- •1.Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •3.Сөйлеу мүшелерін тексеру тәсілдері, қойылатын талаптар
- •4. Сөйлеу тілі дамуы бұзылған баланы тексерудің нейропсихологиялық әдісі
- •6. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексеру
- •8. Сөйлеу тілін тексерудің бағдарлау кезеңіне сипаттама, міндеттері таппадымго кыздааар
- •11. Сөйлеу тілінің болжамдау кезеңіне сипаттама.
- •16. Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
- •17. Фонематикалық қабылдауын тексеру әдістемесі, қойылатын талаптар
- •18. Дыбыс айтуын тексеру
- •19. Сөйлеу тілінің фонематикалық жағын тексеру
- •20. Артикуляциялық аппараттың құрылымын тексеру
- •22. Сөз қорын тексеру
- •23. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру
- •24. Сөйлем құрау дағдыларын тексеру
- •25. Сөзжасам дағдыларын тексеру
- •26. Сөзөзгерту дағдыларын тексеру
- •27. Байланыстырып сөйлеуін тексеру
- •28. Сөз түсінігін тексеру. 29. Сөйлеу тілін түсінуін тексеру тәсілдері, талаптар
- •30.Сөзге дыбыстық талдау жасауын тексеру
- •31. Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру
- •32. Оқуын тексеру
- •33. Жазуын тексеру
- •34. Сөздік қорын тексеруге арналған сөздік материалдарды іріктеу қағидалары
- •36. Анамнез жинау
- •37. Танымдық процестерді тексеру әдістемелері
- •38) Сөздің буындық құрамын тексеру
- •39) Ұсақ моторикасын тексеру
- •40) Оқудың бұзылуын ерте анықтау әдістемесі
- •41) Еліктеу негізіндегі өзіндік сөйлеу тілін тексеру әдістемесі
- •42) Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын тексеру әдістемесі
- •43) Сөйлемейтін баланың зейінін тексеру әдістемелері
- •45 Диалогтық сөйлеу тілін тексеру әдістемелері
- •46 Монологтық сөйлеуін тексеру әдістемесі
- •47 Сөйлеу қабілетін тексеру әдістемесі (н.В.Микляева бойынша
- •48 Ойлау қабілетінің дамуын ерте диагностикалу. (е.А.Стребелева бойынша)
- •49 Балабақшадағы ересек тобындағы балалардың сөйлеу тілінің дамуын тексеру әдістемесі (в.В. Хвалова бойынша)
- •50 Сөйлеу тілі дамуы бұзылған баланы тексерудің нейропсихологиялық әдісі
- •51 Сөйлеу тілі мен ойлауды тексеру әдістемелері (о.Н. Усанова)
- •52 Сөйлеу тілін тексерудің психолингвистикалық әдістері ( а. Н. Гусев)
- •59.Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •62. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексерудің 2-3 тәсілін көрсетіңіз
- •63. Сөйлеу тілін тексерудің бағдарлау, диагностикалық кезеңдерінде қойылатын сұрақтар мысалы
- •64. Сөйлеу тілін тексерудің аналитикалық, болжамдау кезеңдерінде қойылатын сұрақтар мысалы
- •67. Байланыстырып сөйлеуін тексеруге арналған сұрақтар мысалы
- •68 Грамматикалық құрлысын тексеруге арналған сұрақтар
- •69 Сөзжасам дағдыларын тексеруге тапсырма
- •70 Сөзөзгерту дағдыларын тексеруге тапсырма
- •71 Кеңістікте бағдарлауына
- •72 Фонематикалық қабылдауын тексеруге тапсырма
- •74 Артикуляциялық аппаратты дамытуға тапсырма
- •75 Артикуляциялық аппараттың қозғалысын дамытуға 4 тапсырма
- •77 Сөйлем құрау дағдыларын тексеруге 3
- •78 Байланыстырып сөйлеуін тексеруге тапсырма
- •79 Сөз түсінігін тексеруге 3 тапсырма мысал
- •80 Сөйлеу тілін түсінуін дамытуға 3 тапсырма
- •81 Сөзге дыбыстық талдау жасауын дамытуға
- •82 Сөзге дыбыстық жинақтау жасауға тапсырма
- •84 Сөздің буындық құрамын тексеруге мысал келтіріңіз
- •84. Жазуды тексеруге тапсырма
- •85. Танымдық процестерді дамытуға әдістеме. Зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •Балалардың зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •86. Сөздің буындақ деңгейін дамытуға әдістеме.
- •87. Ұсақ моторикаға әдістеме.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •88. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту
- •89. Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын дамыту.
- •90. Диалогтық және монологтық с.Т тексеруге мысал
41) Еліктеу негізіндегі өзіндік сөйлеу тілін тексеру әдістемесі
«Қайда болғанымызды айтпай, не істегенімізді айтамыз»
Мақсаты:Сөйлеу тілін түсінуге үйрету,көру зейінін,есте сақтауын дамыту
Сипаттамасы:Балалар үстел үстіне әрекеттерді атауға көмектесетін заттарды (суреттерді) жайып қояды:
Кір жуатын машина-ыдыстар,ұнтақ,су;
Іс тігетін машина-біздер,жіптер;
Логопед балаларға төмендегі әрекеттерді орындау үшін қажет заттарды алуды ұсынады.
Кір жуу-ыдыс жуу;
Жемпір тоқу-алжапқыш тігу;
Кейін балалар топтамадан сол сюжетті суреттерді табады.Логопед баладан іс-әрекеттерді (жуып жатқан,жуынып жатқан, тоқып жаткан) орындап жатқан адамдарды көрсетуін өтінеді.Балалар сәйкес суреттерді көтеріп көрсетеді.
42) Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын тексеру әдістемесі
4-ші артық
Кесілген суреттер
Ағаш қуыршақты жинау
Іс- қимылдың кезектілігін анықтау
43) Сөйлемейтін баланың зейінін тексеру әдістемелері
Мақсаты:Баланың зейінін тексеру
1.Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, керует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап,шанышқы т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе, тапсырманы қайталаңыз. 2. Келіскендей өсімдіктерді білдіретін сөздерді есіткенде, балаға орнынан тұруды ұсыныңыз. 3. Бірінші және екінші тапсырманы біріктіруге болады, яғни бала жануарды білдіретін сөзді естігенде алақанын соғады да, қандай да бір өсімдікті білдіретін сөзді естігенде орнынан тұрады. Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады да, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады. Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізуге болады. Мақсаты:баланың зейінін тексеру
1. Сабақты жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар екі жұбын, бірнеше бітпеген суреттер немесе қисынсыз мазмұнды суреттер, бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет. 2. Бірінші тапсырмада балаға берілген жұп суреттерде барлық айырмашылықтарды атау ұсынылады. 3. Екінші тапсырмада балаға бірінен соң бірін бітпеген суреттерді көрсетеді де, не салынбай қалғанын сұрайды немесе қисынсыз мазмұнды суреттерді таңдап алып, сәйкессіздікті табуды сұрайды. 4. Үшінші тапсырмада бірінші бөлігінің боялғанындай суреттің екінші бөлігіне бояуы керек. Барлық үш тапсырма бойынша нәтижелік бағаланады – дұрыс аталған айырмашылықтар саны, аталған жетімсіз бөлшектер және қисынсыздықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны.
45 Диалогтық сөйлеу тілін тексеру әдістемелері
Алдымен бала ауызекі сөйлеу тілінде жалғаулықтарды қалай
пайдаланатынын тексеру керек. Баланың жалғаулықтарды дұрыс пайдалана
алатындығын тексеру үшін осыған лайық бірқатар тапсырмаларды
қолдануға болады. Бала орындалатын қимыл-әрекеттері бойынша немесе
бейнелі сурет бойынша сөйлем құрастыруды немесе берілген
мазмұндаманың түсіп қалған жалғаулықтарын орындарына қоюды өз
бетінше орындайды. Мектеп жасына дейінгі балаға: "Үйде кімдер бар?" -
Апам мен көкем және ағам бар. Сен таңертең қандай тамақ ішесің?
—
Мен
таңертең май жағып нан жеймін және шекер салып шәй ішемін.
Бұдан гөрі ересектеу балаларға: бірақ, өйткені, әрі, сондықтан, сонда да
деген сияқты күрделірек жалғулықтарды беріп, оларды сөйлеу тілінде қалай
пайдаланатынын тексереді. Осыған орай арнайы іріктеліп алынған бейнелі
суреттер бойынша сөйлем құрастыруды ұсынады.
Сөйлем құрастыру үшін арнайы іріктеліп алынған бейнелі суреттер
беруге болады.
Жалғаулықтары түсіп қалған сөйлемдерді байланыстыру тәсілдерін де
қолдануға болады. Мысалы: жиналыс бітті... халық тараған жоқ. Су өте
суық болды, ... біз тоңып қалдық. Шәй іштік, ... шөлдеп қалыппыз.
Керекті жалғаулық мүлде жок, болып қалуы мүмкін немесе бала оны
басқа жалғаулықтардың арасынан іздеп тауып алуға тура келеді. Мысалы:
жұмыстан кешігіп қалдым ... автобус болмай қалды. /Сондыктан, сол
себепті, болмаса, себебі, немесе/. Тексеруші баланың жалғаулықтарды және
оларды сөз тіркестерімен бірге қалай қолданатындығына назар аударады.
Бұдан кейін зат есімді әр түрлі септеулерде қолданылуын тексеру керек.
Балаға бейнелі суретті көрсетіп отырып сұрақтар қояды. Мысалы: Сен
кітапты кімге бермексің? /Сараға/. Сіз қайда тұрасыз? /Ауылда/. Сендер
қайдан келдіңдер? /Таудан/. Сен киноға кіммен бардың? /Апаммен/. Мынау
кімнің үйі? /Менің үйім/.
Сонымен бірге сан есімдерге байланысты септеулердің де қол-данылуын тексереді. Балаға сан есімдерге іріктеліп алынған бейнелі
суреттер бойынша сөйлем құрастыруды ұсынады. Мысалы: Оқушы дүкеннен
жеті дәптер сатып алды. Мен сағат тоғызда жатамын. Сабақ сегізден өткенде
басталады.
Зат есімнің жекеше түрінен көпшесінің, көпше түрінен жекешесінің
жасалу жолдарын қалай қолданатынын тексереді. Мысалға: ешкі, бала,
көздер, торғай, ит, қаз, және т.б. сөздерді алуға болады.
