- •1.Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •3.Сөйлеу мүшелерін тексеру тәсілдері, қойылатын талаптар
- •4. Сөйлеу тілі дамуы бұзылған баланы тексерудің нейропсихологиялық әдісі
- •6. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексеру
- •8. Сөйлеу тілін тексерудің бағдарлау кезеңіне сипаттама, міндеттері таппадымго кыздааар
- •11. Сөйлеу тілінің болжамдау кезеңіне сипаттама.
- •16. Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
- •17. Фонематикалық қабылдауын тексеру әдістемесі, қойылатын талаптар
- •18. Дыбыс айтуын тексеру
- •19. Сөйлеу тілінің фонематикалық жағын тексеру
- •20. Артикуляциялық аппараттың құрылымын тексеру
- •22. Сөз қорын тексеру
- •23. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру
- •24. Сөйлем құрау дағдыларын тексеру
- •25. Сөзжасам дағдыларын тексеру
- •26. Сөзөзгерту дағдыларын тексеру
- •27. Байланыстырып сөйлеуін тексеру
- •28. Сөз түсінігін тексеру. 29. Сөйлеу тілін түсінуін тексеру тәсілдері, талаптар
- •30.Сөзге дыбыстық талдау жасауын тексеру
- •31. Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру
- •32. Оқуын тексеру
- •33. Жазуын тексеру
- •34. Сөздік қорын тексеруге арналған сөздік материалдарды іріктеу қағидалары
- •36. Анамнез жинау
- •37. Танымдық процестерді тексеру әдістемелері
- •38) Сөздің буындық құрамын тексеру
- •39) Ұсақ моторикасын тексеру
- •40) Оқудың бұзылуын ерте анықтау әдістемесі
- •41) Еліктеу негізіндегі өзіндік сөйлеу тілін тексеру әдістемесі
- •42) Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын тексеру әдістемесі
- •43) Сөйлемейтін баланың зейінін тексеру әдістемелері
- •45 Диалогтық сөйлеу тілін тексеру әдістемелері
- •46 Монологтық сөйлеуін тексеру әдістемесі
- •47 Сөйлеу қабілетін тексеру әдістемесі (н.В.Микляева бойынша
- •48 Ойлау қабілетінің дамуын ерте диагностикалу. (е.А.Стребелева бойынша)
- •49 Балабақшадағы ересек тобындағы балалардың сөйлеу тілінің дамуын тексеру әдістемесі (в.В. Хвалова бойынша)
- •50 Сөйлеу тілі дамуы бұзылған баланы тексерудің нейропсихологиялық әдісі
- •51 Сөйлеу тілі мен ойлауды тексеру әдістемелері (о.Н. Усанова)
- •52 Сөйлеу тілін тексерудің психолингвистикалық әдістері ( а. Н. Гусев)
- •59.Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •62. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексерудің 2-3 тәсілін көрсетіңіз
- •63. Сөйлеу тілін тексерудің бағдарлау, диагностикалық кезеңдерінде қойылатын сұрақтар мысалы
- •64. Сөйлеу тілін тексерудің аналитикалық, болжамдау кезеңдерінде қойылатын сұрақтар мысалы
- •67. Байланыстырып сөйлеуін тексеруге арналған сұрақтар мысалы
- •68 Грамматикалық құрлысын тексеруге арналған сұрақтар
- •69 Сөзжасам дағдыларын тексеруге тапсырма
- •70 Сөзөзгерту дағдыларын тексеруге тапсырма
- •71 Кеңістікте бағдарлауына
- •72 Фонематикалық қабылдауын тексеруге тапсырма
- •74 Артикуляциялық аппаратты дамытуға тапсырма
- •75 Артикуляциялық аппараттың қозғалысын дамытуға 4 тапсырма
- •77 Сөйлем құрау дағдыларын тексеруге 3
- •78 Байланыстырып сөйлеуін тексеруге тапсырма
- •79 Сөз түсінігін тексеруге 3 тапсырма мысал
- •80 Сөйлеу тілін түсінуін дамытуға 3 тапсырма
- •81 Сөзге дыбыстық талдау жасауын дамытуға
- •82 Сөзге дыбыстық жинақтау жасауға тапсырма
- •84 Сөздің буындық құрамын тексеруге мысал келтіріңіз
- •84. Жазуды тексеруге тапсырма
- •85. Танымдық процестерді дамытуға әдістеме. Зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •Балалардың зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •86. Сөздің буындақ деңгейін дамытуға әдістеме.
- •87. Ұсақ моторикаға әдістеме.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •88. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту
- •89. Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын дамыту.
- •90. Диалогтық және монологтық с.Т тексеруге мысал
11. Сөйлеу тілінің болжамдау кезеңіне сипаттама.
12. Сөйлеу тілін тексеру кезінде ата-аналарды хабардар ету кезеңіндегі сипаттама. Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме өткізу қажет. Әңгімелесу барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жара- қаттанғандығы және сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына зиянын тигізетін тәрбие жағдайы анықталады (анамнез жинақтау). Ата-аналардың берген мәлімдемелері баланың сөйлеу тілі бұзылуының көрінісін түсінуге жәрдемін тигізеді. Сөйлеу тілі ақаулыктарының шығу себептерін дұрыс анықтау үшін, логопед баланың сөйлеу тілінің қалай дамығандығын көз алдына келтіру 31 керек. Сондықтан, баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші сөзді қашан айтқаны және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағаны, одан ары қарай сөйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың алдында оның сөздік қорының және грамматикалық құрылысының шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді ата-аналардан сұрай отырып жинау қажет. Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып, араласып жүрген адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары туралы, олардың арасында сақаулары және бірнеше ұлтттың тілдерін араластырып сөйлейтіндерінің бар-жоктығын, сонымен бірге, баланың сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптасуына ортаның қандай ықпал тигізгендігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала өзінің сөйлеу тілінің ақаулығын түсіне ме және оған баланың көзқарасы қандай, яғни уайымдайма соны білу керек. Сонымен бірге ата-ананың логопедтен бұрын кеңес алғанын және қандай нәтиже бергенін анықтау керек. Егер бала бұған дейін балалар мекемелерінің қайсы біреуінде тәрбиеленген болса, онда ата-ананың берген мәліметтері педагогикалык мінездемемен толықтырылады
13.Сөйлеу тілін тексерудің түрлері. Үстірт, топпен, терең, жеке.
14. Ауызша сөйлеу тілін тексеруді болжау Ауызша сөйлеу тілі диалогты және монологты болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу тілі- дыбыс шығару сөйлеу тілі. Ол есту арқылы қабылданады, ал дыбыстық органдардың іс- әрекеті іске асады.Ауызша сөйлеу тілін меңгеру процессі баланың миына әсерін тиігзе отырып сөздердің дыбыстық және кинезтиялық бейнесімен сөз тіркестері, әртүрлі қабылдаулар арқылы тікелей қарым- өатынасты орнатады. Сөйлеу тілі ол адамның санасының іс- әрекетінің ұйымдастырылған арнаый қиын формасын ұсынады. Қарым- қатынастың негізгі тәсілі бола отырып, ол екі субъектінің қатысуын ұсынады біреуі шығарады, екіншісі қабылдайды. Баланың сөйлеу тілінің ең тиімдісі ауызша сөйлеу ітілі болып табылады. Бәрімізге белгілі болғандай дұрыс жетілген балаға ауызша сөйлеу тілін меңгеру оңай, өйткені ол арнайы оқытусыз өзі тікелей қарым- қатынасқа түсе алады. Дұрыс жетілген баланың сөйлеу тілін қою үшін көптеген совет және шет елдік ғалымдар айналысқан.( Л.С. Выготский, А.Н.Гвоздев, Н.А.Швачкин, Д.Б. Эльконин, А.Н. Соколов,Ж.Пиаже)Интеллектісі бұзылған балалрдың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру баяу және сөйлеу тілін өзінше фонетикалық қатары меңгеру арқылы жүзеге асады, сөздік құрамын меңгеру мен сөйлемді құру кезіндегі диалогтық және монологтық сөйлеу тілі арқылы қалыптасты.
Диалогтық сөйлеу тілінің ерекшелігі.
Диалогтық сөйлеу тілі- бұл ауызша қарым- қатынас бұған екі адамның біріне – бірі белгілі бір мазмұнды сөздер арқылы тілдесу.
Диалогтық сөйлеу тілін бір-біріне ықпал ету, ол сөйлеу арқылы екі немесе бірнеше адамдардың көбінесе бір жағдайда болғандардың сөйлеу тілі болып саналады.
Диалог психолиялық тұрғыдан қарағанда сөйлеу тілінің қарапайым түрі болып саналады. Ол сөйлеушіденайтатын ойн байланыстырып құруын аз мөлшерде талап етеді.
Л.С. Выготский жазған ауызша сөйлеу тілінің жағдайы әрбір минутта тілдің бұрмалауына жаңа түрткі ретінде сөздердің диалогтық жағдайы болып табылады.
Диаологтық сөйлеу тілінің интеллектісі бұзылған балаларда қалыптастыру мәселесі көп жағдайда маңызды сұрақтардың синоним ретінде оқытушымен тәрбиелуімен тығыз айланысты. Диалог ақыл-ойы кеміс балаларда кейбір жағдайда ғана туындайды. Мұндай балалар кейбір кезде ғана қоршаған орта туралы сұраныс. Оларда ересектерге сұрақ қойып, олармен әңгімелесу аз жағдайда кездеседі.
Диалогтық сөйлеу тілінің бір қиындығы ол әрбір сөйлеушінің сөйлеу позициясынан тыңдау позияциясына ауысып отыруының бір біріне байланысында.Сонымен қатар диалог мынаны талап етеді: әрбір диалогқа қатысушы өзімен қарым- қатынасқатүсіп отырған көршісімен айтылатын мәселесінің мазмұна сәйкес келуі керек.
Яғни, оқушы әркезде көршісінің ойын бақылай отырып өзінің сөйлеу тілін сұрақтар арқылы байланыстыру. Бұл мәселе инттеллектісі бұзылған балаларға қиын соғады. Олардың көбісінде бақылау қабілеті бұзылған, мұнда балалар бір- бірімен әңгіселесуге келгенде қиын бейімделеді.
Көмекші мектепте ең маңызды мәселесі қатысушыларды жаңа бір нәрсені білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар баларға дұрыс сұрақ қоюға үйрету, оның сұрағы сөйлеушіге түсінікті болыпжауап бере алатындай болу керек.Сұрақ қоюын қалыптастыру үшін әртүрлі тәсілдер қолдануға болады. Мысалы:қызықты мәтінді, әңгіме айтқызу. Осындай процесс оқушыларды әрі қарай сұрақтың туындауына әкеліп соқтырады, яғни оқушыларды дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Көмекші мекиеп оқушылары арсында көп сөйлейтін балаларкездеседі, бірақ олардың сөздеріде боссөздер көп;яғни, мағынасыз, қызықсыө болып келедіүКөп жағдайда олардың айтқандары қойылған сұрақтарға байланыстыемес,мұндай балалар тез жеңіл түрде бір ойдан ауысып көп жағдайда тақрыптан ауып кетеді.
Монологтық сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
Монологтық сөйлеу тілінің диалогты сөйлеу тіліне ерекшелігі ол айтылып жатқан жағдайға байланысты емес, бұл бір өзінше қиын сөйлеу тілі болып табылады. Интеллектісі бұзылған балалардың осы жағдайға байланысты қиындықта болады, толығымен сұрақтарға жауап бере алмайды, жеткілікті түрде сөздерді байланыстырып құруы қиын, келесі ойға ауысып кете алмайды.
Монологтық сөйлеу тілін дамыту тек қана бір нәрсені айтып беру жоспарында ғана емес, сонымен қатар сөйлеушінің сөйлеу тілін қабылдап, тыңдай білу мен айтылған ойға жүйелі түрде қарау.
Сонымен қазақ тілі сабағында оқыту, жазу, оқу грамматикасы,тіл дамыту, сөздік қорын молайту сияқты мәселелер бір- бірімен жүргізіледі деп санайды. Неігзгі міндет- оқушылардың сөз қорын молайтып, тілдерін дамыту. Баланың танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен ойдың мағынасы игертіледі. Сонымен бірге ол сөздерді бір- бірімен байланыстарып сөйлем құрастыруға жаттығады. Соның негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеті, икемділіктері мен дағыдалары қалыптастырылады. Соның нәтижесінде сөз қорын дамытып, өз ойын белгілі жағдайда жеткізуіне мүмкіндік туады.
15. Мектепке дейінгі жастағы балаларды сөйлеу тілін тексеруге бағдарлау. Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана - сезімін, ой - өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым - қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс - әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балаабқшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару қажет. Оқу жылында жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой - өрісін кеңейту жұмысында өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір бақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалдарды ыждағатықпен оқып, үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет, тақырыбы, ойын) көрсетіп жоспарлайды. Тәрбиеші қай кезде нені өтуге болатынын іріктеп алып (тақырыпты) жоспар жасайды. Бақылатын көрсету, әңгімелесу кезінде баладан сұрап, өзіне айтқызу, оларды жиірек сөзге қатыстыру ісіне көңіл бөлу. Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету. Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту - үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады. Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі. 1. Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы, сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету). 2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу. А) Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін) сұрап, түр - түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу. Ә) Бөлмедегі 10 - 15 затты бір орынға қойып, соның ішінен бір заттың атын тәрбиеші сөзбен айтады, бала затты танып әкеліп, түр - түсін, пішінін айтады. Б) Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды (сабын, тәрелке, орамал, щетка т. б.) суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден жасалғанын айтқызу. В) Бөтелке (шөлмек), қайық, үтік, шар, доп сияқты пішіні ұқсас заттарды көрсетіп, олардың не екенін, не үшін қажеттігін, сапасын, неден жасалғанын, ұқсас жақтарын айтқызу. Бұл жұмыстар сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Бұл әдістерді қолдану кезінде баланың тұрмыста кездесетін заттарды, олардың атына байланысты сөздерді түсініп айта білуін, пішіні ұқсас заттарды бір - бірінен даралап, ажыратуға талпыну әрекеттерін байқау мақсаты көзделеді.
