау арқылы қимыл кешендерін қайталатады:
-тістену, тілді шығару, сосын ауызды кең ашу;
-тілді бір жаққа бұру, жоғары көтеру, алға шығару;
-ауызды кең ашу, тілдің ұшын төменгі тістерге тигізу, сосын жоғары тістерге
тигізу, жоғарғы ерінге қою.
Тексеру барысында жеке сынақтармен қоса функционалдық сынақтар қолданады (Е. М. Мастюкова, 1989).
